Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
2 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Z ұрпақ студенттерінің лидерлік туралы когнитивтік моделі: колледж жағдайындағы сандық зерттеуМақалада Z ұрпаққа жататын 2007–2008 ж.т. колледж студенттерінің лидерлік туралы когнитивтік түсініктері зерттеледі. Зерттеудің мақсаты - студенттердің лидерлік феноменіне қатысты когнитивтік моделін анықтау және оны заманауи көшбасшылық теорияларымен салыстыру. Зерттеу cандық бағыттағы эмпирикалық дизайн негізінде жүргізілді. Эмпирикалық бөлімде сандық бағытта құрылымдалған педагогикалық бақылау әдісі (Cohen et al., 2018; Creswell & Creswell, 2018) қолданылып, 48 студенттің лидерлік мінез-құлық индикаторлары (бастамашылдық, коммуникативтік белсенділік, топтық үйлестіру, шешім қабылдау жауапкершілігі, эмпатиялық қолдау) 4 балдық шкала бойынша бағаланды. Зерттеу нәтижелері студенттердің лидерлік түсінігінде эмпатия (83%), коммуникативтік белсенділік (76%) және топтық үйлестіру (71%) көрсеткіштері басым екенін көрсетті. Студенттер лидерлікті үйлестіру және қолдау арқылы жүзеге асыруға бейім екенін көрсетеді. Қорытындысында, Z ұрпақ студенттерінің лидерлік когнитивтік моделі трансформациялық көшбасшылық және әлеуметтік-жауапты лидерлік теорияларына сәйкес келетіні анықталды. Зерттеу нәтижелері білім беру процесінде лидерлік әлеуетті дамытуда командалық жұмыс, эмоционалдық интеллект және әлеуметтік белсенділікке бағытталған тәсілдердің маңыздылығын көрсетті. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ» ҰҒЫМЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ(2026-07-01) ;Г.К. Мырзабекова ;İlkay Ulutaş ;Г.П. МейрбековаМақалада қазіргі кездегі мектепке дейінгі ұйым басшыларынан күтілетін басшылық құзыреттіліктердің негізгі компоненті көшбасшылық дағдылары екендігіне тоқталып, осыған байланысты ғылыми әдебиеттерді зерттеу арқылы көшбасшылық және көшбасшылық құзыреттілік теорияларының тарихи эволюциясына талдау жасай отырып, басшының кәсіби-тұлғалық қасиеттері мен басқарушылық дағдыларының өзара байланысын негіздейді. Авторлар ғылыми-педагогикалық, психологиялық және арнайы әдебиеттерді зерделей отырып, «көшбасшылық құзы реттілік» ұғымының мәнін мектепке дейінгі ұйымдармен байланыстыра түсіндіріп, басшы-көшбасшыны барлық өзгерістердің маңызды стратегиялық ресурсы ретінде сипаттайды. Ол инновацияларды тудыруға және қабылдауға қабілетті, белсенділік пен шығармашылық танытуғадайын тұлға болып табылады. Зерттеу нәтижесінде көшбасшылық құзыреттіліктің тұлғалық, кәсіби және ұйымдық деңгейлерді біріктіретін үш сатылы иерархиялық моделі ұсынылған. Мақалада бұл модельдің алты негізгі компоненті егжей-тегжейлі сипатталған. Зерттеумақсатына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының көшбасшылық құзыреттілігінің мазмұнын анықтауға арналған түрлі көзқарастар мен ұстанымдар сараланды.
