Показано: 1 - 3 из 3
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    КВАНТТЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
    Мақалада жарықтың толқындық және бөлшектік қасиеттеріне жауапты параметрлердің (физикалық шамалардың) мағыналары мен рөлі кеңінен баяндалып, олардың арасындағы байланыстар жүйеленіп көрсетілген. Есептеулерді жүргізу ыңғайлы болу үшін және формулаларды ықшамдап жазу мақсатында қосымша тұрақтылар енгізілген. Электромагниттік сәулелер мен олардың фотондары үшін бөлшектік және толқындық параметрлердің сандық мәндері есептеліп, параметрлер арасындағы байланыстар енгізілген жаңа тұрақтылар арқылы жазылыпкөрсетілген. Жарыққа бөлшектік-толқындық принциптің классикалық үлгісі тұрғысынан қарай отырып оған классикалық электромагниттік толқындар түрінде тарайтын фотондар ағыны деп баға берілген. Толқындық және бөлшектік қасиеттердің бір-бірін толықтыратынының дәлелі ретінде фотонның бөлшектік қасиетіне сәйкес келетін шама оның толқындық қасиетін көрсететін шама арқылы анықталатын тұстары көрсетілген. Жарық табиғатының екі жақтылық қасиеттерінің қалыптасу, бәсекелестік және теория ретінде өмір сүру кезеңдері туралы да айтылған. Кванттық механикалық жүйелердің корпускулалық және толқындық концепциясы арқылы микробөлшектер әлеміндегі құбылыстардың идеялық мазмұны айқындала түседі. Ол кванттық және толқындық қасиетке жауапты параметрлерінің Планк тұрақтысы арқылы байланысқан қатынастар арқылы іске асырылады. Бұлардың ішіндегі басты шама энергия мен жиілік арасындағы байланыс.
    Цитирования (OpenAlex) 1Цитирования (OpenCitations) 1
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    КВАНТТЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ҮШІН ҮЗІЛІССІЗДІК ТЕҢДЕУІ
    (2025-06-01) ; ; ;
    К. К. Жантлеуов
    ;
    М.М. Myrzatay
    Мақала механикалық жүйелердің динамикасын, микробөлшектердің кванттық күйлерін сипаттайтын классикалық және кванттық теңдеулердің арасындағы өзара байланыстарға арналған. Релятивистік емес кванттық механикадағы ықтималдылық тығыздығының сақталуы үзіліссіздік теңдеуіне алып келетінін ескеріп осы теңдеуді кванттық теорияның негізі болып табылатын Шредингер теңдеуінен шығарып алуға болатындығы көрсетілген. Сонымен бірге, үзіліссіздік теңдеуін аналитикалық механиканың негізгі теңдеуі саналатын Гамильтон‒Якоби теңдеуінен де алыну жолы ұсынылған. Шредингер теңдеуінің классикалық үлгісі (шегі) Гамильтон‒Якоби теңдеуі екендігінің дәлелі ретінде осы теңдеу мен үзіліссіздік теңдеуін Шредингер теңдеуінен шығарып алу жолдары да келтірілген. Бұл мәселені Планк тұрақтысын өте азшама деп есептей отырып та іске асыруға болады (квазиклассикалық жуықтау), алайда осы мақалада кванттық теңдеуден классикалық теңдеулерге өту әсерлік функцияның дәрежелік қатарға жіктелуі арқылы жасалды. Есептеулер кезінде қатардың тек бірінші дәрежелі мүшелеріғана ескерілді (бірінші реттік жуықтау). Аталған шектеулер бойынша бірдей нәтижеге қол жеткізгенмен, екінші жуықтау ықтималдылық пен бөлшектер санының сақталу заңын үйлесімді (бірізді) сипатта қарастыруға мүмкіндік береді. Бөлшектер санының сақталуы мен ықтималдылықтың өзгермеуі арасындағы идеялық ұқсастыққа теңдеуді интегралдау арқылы көз жеткізуге болады. Мақалада қарастырылған теңдеулер кәдуілгі және дербес туындылы дифференциялдық теңдеулердің дәрежелері бойынша және сипаты жағынан сызықты, сызықтыемес қасиеттермен ерекшеленетіні ескерілді. Гамильтон‒Якоби теңдеуі арқылы классикалық механикадағы кез‒елген есепті шешуге болатындығы және Шредингер теңдеуінің квазиклассикалық жуықтаудағы рөлі айқындалған. Мақаланың кіріспе бөлімінде осы жағдайлар туралы қысқаша түрде мәліметтер келтірілген және алынған нәтижелерге талдаулар мен қорытынды жасалған.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    МАТЕМАТИЧЕСКОЕ ОБОСНОВАНИЕ РАВНОМЕРНОГО И НЕРАВНОМЕРНОГО ДВИЖЕНИИ ТЕЛА
    Мақалада дененіңбірқалыпты түзу сызықты қозғалысын дене координаталарының өспелі немесе кемімелі арифметикалық прогрессиясы деп, ал осы қозғалыстың бірқалыпсыз (үдемелі) сипатқаауысуы прогрессияның бұзылуы (ауытқуы) деп қарастырылған. Координаталардың уақыт бойынша өзгерістерібірқалыпты сипаттан ауытқыған кезде прогрессия жылдамдығы мен дененің секунд сайынға орын ауыстырулары өспелі немесе кемімелі прогрессияға түсетіні көрсетілген. Дене координаталарының сызықтық заңдылықпен өзгеру шарттарына арналған Ньютонның бірінші заңы мен координаталардың параболалық заңдылықпен өзгеруін қарастыратын Ньютонның екінші заңының математикалық тұтастығы айқындалған. Механикалық шамалардың (координатаның, жылдамдықтың, орын ауыстырулардың) уақыт бойынша өзгерістерін (қозғалыс теңдеулерін) сызықтық және сызықтық емес функциялар ретінде қарау, осы шамаларды графикалық және физикалық тұрғыда бағалау арқылы бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстардың математикалық (теориялық) негіздемесі берілген. В статье равномерное прямолинейное движение рассматривается как растущая или убывающая арифметическая прогрессия координат тела, а его изменение на неравномерное (ускоренное) движение как нарушение (отклонение) прогрессии. Так же показано, что когда изменения координат по времени отклоняется от равномерного механического состояния, то скорость прогрессии и перемещения тела в каждую секундуизменяютсяпо закону растущей или убывающей прогрессией.Определена математическая целостность первого закона Ньютона, описывающий изменения координат тела по линейному закону и второго закона Ньютона, рассматривающий изменение координат по закону параболы. Представлено математическое (теоретическое) обоснованиеравномерного и неравномерного движения, где изменения механических величин (координат, скорости, перемещений) по времени рассматриваются как линейные и нелинейные функций, в то же время оценивающееэтих величин графический и физический. In this article, uniform rectilinear motion is considered as an increasing or decreasing mathematical progression of the coordinates of the body, and its change to an uneven (accelerated) movement as a violation (deviation) of the progression. It is also shown that when the time coordinate changes deviate from a uniform Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, No1(85), 202481position, the rate of progression and movement of the body in each second become a growing or decreasing progression. The mathematical integrity of the first Newton's law is determined, which is intended to consider changes in the coordinates of the body according to the linear law and the second Newton's law, which considers the change of coordinates according to the law of the parabola. The mathematical justification (theoretical) of uniform and uneven motion is given by graphical and physical representation of these quantities, considering changes in mechanical quantities (coordinates, velocities, displacements) over time as linear and nonlinear functions.
    Цитирования (OpenAlex) 1Цитирования (OpenCitations) 1