Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
2 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ МӘДЕНИЕТІНДЕ САЛ-СЕРІЛЕРДЕН БАСТАУ АЛҒАН ТЕАТР ТАРИХЫ(2025-10-01)Қазақ халқының мәдениетін де музыканың өзінді керекше орын алатынын барлығымыз білеміз. Музыка қазақтардың дүниетанымының ерекше түрі ғана емес, ол өзінің функционалдылығында қаншалықты қасиетті болса, ол сондай-ақ қоғамдық өмірдің белгілі бір реттеушісі бола білді. Қазақстандық қоғамның қалыптасуымен даму процесін түсінуде ұлттық мәдениетті одан әрі дамыту, оның теориялық атап айтудағы тарихи, мәдениеттанулық талдау негіздерін әзірлеу өте маңызды. Кез-келген қоғамның анықтаушы сипаты – бұл қоғамдық қатынастардың жиынтығы ғана емес, сонымен бірге оның рухани мәдениетінің ерекшелігінде. Ал оның негізі өнердің тарихи және эстетикалық категориялары болып табылады. Бұл тұрғыда театр әртүрлі өнер түрлерін синтездейтін мәдениеттің эпицентрі болып табылады, олар әрқайсысы белгілі бір тілде сөйлейді және өзіне тән экспрессивті құралдарға ие болады. Қазақ халқының мәдениетімен өнері ғасырлар бойы қалыптасып, бай мұраға ие болды. Бұл мұраның ішінде сал-серілер дәстүрі ерекше орын алады, себебі олар қазақтың музыкалық театрының дамуынан негіз болды. Тұрақты көшпенділік жағдайында ауызша-поэтикалық және музыкалық дәстүрді ұстаушылардың шығармашылығында қазақ театр өнері қалыптасып, барынша толық көрінді деп санаймыз. Олардың шығармашылығы қазақ театр өнерінің негізгі ерекшеліктерін өзінде шоғырландырған халық өнерінің өзіндік шыңы және қазіргі заманғы театрдың бастауы болды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Дене шынықтыру сабағында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда co-teaching әдісінің психологиялық тиімділігі(2026-07-01) ;Adilbek M. Baigaliev; ;Berik Islyamov ;Ernar Erianovich OspankulovЕрлан Казбекович УтегеновБұл мақалада дене шынықтыру сабақтарында бірлескен оқыту (co-teaching) тәсілін қолданудың мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық дамуына әсері қарастырылады. Қазіргі таңда инклюзивті білім беру ерекше білім беруді қажет ететін балалардың тек білім алуына ғана емес, олардың эмоциялық әл-ауқатын, әлеуметтік бейімделуін және тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған маңызды үдеріс ретінде танылады. Осы тұрғыдан алғанда, дене шынықтыру сабақтарында co-teaching тәсілін қолдану оқушылардың психологиялық жайлылығын қамтамасыз етудің тиімді құралы болып табылады.Зерттеужалпы білім беретін мектептің 5–6-сыныптарында оқитын 32 оқушының (N = 32) қатысуымен жүргізілді. Зерттеу барысында әдебиеттерге шолу, жүйелі бақылау, сауалнама және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Нәтижелер co-teaching тәсілінің оқушылардың сабаққадеген қызығушылығын, өзіне деген сенімділігін және әлеуметтік қарым-қатынас белсенділігін арттырғанын көрсетті. Сауалнама нәтижелері бойынша оқушылардың 76%-ы өздерін сенімді сезінгенін, 69%-ы қиындықтарды жеңе алғанын, ал 87%-ы мұғалім тарапынан жеткілікті қолдау алғанын атап өтті.Қорытындылайкеле, co-teaching тәсілі мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға, өзіндік бағалауын арттыруға, ішкі мотивациясын күшейтуге және әлеуметтік-психологиялық бейімделуін жақсартуға тиімді ықпал ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері бұл тәсілдің инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық қолдаудың маңызды құралы екенін көрсетеді.
