Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
6 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, АМИНА НУГМАНОВА – УЧЕНЫЙ-ПЕДАГОГ: НАУЧНЫЙ ВКЛАД В РАЗВИТИЕ МУЗЫКАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ КАЗАХСТАНА(2021-03-21)Article is devoted to AminaNugmanova the scientist, the teacher, the musician. She was a creative person, the remarkable performer of national songs. For many years worked at the Kazakh state women's teacher training institute as the vocal teacher she and the manager of department. She has devoted the majority of the works to the problem of vocal education of children and teenagers on the basis of the Kazakh song creativity. The technique of vocal education of children offered by her is effective and acceptable in practice of comprehensive school. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің құрамында сақталған тарихи уәждер(2022-09-30) ;Altynai Tymbolova ;К.С. КалыбаеваМақалада қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің құрамында сақталған тарихи уәждер сөз етіледі. Оларды қарастырудың тіл тарихы үшін маңызы зор. Тіліміздегі кейбір тұрақты тіркестер құрамындағы сөздер сан мың жылдарды артқа тастаған соң, бастапқы мағынасы ұмытылып немесе ұмытылуға жақындап көмескілене бастайды.Сөз бір халықтан, екінші бір халыққа әртүрлі жолдармен ауысады. Осындай сөз ауысулары арқылы алыс дәуірлердегі ұлттар арасындағы мәдени байланыстармен қатынастарды кей ретте әлдебір тарихи куәлар мен ескерткіштер қалмаса да білуге болады. Тіпті кейбір компоненттер идиомаға айналады. Сөздердің бұлай идиомалануы тұрақты тіркестердің мағынасынан туған ерекшелік болып табылады. Демек бірнеше сөздің тобы идиом болуы үшін көп уақыт, көп замандар қажет болады. Ана тілінің бай қазынасымен сусындаған әрбір адам тұрақты тіркестерді, небір афоризмдер мен мақал-мәтелдерді қолданады. Бірақ сол тұрақты тіркестердегі, мақал-мәтелдердегі кейбір сөздерді жеке-дара алып қарағанда кез-келген адамның түсіне беруі неғайбыл.Тілімізді қаншама меңгердік дегенмен оның беймәлім тұстары да жетерлік. Сондықтан ана тіліміздің біз үшін әлі де ашылмаған қыр-сыры көп. Сондықтан мақалада қазақ тіліндегі тұрақты тіркес сыңарларының дыбыстық жағынан көнерген түрлері қарастырылды.Цитирования (OpenAlex) 2 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Scientific and methodological contribution of the scientist-pedagogue Amina Nugmanova to the musical education of childrenchildren(2023-06-27); A. A. KosanovaNugmanova Amina Abdukarimovna is a famous singer, researcher, scientist, teacher and public figure, teacher with a capital letter, who devoted her life to art and science. Amina Abdukarimovna has lived for the benefit of people all her adult life, showed great attention and love for her people, she made a great contribution to the development of the Kazakh song art. As a creative versatile personality, she has established herself not only as a wonderful performer of folk songs, but also as a scientist who conducted an experimental study on the topic of a PhD thesis devoted to the vocal training of children of different ages. For many years she worked as a teacher in the vocal class, and then as the head of the department at the Kazakh State Women's Teacher Training Institute. She devoted most of her works to the issue of vocal education of children and adolescents based on Kazakh songwriting. Her proposed method of teaching children to sing songs is effective and acceptable in the practice of modern secondary schools.The author also considers in her research the problem of improving the quality of teaching singing at school. In the classroom, students with the help of a teacher on the basis of musical notation learn to perform songs in accordance with local requirements. One of the conditions affecting the quality of classes is the presence of a properly selected song repertoire. Another goal facing the teacher is the opportunity to teach children to understand music and enjoy it in the process of performing.Amina Abdykarimovna can be considered as a person who has deep knowledge in the field of musical education of children and adolescents, who has shown a high level of knowledge of Kazakh, Russian, Chinese languages, fluent in Arabic graphics, who has studied and scientifically substantiated the methodology of teaching singing and educating children's voices developed by her. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ(Ablai Khan University, 2025-06-01) ;А. Қ. Казтаева; ;А. ХуңшанҚазақ әдебиетіндегі Семей қасіреті тақырыбындағы көркем шығармалар – дәуір шындығын, тұтас ұлтқа жасалған зұлымдықты көркем бейнелейтін туындылар. Бұл шығармаларды қатігез қоғамнан қалған жан, тән жарасын көркемдік иін қандыра шеберлікпен суреттей алған туындылар деуге толық негіз бар. Зерттеудің тақырыбы – прозадағы экология мәселесі, мақсаты – ұлт өмірінде әбден толғағы жеткен, экологиялық зәру мәселені танып, суреттеген жазушы шығармаларының құндылығын, көркемдік ерекшелігін, дәуір шындығының көркем әдебиетте бейнелену үлгісін талдап, тану. Өзектілігі – қазақ халқына сан жылдарға кететін қасірет пен зауал әкелген қолдан жасалған қастандық жайында жазылған шығармалардағы тарихи шындық пен көркем шындықтың сабақтастығын көрсету. Зерттеуде салыстыру, талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды. Қазіргі әдеби туындылар табиғаттың әртүрлі аспектілерін, экологиялық проблемаларды және адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын көрсете отырып, экологиялық дағдарыстың сын-қатерлеріне белсенді түрде жауап береді. Бұл тақырып заманауи экологиялық мәселелер тұрғысынан көркем шығармаларда қандай эстетикалық және этикалық мәселелер көтерілетінін талдауға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижесі авторлардың экологиялық идеяларды жеткізуде қолданатын әдеби стратегиялары мен құралдарын анықтауға, сондай-ақ қоғамда экологиялық сананың қалыптасуына әдебиеттің әсерін қадағалайды. Зерттеу барысында авторлар Семей полигоны, оның жергілікті халыққа тигізген зардабы жөнінде жазылған туындыларды зерделей отырып, тақырыпты көркем игерудегі жазушылардың қол жеткізген шеберлік қырларын көрсете білген.Қазіргі әдебиет қаламгерлердің әлем алдында тұрған экологиялық мәселелерді көрсететін эстетикалық аренаға айналуда. Алдағы экологиялық дағдарыс, климаттың өзгеруі және биоалуантүрлілікке қауіп төнуі әдеби дискурстың ажырамас бөлігіне айналуда. Зерттеу нысаны ретінде Р.Нұрғалидың «Өлген тау», Б.Тілегеновтің «Қара жел», С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр» шығармалары алынды. Зерттеу қазіргі жазушылардың экологиялық тақырыптарды қалай, қандай контексте және қандай әсермен қамтитынын жан-жақты талдауға бағытталуымен құнды. Практикалық құндылығы зерттеу нәтижесін әдебиет, тарих, әлеумет, экология саласындағы зерттеу еңбектерде кеңінен пайдалануға болады. Зерттеудің маңыздылығы – алдағы уақытта постколониализм, әлеуметтану, экопроза бағытындағы зерттеулерге белгілі бір үлес қосады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ МӘДЕНИЕТІНДЕ САЛ-СЕРІЛЕРДЕН БАСТАУ АЛҒАН ТЕАТР ТАРИХЫ(2025-10-01)Қазақ халқының мәдениетін де музыканың өзінді керекше орын алатынын барлығымыз білеміз. Музыка қазақтардың дүниетанымының ерекше түрі ғана емес, ол өзінің функционалдылығында қаншалықты қасиетті болса, ол сондай-ақ қоғамдық өмірдің белгілі бір реттеушісі бола білді. Қазақстандық қоғамның қалыптасуымен даму процесін түсінуде ұлттық мәдениетті одан әрі дамыту, оның теориялық атап айтудағы тарихи, мәдениеттанулық талдау негіздерін әзірлеу өте маңызды. Кез-келген қоғамның анықтаушы сипаты – бұл қоғамдық қатынастардың жиынтығы ғана емес, сонымен бірге оның рухани мәдениетінің ерекшелігінде. Ал оның негізі өнердің тарихи және эстетикалық категориялары болып табылады. Бұл тұрғыда театр әртүрлі өнер түрлерін синтездейтін мәдениеттің эпицентрі болып табылады, олар әрқайсысы белгілі бір тілде сөйлейді және өзіне тән экспрессивті құралдарға ие болады. Қазақ халқының мәдениетімен өнері ғасырлар бойы қалыптасып, бай мұраға ие болды. Бұл мұраның ішінде сал-серілер дәстүрі ерекше орын алады, себебі олар қазақтың музыкалық театрының дамуынан негіз болды. Тұрақты көшпенділік жағдайында ауызша-поэтикалық және музыкалық дәстүрді ұстаушылардың шығармашылығында қазақ театр өнері қалыптасып, барынша толық көрінді деп санаймыз. Олардың шығармашылығы қазақ театр өнерінің негізгі ерекшеліктерін өзінде шоғырландырған халық өнерінің өзіндік шыңы және қазіргі заманғы театрдың бастауы болды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, НАШАР КӨРЕТІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЭТНОМУЗЫКА АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ(2026-03-01); ; Мақалада көру қабілеті бұзылған, оның ішіне нашар көретін 3–4 сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарын халық музыкасы арқылы қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – халық музыкасының тәрбиелік әлеуетін айқындай отырып, оны арнайы білім беру жүйесінде адамгершілік тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау болды. Зерттеу барысында қазақ халық музыкасының мазмұнына тұлғааралық құндылықтар – достық, адалдық, сенім, мейірімділік, ізгі ниет, ар-ождан – тұрғысынан талдау жасалды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – этномузыкалық материалдарды көру қабілеті бұзылған оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бейімделген әдістемелік үлгі ұсынуымызда. Практикалық маңыздылығы – ұсынылған әдістерді музыка сабақтарында, үйірмелерде және қосымша білім беру процесінде қолдануға болады. Зерттеу А.А. Радугинаның құндылықтар классификациясына және музыкалық білім беру мен арнайы педагогика саласының ұстанымдарына сүйене отырып жүргізілді. Адам қоршаған орта туралы ақпараттың басым бөлігін көру арқылы қабылдайды. Алайда көру қабілетінде бұзылыс болған жағдайда негізгі ақпаратты қабылдау процесі басқа анализаторлардың көмегімен жүзеге асады. Мұндай жағдайда жетекші рөлді есту анализаторы атқарады. Тыңдау – көру қабілеті бұзылған балалардың танымдық әрекетінде маңызды орын алатын негізгі механизмдердің бірі. Осы орайда музыка сабағының шығармашылық сипатта болуы – арнайы білім алушы оқушылар үшін үлкен мүмкіндіктер тудырады. Музыкалық шығарманы тыңдау барысында нашар көретін оқушылар оның мазмұнына, көркемдік-бейнелік ерекшеліктеріне назар аударады, шығармада берілген эмоционалдық көңіл күйді есту арқылы сезінеді. Тыңдалған материал негізінде оқушыларда өз ой-пікірін айту, музыкалық бейнені түсіну, оның мазмұнын бағамдау қабілеттері дамиды. Бұл үрдіс тек есту арқылы қабылдау қабілетін ғана емес, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, дамытуда, музыкалық шығармалар арқылы рухани-мәдени дүниетанымды кеңейтуге мүмкіндік береді.
