Загрузка...
БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Дата публикации
29 сентября 2020 г.
Тип
journal article
Том
58
Выпуск
3
Первая страница
63
Последняя страница
71
ISSN
2077-0197
Аннотация
Бұл мақалада жобалай оқыту технологиясының негізінде нақты прагматикалық бағытталған нәтижені көздейтін идея бар екендігі туралы, сонымен қатар жобалау әдісінің негізінде студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, ақпараттық кеңістікте дұрыс жол табу, сыни және шығармашылық ой дамыту басты орын алатындығы жайлы кеңінен сөз етіледі. Сонымен қатар мақалада оқыту технологияларының студенттердің білім алуын сапалы етуге үлкен серпін беретін тиімді бір түрі - жобалай оқыту технологиясы деген идея басшылыққа алынғандықтан, осы технологияның ерекшеліктеріне арнайы тоқталуды қажет деп санадық. Білім алушыларигерген материалдан белгілі бір қорытындылар жасау үшін ізденеді, әр түрлі ғылым салаларымен байланыстырады. Бұл үрдіс студенттің интеллектуалдық-кәсіби құзыреттілігін дамытуға, қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Жобалау әдісі студенттің кәсіби құзыреттілігімен қатар әлеуметтік құзыреттілігін де қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл орайда білім алушы өзінің практикалық әрекетінде алдына қойып отырған мәселенің шешімін тауып, оның нәтижесін көруі үшін ізденеді, игерген теориялық білімінің маңызын байқайды, оны есіне түсіреді. Бұл үрдіс адамның әр түрлі жағдаяттарды шешудің әдіс-тәсілін игеруге мүмкіндік жасайды, іскерлік қабілеттерін қалыптастырады. Мақалада бүгінгі таңда кеңінен дамып келе жатқан жобалау әрекетінің мүмкіндіктерін педагогикалық технологиялар тұрғысынан қарастырудың ғылыми негіздемесі мен жобалаудың күтілетін нәтижені алдын ала болжауды және оған қажетті барлық ресурстарды мақсатқа сай ұйымдастыруды қажет ететін ерекшеліктер сипатталған.
Области науки (FoS)
