Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
4 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ОСОБЕННОСТИ ПРИМЕНЕНИЯ ЦИФРОВОГО ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО РЕСУРСА В ОБУЧЕНИИ СТУДЕНТОВҚоғам дамуының қазіргі кезеңінде білім беру технологияларын дамыту мен қолдану ерекше маңызға ие болуда, бұл, біздің ойымызша, қазіргі білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды факторы болып табылады. Мақалада сандық білім беру үдерісіне білім беру ресурстарын оқу үдерісіне қолдану жөніндегі мәселелер қарастырылады. Мақаланың мақсаты, студенттердің сандық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталады. Сандық білім беру ресурстары оқу үдерісін жақсартуды ұйымдастыру, тұлғаға бағытталған оқыту; сандық білім беру ресурстары оқытушы мен студенттердің сабақтан қалған уақыттағы олқылықтарды жоюға; сабақтан кейін өзіндік іздену нәтижелерін жақсартуға; студенттің ізденуіне үлкен мүмкіндік береді. Сандық білім беру ресурстарының жиынтықтары студентке ақпараттың үлкен ағымын жеткізеді. Оқу үрдісінде сандық білім беру ресурстарын қолдану – бұл оқу процесін жетілдіруге, оңтайлан- дыруға, студенттердің пәнге оқуға деген қызығушылығын арттыруға, дамыта оқыту идеяларын жүзеге асыруға, сабақтың қарқынын, өзіндік жұмыс көлемін арттыруға мүмкіндік беретін тәсілдердің бірін ұсыну әрекеті болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, авторлар мақалада сандық білім беру ресурстарының үштұғырлы дидактикалық қызметін: сандық білім беру ресурстарын пайдалана отырып оқыту, дамыту, тәрбиелеуге назар аударыды. Түйін сөздер: қашықтықтан оқыту, сандық, білім беру ресурстары, электрондық білім беру, контент На современном этапе развития общества особую значимость приобретает развитие и приме- нение цифровых образовательных технологий, что, на наш взгляд, является значимым фактором усовершенствования современной системы образования. Данная статья посвящена вопросу введению цифровых образовательных ресурсов в образовательный процесс. Цель статьи направленная на повышение уровня цифровой грамотности студентов. Цифровые образовательные ресурсы предоставляют огромные возможности преподавателю, обеспечивают мощными средствами, которые разрешают следующие вопросы: улучшение организации учебного процесса, повышение индивидуализации обучения; цифровые образовательные ресурсы предоста- вляют возможность преподователю и студентам для устранения пробелов, возникших из-за пропуска уроков; улучшают результаты самоподготовки после уроков; средство индивидуализации работы самого преподавателя. Комплекты образовательных цифровых ресурсов позволяют довести до обучающегося огромный поток информации. Использование образовательных цифровых ресурсов в учебном процессе – это попытка предложить один из путей, позволяющих интенсифицировать учебный процесс, оптимизировать его, поднять интерес студентов изучению предмета, реализовать идеи развивающего обучения, повысить темп урока, увеличить объём самостоятельной работы. Таким оброзом, авторы уделяет внимание на цифровые средства обучения, которые выполняют триединство дидактических функций: обучение, развитие, воспитание в рамках предметной деятельности с учётом использования средств образовательных цифровых ресурсов. Ключевые слова: дистанционное обучение, цифровое, образовательные ресурсы, электронное обучение, контен At the present stage of the development of society, the development and application of distance education technologies is of particular importance, which, in our opinion, is a significant factor in improving the modern education system. This article is devoted to the introduction of digital educational resources in the educational process. The purpose of the article is aimed at increasing the level of digital literacy of students. Digital educational resources provide great opportunities for the teacher, provide powerful tools that solve the following issues: improving the organization of the educational process, increasing the individualization of learning; digital educational resources provide an opportunity for the teacher and the student to eliminate gaps that have arisen due to skipping lessons; improve the results of self-training after lessons; a means of individualizing the work of the teacher himself. These digital educational resources allow you to bring a huge flow of information to the student. The use of digital educational resources in the educational process is an attempt to offer one of the ways to intensify the educational process, optimize it, raise the interest of students in studying the subject, implement the ideas of developing learning, increase the pace of the lesson, increase the amount of independent work. Thus, the authors pay attention to digital learning tools that perform a trinity of didactic functions: teaching, development, education within the framework of subject activities, taking into account the use of digital educational resources. Keywords: distance learning, digital, educational resources, e-learning, content.Цитирования (OpenAlex) 1 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ФИЛОЛОГ-СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІБұл мақалада Қазақстандағы болашақ тіл мен әдебиет мұғалімдерінің лингводидактикалық құзіреттілігін қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану мәселесі зерттеледі. Ғаламдану және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында кәсіби қызметінде АКТ-ны пайдалануға дайын жаңа буын мұғалімдерін қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Зерттеу мақсаты – болашақ тіл мен әдебиет мұғалімдерінің лингводидактикалық құзыреттерін дамытуда АКТ-ны қолдану мүмкіндіктерін зерттеу. Негізгі идеялар АКТ-ны оқу процесіне интеграциялау қажеттілігі және филологиялық пәндерді оқытудың дәстүрлі әдістерін қайта қарауды қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы тіл мен әдебиет мұғалімдерін даярлауда АКТ-ны қолданудың теориялық және әдістемелік негіздерін анықтауда жатыр. Практикалық маңыздылығы АКТ-ны білім беру процесінде тиімді пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеуде көрініс табады. Зерттеу әдістемесі ғалымдардың идеяларын талдау, салыстыру, жүйелеу сияқты теориялық әдістерді және бақылау, сауалнама жүргізу, мұғалімдер мен студенттердің АКТ қолдануын бағалау сияқты эмпирикалық әдістерді қамтиды. Зерттеу жүргізу барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің филология факультетінің 85 студентіне сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижелері АКТ қолдану болашақ тіл мен әдебиет мұғалімдерін даярлау сапасын арттыруға, олардың лингводидактикалық құзыреттерін дамытуға және кәсіби өсуге деген ынтасын жоғарылатуға ықпал ететінін көрсетті. АКТ оқу процесінде маңызды құрал болып табылатыны және материалды жақсы меңгеруге ықпал ететіні анықталды. Зерттеу филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі саласына елеулі үлес қосады, АКТ-ны білім беру процесіне интеграциялау және болашақ мұғалімдерді даярлау тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар ұсынады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУГЕ STEM ТӘСІЛДЕРДІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІН ҚАЗАҚСТАН, ҚЫТАЙ, ЖАПОН ЖАҒДАЙЫНДА ЗЕРТТЕУ(2025-06-01) ;Қазақұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан; ;Е.З. Уксикбаев ;ҚожаАхмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., ҚазақстанAnuarbek AmanovҚазіргі заманауи білім беру жүйесінде STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) тәсілдерін интеграциялау –ақпараттық технологиялар саласындағы білім мен дағдыларды жетілдірудің маңызды құралы болып табылады. Бұл зерттеу Қазақстан, Қытай және Жапонияның орта мектептерінде информатика пәнін оқыту тәжірибесін салыстыра отырып, STEM тәсілдерін енгізудің қажеттілігін талдайды. Зерттеудің мақсаты –аталған үш елдің білім беру жүйелеріндегі информатика пәнін оқытудың ерекшеліктерін анықтап, STEM әдістемелерінің тиімділігін бағалау және оларды оқыту үрдісіне енгізудің оңтайлы жолдарын ұсыну. Зерттеу барысында сапалық және сандық әдістер қолданылып, нормативтік құжаттар, оқу бағдарламалары, мұғалімдер мен оқушылардың тәжірибелері сарапталады. Алынған нәтижелер Қазақстандағы информатика пәнін оқытуды жетілдіру үшін STEM тәсілдерін енгізудің маңыздылығын дәлелдеуге, сондай-ақ Қытай мен Жапонияның озық тәжірибелерін бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл зерттеу STEM бағыттарын мектеп информатикасына интеграциялау арқылы оқушылардың алгоритмдік ойлауын, шығармашылық қабілеттерін және техникалық сауаттылығын арттыруға ықпал ететінін көрсетеді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ЕҢБЕККЕ ОРНАЛАСУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ: AI-САУАТТЫЛЫҚ, АЛГОРИТМДІК ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ МАНСАП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ(2026-07-01) ;Ж.У. АсаубаеваМақалада жасанды интеллекттің жастардың еңбекке орналасу стратегияларына ықпалы постантропоцентризм, цифрлық онтология, task-based еңбек талдауы және мансаптық бейімделу теориялары негізінде қарастырылады. Зерттеу эмпирикалық сауалнама немесе эксперимент нәтижесін ұсынбайды, оның мақсаты –халықаралық ғылыми әдебиеттер мен ресми талдамалық баяндамалар негізінде жастардың еңбек нарығына кіру логикасында байқалып отырған ӛзгерістерді теориялық тұрғыдан жинақтау. Материалдар 1994–2025 жылдар аралығында жарияланған рецензияланған мақалалардан, монографиялардан, OECD, ILO, World Economic Forum есептерінен және Қазақстан Республикасының ресми еңбек нарығы статистикасынан іріктелді. Әдебиеттердіталдау жасанды интеллект жастарға үш негізгі арна арқылы әсер ететінін аңғартады: біріншіден, бастапқы деңгейдегі жұмыс орындарының тапсырмалық құрылымын ӛзгертеді; екіншіден, түйіндеме, онлайн-профиль, портфолио және тест нәтижелері арқылы қалыптасатын алгоритмдік кӛрінімді күшейтеді; үшіншіден, жастардың стратегиясын дипломға ғана сүйенетін ізденістен үздіксіз оқу, AI-сауаттылық, портфолиолық дәлелдеу және дерек этикасын түсіну бағытына бұрады. Қазақстан контекстінде ресми жұмыссыздық кӛрсеткіштері салыстырмалы түрде тұрақты болғанымен, цифрлық делдалдық, аймақтық теңсіздік және сапалы алғашқы жұмыс орындарына қол жеткізу мәселелері сақталып отыр. Мақалада AI жастарды автоматты түрде ығыстыратын күш немесе бәріне бірдей мүмкіндік ашатын құрал ретінде емес, институционалдық реттеуге тәуелді әлеуметтік-техникалық орта ретінде түсіндіріледі. Қорытындыда университеттерге, жұмыс берушілерге және жастар саясаты институттарына арналған саясаттық ұсыныстар беріледі.
