Загрузка...
Научный журнал "Вестник Актюбинского регионального университета имени К Жубанова"
ISSN
2312-475X
3079-0883
1 результаты
Показано: 1 - 1 из 1
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА МӘТІНДІК ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ(2025-05-14); Бұл зерттеуде болашақ математика мұғалімдерінің мәтіндік есептерді шешу құзыреттілігін қалыптастырудың мәселелері жан-жақты қарастырылады. Оқыту барысында студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, оларды тәжірибеде қолдану мүмкіндігін де меңгерулері керек. Сондықтан зерттеуде математикалық модельдеу, логикалық ойлау, аналитикалық қабілеттер және тағы басқа да дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Студенттердің мәтіндік есептерді шешу барысында кездесетін негізгі қиындықтары анықталады. Сонымен қоса, студенттер үшін қиындық тудырған тақырыптар талданады. Зерттеу барысында эксперимент жасалды. Эксперимент үш кезеңнен тұрды: бастапқы тестілеу, арнайы әдістемелік сабақтар және қорытынды тестілеу. Эксперимент кезінде студенттерге бірнеше арнайы әдістемелік сабақтар өткізілді. Алғашқы тест нәтижелері болашақ мұғалімдердің қажеттіліктерін айқындап берді. Арнайы сабақтар барысында аталмыш қажеттіліктер, қиындықтар ескерілді. Сабақтарда дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері қолданылды. Сонымен қатар визуалды құралдар, топтық жұмыс, проблемалық оқыту әдістері де тыс қалмады. Қорытынды тест нәтижелері студенттердің есептерді шешу дағдыларының айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Эксперимент соңында студенттерден сауалнама алынып, олардың сабақ жайлы ойлары сұралды. Орын алған тәжірибелік зерттеу болашақ мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға шақырады.
