Загрузка...
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ МӘДЕНИЕТІНДЕ САЛ-СЕРІЛЕРДЕН БАСТАУ АЛҒАН ТЕАТР ТАРИХЫ
Автор(ы)
Дата публикации
1 октября 2025 г.
Тип
journal article
Том
86
Выпуск
3
Аннотация
Қазақ халқының мәдениетін де музыканың өзінді керекше орын алатынын барлығымыз білеміз. Музыка қазақтардың дүниетанымының ерекше түрі ғана емес, ол өзінің функционалдылығында қаншалықты қасиетті болса, ол сондай-ақ қоғамдық өмірдің белгілі бір реттеушісі бола білді. Қазақстандық қоғамның қалыптасуымен даму процесін түсінуде ұлттық мәдениетті одан әрі дамыту, оның теориялық атап айтудағы тарихи, мәдениеттанулық талдау негіздерін әзірлеу өте маңызды. Кез-келген қоғамның анықтаушы сипаты – бұл қоғамдық қатынастардың жиынтығы ғана емес, сонымен бірге оның рухани мәдениетінің ерекшелігінде. Ал оның негізі өнердің тарихи және эстетикалық категориялары болып табылады. Бұл тұрғыда театр әртүрлі өнер түрлерін синтездейтін мәдениеттің эпицентрі болып табылады, олар әрқайсысы белгілі бір тілде сөйлейді және өзіне тән экспрессивті құралдарға ие болады. Қазақ халқының мәдениетімен өнері ғасырлар бойы қалыптасып, бай мұраға ие болды. Бұл мұраның ішінде сал-серілер дәстүрі ерекше орын алады, себебі олар қазақтың музыкалық театрының дамуынан негіз болды. Тұрақты көшпенділік жағдайында ауызша-поэтикалық және музыкалық дәстүрді ұстаушылардың шығармашылығында қазақ театр өнері қалыптасып, барынша толық көрінді деп санаймыз. Олардың шығармашылығы қазақ театр өнерінің негізгі ерекшеліктерін өзінде шоғырландырған халық өнерінің өзіндік шыңы және қазіргі заманғы театрдың бастауы болды.
Области науки (FoS)
