Загрузка...
Habaršy. Fizika-matematikalyķ ġylymdary seriâsy
ISSN
1728-7901
2959-5886
2959-5894
4 результаты
Показано: 1 - 4 из 4
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ПРОГРЕССИЯ КАК ОСНОВА КИНЕМАТИЧЕСКИХ И ДИНАМИЧЕСКИХ ТЕОРИЙ(2024-01-24) ;Б.Ә. Камал; T. DIKAMBAIМақалада дененің механикалық қозғалыстарының кинематикалық және динамикалық теорияларының құрылымдық мазмұны арифметикалық прогрессия немесе сызықтық функция заңдылығы бойынша бірқалыпты өзгеретін механикалық шамалардың осы өзгерістерді іске асыратын шамалармен байланыстарына негізделетіні жүйеленіп көрсетілген. Бұл байланыстар прогрессия формуласы менөзгеруші шамалардың уақытқа тәуелділік графиктері арқылы іске асырылады және сызықтық тәуелділіктің көлбеулік бұрышы арқылы бағаланады. Кинематикалық теорияда дене координаталарының бірқалыпты өзгеру заңдылығы және оның бұзылу жағдайлары сызықтық және параболалық заңдылықтар арқылы сипатталса, динамикалық теорияда координаталардың өзгеру жылдамдығының, орын ауыстырулардың, импульстің, кинетикалық энергияның және сыртқы әсерлердіңатқаратын жұмыстарының бірқалыпты өзгерістері арифметикалық прогрессия заңдылықтары тұрғысынан қарастырылған. Дененің сыртқы әсерлерден алатын үдеуі, сыртқы әсерлер, әсердіңқуаты, әсерлердің орташа қуаты секілді механикалық шамалар прогрессия жылдамдығының қызметінатқаратыны көрсетілген. В статье показано, что структурное содержание кинематических и динамических теорий механических движений, основывается на связях между равномерно изменяющихся механическихвеличин по арифметической прогрессий или по закону линейной функций и величинами, которые ответсвенные за эти изменения. Эти связи осуществляются через формулы прогрессий и по графикам зависимости изменяющихся величин от времени и оцениваются через угол наклона линейных зависимостей. Если в кинематической теорий закон равномерного изменения координат тела и его нарушение описываются линейными и параболическими законами, то в динамической теорий равномерное изменение скоростьи, перемещений, импульса, кинетической энергии и работ внешних сил рассматриваются с точки зрения закона арифметической прогрессий. Механические величины как ускорение получемое телом от внешних сил, внешние действия, мощность действий, средняя мощность действий представлено в роли скорости прогрессий. This article shows that the structural content of kinematic and dynamic theories of mechanical movements is based on the relationships betweenuniformly varying mechanical quantities according to arithmetic progressions or according to the law of linear functions and the quantities that are responsible for these changes. These relationships are carried out through progression formulas and graphsof the dependence of varying quantities on time and are estimated through the angle of inclination of linear dependencies. If in kinematic theories the law of uniform change of body coordinates and its violation are described by linear and parabolic laws,then in dynamic theories the uniform change of velocities, displacements, momentum, kinetic energy and the work of external forces are considered from the point of view of the law of arithmetic progressions. Mechanical quantities such as the acceleration received by the body from external forces, external actions, the power of actions, the average power of actions is represented as the speed of progressions. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, КВАНТТЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ(2024-06-01); ; Мақалада жарықтың толқындық және бөлшектік қасиеттеріне жауапты параметрлердің (физикалық шамалардың) мағыналары мен рөлі кеңінен баяндалып, олардың арасындағы байланыстар жүйеленіп көрсетілген. Есептеулерді жүргізу ыңғайлы болу үшін және формулаларды ықшамдап жазу мақсатында қосымша тұрақтылар енгізілген. Электромагниттік сәулелер мен олардың фотондары үшін бөлшектік және толқындық параметрлердің сандық мәндері есептеліп, параметрлер арасындағы байланыстар енгізілген жаңа тұрақтылар арқылы жазылыпкөрсетілген. Жарыққа бөлшектік-толқындық принциптің классикалық үлгісі тұрғысынан қарай отырып оған классикалық электромагниттік толқындар түрінде тарайтын фотондар ағыны деп баға берілген. Толқындық және бөлшектік қасиеттердің бір-бірін толықтыратынының дәлелі ретінде фотонның бөлшектік қасиетіне сәйкес келетін шама оның толқындық қасиетін көрсететін шама арқылы анықталатын тұстары көрсетілген. Жарық табиғатының екі жақтылық қасиеттерінің қалыптасу, бәсекелестік және теория ретінде өмір сүру кезеңдері туралы да айтылған. Кванттық механикалық жүйелердің корпускулалық және толқындық концепциясы арқылы микробөлшектер әлеміндегі құбылыстардың идеялық мазмұны айқындала түседі. Ол кванттық және толқындық қасиетке жауапты параметрлерінің Планк тұрақтысы арқылы байланысқан қатынастар арқылы іске асырылады. Бұлардың ішіндегі басты шама энергия мен жиілік арасындағы байланыс.Цитирования (OpenAlex) 1Цитирования (OpenCitations) 1 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, КВАНТТЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ҮШІН ҮЗІЛІССІЗДІК ТЕҢДЕУІ(2025-06-01); ; ; ;К. К. ЖантлеуовМ.М. MyrzatayМақала механикалық жүйелердің динамикасын, микробөлшектердің кванттық күйлерін сипаттайтын классикалық және кванттық теңдеулердің арасындағы өзара байланыстарға арналған. Релятивистік емес кванттық механикадағы ықтималдылық тығыздығының сақталуы үзіліссіздік теңдеуіне алып келетінін ескеріп осы теңдеуді кванттық теорияның негізі болып табылатын Шредингер теңдеуінен шығарып алуға болатындығы көрсетілген. Сонымен бірге, үзіліссіздік теңдеуін аналитикалық механиканың негізгі теңдеуі саналатын Гамильтон‒Якоби теңдеуінен де алыну жолы ұсынылған. Шредингер теңдеуінің классикалық үлгісі (шегі) Гамильтон‒Якоби теңдеуі екендігінің дәлелі ретінде осы теңдеу мен үзіліссіздік теңдеуін Шредингер теңдеуінен шығарып алу жолдары да келтірілген. Бұл мәселені Планк тұрақтысын өте азшама деп есептей отырып та іске асыруға болады (квазиклассикалық жуықтау), алайда осы мақалада кванттық теңдеуден классикалық теңдеулерге өту әсерлік функцияның дәрежелік қатарға жіктелуі арқылы жасалды. Есептеулер кезінде қатардың тек бірінші дәрежелі мүшелеріғана ескерілді (бірінші реттік жуықтау). Аталған шектеулер бойынша бірдей нәтижеге қол жеткізгенмен, екінші жуықтау ықтималдылық пен бөлшектер санының сақталу заңын үйлесімді (бірізді) сипатта қарастыруға мүмкіндік береді. Бөлшектер санының сақталуы мен ықтималдылықтың өзгермеуі арасындағы идеялық ұқсастыққа теңдеуді интегралдау арқылы көз жеткізуге болады. Мақалада қарастырылған теңдеулер кәдуілгі және дербес туындылы дифференциялдық теңдеулердің дәрежелері бойынша және сипаты жағынан сызықты, сызықтыемес қасиеттермен ерекшеленетіні ескерілді. Гамильтон‒Якоби теңдеуі арқылы классикалық механикадағы кез‒елген есепті шешуге болатындығы және Шредингер теңдеуінің квазиклассикалық жуықтаудағы рөлі айқындалған. Мақаланың кіріспе бөлімінде осы жағдайлар туралы қысқаша түрде мәліметтер келтірілген және алынған нәтижелерге талдаулар мен қорытынды жасалған. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МАТЕМАТИЧЕСКОЕ ОБОСНОВАНИЕ РАВНОМЕРНОГО И НЕРАВНОМЕРНОГО ДВИЖЕНИИ ТЕЛА(2024-05-26); ; ;Б.Ә. КамалМақалада дененіңбірқалыпты түзу сызықты қозғалысын дене координаталарының өспелі немесе кемімелі арифметикалық прогрессиясы деп, ал осы қозғалыстың бірқалыпсыз (үдемелі) сипатқаауысуы прогрессияның бұзылуы (ауытқуы) деп қарастырылған. Координаталардың уақыт бойынша өзгерістерібірқалыпты сипаттан ауытқыған кезде прогрессия жылдамдығы мен дененің секунд сайынға орын ауыстырулары өспелі немесе кемімелі прогрессияға түсетіні көрсетілген. Дене координаталарының сызықтық заңдылықпен өзгеру шарттарына арналған Ньютонның бірінші заңы мен координаталардың параболалық заңдылықпен өзгеруін қарастыратын Ньютонның екінші заңының математикалық тұтастығы айқындалған. Механикалық шамалардың (координатаның, жылдамдықтың, орын ауыстырулардың) уақыт бойынша өзгерістерін (қозғалыс теңдеулерін) сызықтық және сызықтық емес функциялар ретінде қарау, осы шамаларды графикалық және физикалық тұрғыда бағалау арқылы бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстардың математикалық (теориялық) негіздемесі берілген. В статье равномерное прямолинейное движение рассматривается как растущая или убывающая арифметическая прогрессия координат тела, а его изменение на неравномерное (ускоренное) движение как нарушение (отклонение) прогрессии. Так же показано, что когда изменения координат по времени отклоняется от равномерного механического состояния, то скорость прогрессии и перемещения тела в каждую секундуизменяютсяпо закону растущей или убывающей прогрессией.Определена математическая целостность первого закона Ньютона, описывающий изменения координат тела по линейному закону и второго закона Ньютона, рассматривающий изменение координат по закону параболы. Представлено математическое (теоретическое) обоснованиеравномерного и неравномерного движения, где изменения механических величин (координат, скорости, перемещений) по времени рассматриваются как линейные и нелинейные функций, в то же время оценивающееэтих величин графический и физический. In this article, uniform rectilinear motion is considered as an increasing or decreasing mathematical progression of the coordinates of the body, and its change to an uneven (accelerated) movement as a violation (deviation) of the progression. It is also shown that when the time coordinate changes deviate from a uniform Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, No1(85), 202481position, the rate of progression and movement of the body in each second become a growing or decreasing progression. The mathematical integrity of the first Newton's law is determined, which is intended to consider changes in the coordinates of the body according to the linear law and the second Newton's law, which considers the change of coordinates according to the law of the parabola. The mathematical justification (theoretical) of uniform and uneven motion is given by graphical and physical representation of these quantities, considering changes in mechanical quantities (coordinates, velocities, displacements) over time as linear and nonlinear functions.Цитирования (OpenAlex) 1Цитирования (OpenCitations) 1
