Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
3 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ(2020-09-29); ; Бұл мақалада жобалай оқыту технологиясының негізінде нақты прагматикалық бағытталған нәтижені көздейтін идея бар екендігі туралы, сонымен қатар жобалау әдісінің негізінде студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, ақпараттық кеңістікте дұрыс жол табу, сыни және шығармашылық ой дамыту басты орын алатындығы жайлы кеңінен сөз етіледі. Сонымен қатар мақалада оқыту технологияларының студенттердің білім алуын сапалы етуге үлкен серпін беретін тиімді бір түрі - жобалай оқыту технологиясы деген идея басшылыққа алынғандықтан, осы технологияның ерекшеліктеріне арнайы тоқталуды қажет деп санадық. Білім алушыларигерген материалдан белгілі бір қорытындылар жасау үшін ізденеді, әр түрлі ғылым салаларымен байланыстырады. Бұл үрдіс студенттің интеллектуалдық-кәсіби құзыреттілігін дамытуға, қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Жобалау әдісі студенттің кәсіби құзыреттілігімен қатар әлеуметтік құзыреттілігін де қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл орайда білім алушы өзінің практикалық әрекетінде алдына қойып отырған мәселенің шешімін тауып, оның нәтижесін көруі үшін ізденеді, игерген теориялық білімінің маңызын байқайды, оны есіне түсіреді. Бұл үрдіс адамның әр түрлі жағдаяттарды шешудің әдіс-тәсілін игеруге мүмкіндік жасайды, іскерлік қабілеттерін қалыптастырады. Мақалада бүгінгі таңда кеңінен дамып келе жатқан жобалау әрекетінің мүмкіндіктерін педагогикалық технологиялар тұрғысынан қарастырудың ғылыми негіздемесі мен жобалаудың күтілетін нәтижені алдын ала болжауды және оған қажетті барлық ресурстарды мақсатқа сай ұйымдастыруды қажет ететін ерекшеліктер сипатталған. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МАТЕМАТИКАДАҒЫ МӘНМӘТІНДІК ЕСЕПТЕР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ(2024-06-01); ; Мақалада мектепте математика сабақтарында мәнмәтіндік есептерді шығару оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылып, оның күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі жағдайларға тигізетін әсері туралы баяндалады. Мақаланың өзектілігіматематикалық білімді ғылымның әртүрлі салаларында ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де қарқындықолдану мектеп қабырғасынан бастап оқушылардың функционалды математикалық сауаттылығын қалыптастыру қажеттілігі туралы мәселеге жүгінуді қажет ететіндігімен байланысты. Заманауи білім берудің нәтижесі бұл жеке тұлғаның өз бетімен жаңа және үздіксіз білім алуын қамтамасызететін ақпараттық ағындарды бағдарлау, білімді талдау, қолдану және түрлендіру сынды біліктермен анықталады. Мұның бәрі функционалдық сауаттылық ұғымының мәнін анықтайды. Математикалық сауаттылық оның құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушылар осындай білім беру нәтижелеріне қол жеткізулері үшін математиканың ғылыми мазмұнын, оның ерекшелігін, басқа пәндермен байланысын ашатын мәнмәтіндік есептерді жиі шығарып үйренулері керек. Жалпы оқушыларға мәнмәтіндік есептердің қолданбалы сипаты нақты өмірлік, тұрмыстық жағдайлардың мәселелерін шешуде қолдануларында байқалады. Мақалада мәнмәтіндік есептердің анықтамасына тоқталып, оның деңгейлері мен әдіс-тәсілдері көрсетілген. Зерттеу тақырыбына сай орта мектеп оқушыларынан алынған сауалнама нәтижелері диаграмма арқылы анықталған. Нәтижелерге сүйене отырып мектепте мәнмәтіндік оқытудың оңтайлы және осал тұстары туралы айтылып, оны шешудің жолдары көрсетілген. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУӘДІСІ - СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҚҰРАЛЫБұл мақалада жоғары оқу орындарында әдебиетсабағында студенттерді оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін іздестіру, заманауи технологияларын қолдану мәселесіқозғалады. Қазіргіпедагогика ғылымының әдіснамалық саласында әңгімелерді оқыту әдістемесіне үлес қосу, қазақәдебиеті шығармаларын жоғары оқу орнында оқытудың мәселелерін қарастыру және әдебиеттіоқытудағы проблемалық оқыту әдісінің тиімділігін көрсетукөзделеді. Зерттеудің мақсаты – әдебиет сабақтарында проблемалық оқытуды қолдану мүмкіндіктерін анықтау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – зерттеуде алынған нәтижелер қазақәдебиеті шығармаларын проблемалық оқыту әдісіне байланысты тұжырымдамаларды толықтырады.Мақаланың практикалық мәні – бұл зерттеулерді жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті шығармаларын оқыту тәжірибесінде қолдануға болады. Мақаладапроблемалық оқыту және оқытуда проблемалық жағдаяттарды құру бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттер зерттеліп, талданды; студенттің дамуына ықпал ететін проблемалық жағдаяттарды құрудың ең тиімді жолдары мен әдістері іздестірілді.Бұл тақырыпты ашу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: бақылау, сауалнамажәнеэксперименттікоқыту. Қазақәдебиеті пәні бойынша50 болашақ мұғалім-респонденттеріпроблемалық оқытуды қаншалықты жиі қолданатынын, білім алушыға сабақ беру барысындаәртүрліәдістерді қолдана отырып, анонимді онлайн сауалнама жүргізу арқылы зерттеуге қатысты.Педагогикалық университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру барысында білім алушылардың қызығушылығын арттыру үшін көркем мәтінді түсіну үшін сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру өте маңызды.Мақаланың практикалық маңыздылығы ретінде теориялық және практикалық материалдардың қолданылуын, білім алушылардың тақырып бойынша семинарларға дайындала алуын, оқытушылардың әдебиет сабақтарында қолдана алуын айта аламыз.Зерттеу проблемалық оқыту заманауи оқыту стратегиясы ретінде студенттердің әдебиет сабағында танымдық әрекетін белсендіруге мүмкіндік беретінін көрсетті. Бұл студенттерді мәселеге танымдық көзқарасы бар тұрғыдан қарайтын субъект позициясына қояды, сонымен бірге олардың шығармашылық дағдыларынжәне мәтінді түсінуге сыни көзқараспен қарау дағдысындамытады.Цитирования (OpenAlex) 1
