Загрузка...
Z ұрпақ студенттерінің лидерлік туралы когнитивтік моделі: колледж жағдайындағы сандық зерттеу
Автор(ы)
Дата публикации
6 апреля 2026 г.
Тип
journal article
Издатель
European Organization for Nuclear Research
Журнал
Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research)
Аннотация
Мақалада Z ұрпаққа жататын 2007–2008 ж.т. колледж студенттерінің лидерлік туралы когнитивтік түсініктері зерттеледі. Зерттеудің мақсаты - студенттердің лидерлік феноменіне қатысты когнитивтік моделін анықтау және оны заманауи көшбасшылық теорияларымен салыстыру. Зерттеу cандық бағыттағы эмпирикалық дизайн негізінде жүргізілді. Эмпирикалық бөлімде сандық бағытта құрылымдалған педагогикалық бақылау әдісі (Cohen et al., 2018; Creswell & Creswell, 2018) қолданылып, 48 студенттің лидерлік мінез-құлық индикаторлары (бастамашылдық, коммуникативтік белсенділік, топтық үйлестіру, шешім қабылдау жауапкершілігі, эмпатиялық қолдау) 4 балдық шкала бойынша бағаланды. Зерттеу нәтижелері студенттердің лидерлік түсінігінде эмпатия (83%), коммуникативтік белсенділік (76%) және топтық үйлестіру (71%) көрсеткіштері басым екенін көрсетті. Студенттер лидерлікті үйлестіру және қолдау арқылы жүзеге асыруға бейім екенін көрсетеді. Қорытындысында, Z ұрпақ студенттерінің лидерлік когнитивтік моделі трансформациялық көшбасшылық және әлеуметтік-жауапты лидерлік теорияларына сәйкес келетіні анықталды. Зерттеу нәтижелері білім беру процесінде лидерлік әлеуетті дамытуда командалық жұмыс, эмоционалдық интеллект және әлеуметтік белсенділікке бағытталған тәсілдердің маңыздылығын көрсетті.
Области науки (FoS)
