Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/1
Просмотр
3 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ОРТА МЕКТЕПТЕ ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫОҚЫТУ ЖОЛДАРЫБұл мақалада орта мектепте фантастикалық шығармаларды оқытудың әдістемесі қарастырылады. Ұлттық әдебиетте негізі ауыз әдебиеті үлгілерінде мол кездескенімен, жанрлық түр ретінде ХХ ғасырда ғана қалыптасып, дамыған фантастикалық әдебиет мектеп бағдарламасына да кешігіп енді. Ең алдымен оқушылардың жас ерекшелігі мен таным деңгейін ескеру орынды. Оқуға жеңіл, оқиғасы қызық, іс-әрекеттер шұғыл, шешімдер күрт өзгеретін табиғаты өзгеше фантастикалық шығарма баланың қиялын дамытып, өзі күнделікті көріп жүрген қоршаған орта, өмір шындығынан бөлек, аса жоғары эмоционалдық күйге түсіретін болғандықтан да бағалы. Орта мектепте фантастикалық шығармаларды оқытудың ұлттық деңгейдегі тәжірибесі аз болғанымен, әлемдік білім беру жүйесіндегі үздік тәжірибе, әдістер назар аударарлық. Алайда бұл жанрдағы шығармаларды оқытуда ұлттық таным мен халықтың көнеден келе жатқан сенім әлемінің ерекшеліктерін ескеру керектігі маңызды - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУӘДІСІ - СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҚҰРАЛЫБұл мақалада жоғары оқу орындарында әдебиетсабағында студенттерді оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін іздестіру, заманауи технологияларын қолдану мәселесіқозғалады. Қазіргіпедагогика ғылымының әдіснамалық саласында әңгімелерді оқыту әдістемесіне үлес қосу, қазақәдебиеті шығармаларын жоғары оқу орнында оқытудың мәселелерін қарастыру және әдебиеттіоқытудағы проблемалық оқыту әдісінің тиімділігін көрсетукөзделеді. Зерттеудің мақсаты – әдебиет сабақтарында проблемалық оқытуды қолдану мүмкіндіктерін анықтау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – зерттеуде алынған нәтижелер қазақәдебиеті шығармаларын проблемалық оқыту әдісіне байланысты тұжырымдамаларды толықтырады.Мақаланың практикалық мәні – бұл зерттеулерді жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті шығармаларын оқыту тәжірибесінде қолдануға болады. Мақаладапроблемалық оқыту және оқытуда проблемалық жағдаяттарды құру бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттер зерттеліп, талданды; студенттің дамуына ықпал ететін проблемалық жағдаяттарды құрудың ең тиімді жолдары мен әдістері іздестірілді.Бұл тақырыпты ашу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: бақылау, сауалнамажәнеэксперименттікоқыту. Қазақәдебиеті пәні бойынша50 болашақ мұғалім-респонденттеріпроблемалық оқытуды қаншалықты жиі қолданатынын, білім алушыға сабақ беру барысындаәртүрліәдістерді қолдана отырып, анонимді онлайн сауалнама жүргізу арқылы зерттеуге қатысты.Педагогикалық университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру барысында білім алушылардың қызығушылығын арттыру үшін көркем мәтінді түсіну үшін сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру өте маңызды.Мақаланың практикалық маңыздылығы ретінде теориялық және практикалық материалдардың қолданылуын, білім алушылардың тақырып бойынша семинарларға дайындала алуын, оқытушылардың әдебиет сабақтарында қолдана алуын айта аламыз.Зерттеу проблемалық оқыту заманауи оқыту стратегиясы ретінде студенттердің әдебиет сабағында танымдық әрекетін белсендіруге мүмкіндік беретінін көрсетті. Бұл студенттерді мәселеге танымдық көзқарасы бар тұрғыдан қарайтын субъект позициясына қояды, сонымен бірге олардың шығармашылық дағдыларынжәне мәтінді түсінуге сыни көзқараспен қарау дағдысындамытады.Цитирования (OpenAlex) 1 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУГЕ STEM ТӘСІЛДЕРДІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІН ҚАЗАҚСТАН, ҚЫТАЙ, ЖАПОН ЖАҒДАЙЫНДА ЗЕРТТЕУ(2025-06-01) ;Қазақұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан; ;Е.З. Уксикбаев ;ҚожаАхмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., ҚазақстанAnuarbek AmanovҚазіргі заманауи білім беру жүйесінде STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) тәсілдерін интеграциялау –ақпараттық технологиялар саласындағы білім мен дағдыларды жетілдірудің маңызды құралы болып табылады. Бұл зерттеу Қазақстан, Қытай және Жапонияның орта мектептерінде информатика пәнін оқыту тәжірибесін салыстыра отырып, STEM тәсілдерін енгізудің қажеттілігін талдайды. Зерттеудің мақсаты –аталған үш елдің білім беру жүйелеріндегі информатика пәнін оқытудың ерекшеліктерін анықтап, STEM әдістемелерінің тиімділігін бағалау және оларды оқыту үрдісіне енгізудің оңтайлы жолдарын ұсыну. Зерттеу барысында сапалық және сандық әдістер қолданылып, нормативтік құжаттар, оқу бағдарламалары, мұғалімдер мен оқушылардың тәжірибелері сарапталады. Алынған нәтижелер Қазақстандағы информатика пәнін оқытуды жетілдіру үшін STEM тәсілдерін енгізудің маңыздылығын дәлелдеуге, сондай-ақ Қытай мен Жапонияның озық тәжірибелерін бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл зерттеу STEM бағыттарын мектеп информатикасына интеграциялау арқылы оқушылардың алгоритмдік ойлауын, шығармашылық қабілеттерін және техникалық сауаттылығын арттыруға ықпал ететінін көрсетеді.
