Загрузка...
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУГЕ STEM ТӘСІЛДЕРДІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІН ҚАЗАҚСТАН, ҚЫТАЙ, ЖАПОН ЖАҒДАЙЫНДА ЗЕРТТЕУ
Автор(ы)
Қазақұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Е.З. Уксикбаев
ҚожаАхмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан
Anuarbek Amanov
ҚожаАхмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан
Дата публикации
1 июня 2025 г.
Тип
journal article
Аннотация
Қазіргі заманауи білім беру жүйесінде STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) тәсілдерін интеграциялау –ақпараттық технологиялар саласындағы білім мен дағдыларды жетілдірудің маңызды құралы болып табылады. Бұл зерттеу Қазақстан, Қытай және Жапонияның орта мектептерінде информатика пәнін оқыту тәжірибесін салыстыра отырып, STEM тәсілдерін енгізудің қажеттілігін талдайды. Зерттеудің мақсаты –аталған үш елдің білім беру жүйелеріндегі информатика пәнін оқытудың ерекшеліктерін анықтап, STEM әдістемелерінің тиімділігін бағалау және оларды оқыту үрдісіне енгізудің оңтайлы жолдарын ұсыну. Зерттеу барысында сапалық және сандық әдістер қолданылып, нормативтік құжаттар, оқу бағдарламалары, мұғалімдер мен оқушылардың тәжірибелері сарапталады. Алынған нәтижелер Қазақстандағы информатика пәнін оқытуды жетілдіру үшін STEM тәсілдерін енгізудің маңыздылығын дәлелдеуге, сондай-ақ Қытай мен Жапонияның озық тәжірибелерін бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл зерттеу STEM бағыттарын мектеп информатикасына интеграциялау арқылы оқушылардың алгоритмдік ойлауын, шығармашылық қабілеттерін және техникалық сауаттылығын арттыруға ықпал ететінін көрсетеді.
Области науки (FoS)
