Жарияланымдар / Публикации

Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2

Просмотр

Результаты поиска

Показано: 1 - 10 из 35
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ ЖӘНЕ СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ
    Мақалада Орта Азияның көрнекті философы, сопылық ақын және ислам уағызшысы Ахмед Ясауидің өмірі және рухани мұралары «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Көңілдің айнасы», «Тариқат әдебі туралы баян» шығармалары мен аңыздары кемелдікке жеткізер қағидалары, діни-сопылық принциптермен қатар оқыту, білім беру, адалдық, ізгілік, жақсылық, жамандық, төзімділік, достық пен сүйіспеншілікті құрметтеу, әділеттілікті насихаттағаны туралы сөз болады. Ахмет Ясауидің ілімі мен мұралары қаншама заман өтсе де, мәнін жоймай келе жатқан қазына. Әсіресе Ясауи бабаның «Диуани хикметі» Алтайдан Анадолыға дейінгі кең-байтақ өлкеде тіршілік ететін түркілер арасына кең тарап, олардың өмір салтының, салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының, құндылықтарының ажырамас бір бөлшегін құрады. Хикметтер мың жылға жуық уақыт бойы көшпелі және отырықшы халықтардың дінін, тілі мен ділін моральдық, этикалық, психологиялық негізде қарастырылуда. Түркістан өңірінен түлеп шыққан сан түрлі ұлыстың бастан кешірген қилы тағдыры Әзірет Сұлтанның өшпес өнегелерімен бірге өрілген. Ұлан-ғайыр тарих жазығына көз салған әр адамның назарына, ең алдымен, елдің өткені мен бүгініне, келешегіне өң берген тау тұлғалар мен олардың өрнекті-ғибратты істері ілінері анық. Тіл, мәдениет, әдебиет, өнер, руханият, тәлім-тәрбие, мемлекет ісі сияқты салаларда Түркі пірінің қолтаңбасы жатыр. Ол ежелгі әдеби, мәдени дәстүрді Құран рухында қайта жаңғыртып, діни-рухани насихаттар шоғырына айналдырды. «Сопылық - адамның рухани, бейбітшілік, жанның тазаруы арқылы Құдайға жақындау мәселелерімен айналысатын ілім. Қожа Ахмет Ясауи сопылықтың төрт кезеңін: сопылық Шейхтегі мурид рөліне мойынсыну; шариғат - Құдайдың өсиеттері мен ислам заңдарының жиынтығы; Құдайды ақылмен емес, жүрекпен білу; және ақиқат – шындықты толық түсіну» ұсынып, уағыздайды.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТКЕРЛІГІ МЕН ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТКЕРЛІГІ МЕН ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
    (Kazakh National Pedagogical University, 2025-03-01) ; ;
    Мақалада эмоционалды зияткерлікті зерттеу нәтижелері және оны болашақ педагогтерде қалыптастыру және дамыту тәсілдері келтірілген.Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеу-лерін талдау негізінде педагогтердің кәсіби қызметке дайындығының негізгі көрсеткіштерінің бірі маманның эмоционалды ақпаратты өңдеу және оны педагогикалық тәжірибеде қолдану қабілеті екендігі анықталды. Осыған орай, ҚазҰҚПУ-нің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер» институтының 1 курс студенттеріне 150 сағат (5 кредит) көлемінде эмоционалды зияткерлік пен икемді дағдыларды дамыту бойынша оқу бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарламаның тиімділігін диагностикалау және бағалау үшін С.Барон-Коэннің Cambridge Mindreading (CAM) сынақ батареясы, сондай-ақ математикалық статистика әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде болашақ педагогтердің эмоционалды зияткерлігінің негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру мен дамытуда оң динамика анықталды: эмоцияларды тануда; әйел адамның эмоцияларын тануда; ер адамның эмоцияларын тануда; эмоциялардың жағымды спектрін тануда; эмоциялардың бейтарап спектрін тануда; эмоциялардың жағымсыз спектрін тануда.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ АЛГОРИТМДЕРІН НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІБАҒАЛАУДА ҚОЛДАНУ
    Мақалада банктік несиелік тәуекелді бағалаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау үшін деректерді талдау әдістерін пайдалана отырып, машиналық оқыту алгоритмдері зерттелді. Деректерді өңдеу процесін көрсету үшін мысал ретінде несиелік рейтингтер таңдалды. Несиелік тәуекелді бағалау үшін несиелік скоринг қаржылық институттардағы төлем қабілеттері бар немесе төлем қабілеттері жоқ клиенттерден ажыратудың маңызды құралы екені талданды. Мақалада, машиналық оқыту алгоритмдері кредиттік скорингке сәтті қолданылды. Несиелік тәуекелді азайту – қаржылық дағдарыстардан кейін қызығушылықтың артатын саласы, сондықтан қаржы институттары көптеген деректер жинақтайды. Бұл тәуекел сарапшыларына үлкен деректерді өңдеу және жеке тұлғаның төлем қабілетін анықтау сияқты қиын тапсырма берді. Қаржы институттары жоғары тиімді несиелік скорингтік модельдерді табу үшін күрделі машиналық оқыту әдістерін пайдалана алады. Мақалада салыстырмалы талдау үшін машиналық оқытуды жіктеу әдістері қолданылды. Нәтижелер көрсеткендей, регрессия дефолтты жақсы болжағанын, содан кейін кездейсоқ орман алгоритмі екенін көрсетті. Кеңінен қолданылатын логит моделі тірек векторлық машинаға қарағанда жақсы нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, Колмогоров-Смирновтың сынағы арқылы біз машиналық оқытудың басқа әдістерінің кластарды қаншалықты жақсы жіктей алатындығын және логит моделінен асып түсетінін дәлелдедік.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИМПРОВИЗАЦИЯЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
    (Kazakh National Pedagogical University, 2025-03-01) ; ;
    Tursymаtova Orazkul
    ;
    A. T. Urgenishbekov
    ;
    M. M. Dilmakhanova
    Мақалада студенттерді педагогикалық импровизацияға қатынастыру педагогикалық ЖОО оқытудың барлық мерзімі уақытында олардың психологиялық –педагогикалық, жалпы мәдени және пәндік білім, педагогикалық импровизацияның теориялық негіз білімінің қатаң жүйесін біртіндеп меңгеру жолымен жүзеге асатындығы мен педагогикалық тәжірибенің барлық түрлері кезеңінде өзіндік импровизациондық әрекеттерінде студенттерді үнемі енгізіп отыру қажеттігі айтылады. Болашақ мамандарды даярлауда педагогикалық импровизация үдерісін ұйымдастыру қағидалары ретінде шығармашылықпен жұмыс қағидасы; өзіндік әрекетті ұйымдастыру қағидасы, сәйкестік қағидасы, студенттерді жиі және үздіксіз қатынастыру қағидасы; өзара байланыс қағидасы түсіндіріледі. Теориялық талдаулар барысында «импровизация», «педагогикалық импровизация», «педагогикалық импрови-зациялық қабілет» ұғымдарының мәні сипатталып, мазмұны нақтыланды. Болашақ мамандардың педагогикалық импровизациялық қабілеттерін қалыптастырудағы эмпирикалық зерттеулердің мазмұны беріледі. Экспериментік-тәжірибе жұмысы болашақ педагогтерді дайындауда педагогикалық импровизацияны қалыптастыру екі кезеңді қамтыды. Біріншісі –қалыптастыру экспериментінің лабораториялық кезеңі. Бұл кезеңде педагогикалық импровизацияға студенттер қатынасын анықтау; педагогикалық импровизация, педагогикалық интуиция, шығармашылық әрекеттер еркіндігі жайлы студенттер білімін анықтау, яғни студентердің педагогикалық импровизацияға бастапқы дайындық деңгейлерін диагностикалау болса, ал екніші кезең –қалыптастыру кезеңі деп қарастырылды. Қалыптастыру кезеңінде студенттердің педагогикалық импровизацияның теориялық негіздері бойынша білімдерін кеңейту; студенттерді импровизациялық іскерлігі барысында сан алуан тапсырмаларды орындауда іскерлік танытып және бекіту; болашақ педагогтерде тұлға сапасын дамыту жұмыстары жүргізіліп, «Педагогикалық импровизация» атты элективті курс бағдарламасының мазмұны талданады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    Мадина Омарова әңгімелерін ЖОО-да оқыту әдістемесі
    (Al-Farabi Kazakh National University, 2025-03-28) ;
    Бұл мақала арқылы жоғары оқу орындарында кең қолданылып, етек алған дәстүрлі және заманауи оқыту әдістерінің бір жерге шоғырланып, өзіндік мақсатқа жеткендігін көреміз. Қазақ жазушыларының, оның ішінде, тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасы зерттелетін болады. Прозаны зерттей отырып, көркемдік ізденістері мен оқыту әдістемесіндегі оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қарастыратын боламыз. Яғни оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мәселесі қозғалады. Қазіргі педагогика ғылымының әдіснамалық саласында әңгімелерді оқыту әдістемесіне үлес қосу көзделеді. Мақаланың мақсаты – бірқатар тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасының әдебиеттану ғылымына қосқан педагогикалық үлесі және шығармаларын жоғары оқу орнында оқытудың мәселелерін қарастыру. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – әңгімелерді әдеби талдау түрлерін ғылыми тұрғыдан зерттеуді қамтамасыз етсе, тәжірибелік мәні – зерттеу жұмысының нәтижесін жоғары оқу орны студенттері, магистранттар мен докторанттар және әдебиеттанушылар, әңгіме жанрға қатысты зерттеулерінде пайдалана алады. Бұл тақырыпты ашу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: теориялық, типологиялық көзқарас, тарихи-әдеби, педагогикалық және эксперименттік. Жазушы әңгімелерін жоғары оқу орын студенттеріне оқып талдауға жаңа технологияларды пайдалану ерекшелігі мен маңыздылығы қарастырылады. Мадина Омарова, Бибігүл Иманғазина, Айгүл Кемелбаева, Аягүл Мантай, Лира Қоныс, Роза Мұқанова сынды қазақ прозасына өзіндік таңба қалдырып, өзіндік ізін жалғаған қаламгерлеріміздің шығармаларын ЖОО-да оқытудың жаңаша әдістемесі қарастырылады. Талдау көркем шығарманың образдық жүйесін (басты кейіпкер, қалған кейіпкерлердің бас кейіпкердің мінезін түсінуге қалай көмектесетіні), басты мәселені анықтауға жүгінеді. Жазушының әңгімелерін зерделеу барысында студенттерді проблемалық, танымдық тапсырмалар тиімді ұсынылады. Мақаланың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми тұжырымдар әңгімелерді оқыту әдістеме саласының дамуы мен қалыптасуына, сондай-ақ ЖОО-да оқытудың әдістемесіне қатысты зерттеулерді толықтырып, тереңдетуге ықпал ететіндігінде. Мақалада келтірілген ғылыми тұжырымдар әңгіме шығарма жанрына қатысты, көпшілікке ұсына алатын әңгімелерді оқытуға негізделген, оқыту әдістемесінде өзіндік орын алатын маңызға ие. Зерттеу нәтижелері ЖОО-да оқытудың әдістемесі негізінде құнды дереккөз болмақ. Түйін сөздер: көркем әдебиет, көркем шығарма, әдеби талдау, ұлттық құндылықтар, әңгімелерді ЖОО-да оқыту әдістемесі, проблемалық оқыту, инновациялық әдіс-тәсілдер.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ИТАЛЬЯНДЫҚ ПРУСТЫҢ (CALLIPTAMUS ITALICUS L.) ТІРШІЛІК ЕТУ ОРТАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ПРИНЦИПІ ЖӘНЕ ЛАНДШАФТТЫҚ ТАРАЛУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
    (Kazakh National Agrarian Research University, 2025-03-30)
    Aizhan Akmullayeva
    ;
    Қаламқас Құланбай
    ;
    ; ;
    Жетісу облысының Алакөл, Ақсу, Көксу, Кербұлақ және Ескелді аудандарында 2022-2024 жылдары итальяндық шегірткеге көктемгі, көктемгі-жазғы, жазғы, күзгі жүйелі есеп жүргізу және жергілікті популяциясының жылдық динамикасын анықтау жұмыстары бойынша ауыл шаруашылық аумақтарында қазіргі уақытта итальяндық шегіртке (Calliptamus italicus L.) санының басымдылығы анықталды. Итальяндық шегіртке дернәсілдерінің жазғытұрғы қоныстануы кезіндегі санын есептеу (көктемгі-жазғы мониторингтік тексеру). Зерттеу жұмысы белгіленген аумақтарда дернәсілдер шыға бастағаннан бастап, жою шаралары басталғанға дейін жүргізіледі. Есепке алынған аумақтың көлеміне байланысты итальяндық шегірткенің негізгі тіршілік ететін жерлері қамтылған, арақашықтығы шамамен 100-300 м-ге дейін созылған есеп жүргізу бағыттары анықталды. Шегіртке дернәсілінің тығыздығына қарай шабындық биотобының өнімділігі бақылау нұсқасымен салыстырғанда тәжірибеде 5 дана/м2 болғанда 4,8%, 10 дана/м2 – 15,8%, 15 дана/м2 – 28,3% кемейтіндігін байқаймыз, яғни бұл шегірткелер саны 10-15 дана/м2 болғанда олар биотопқа экономикалық зияндылық келтіретіндігі дәлелденді. Зертханалық жағдайда итальяндық шегірткенің қоректенуі кезінде 4-8 дана/м2 еркекшөп – (Agropyrum sibiricum ), жатаған бидайық - (Elytrigia repens), тырса селеу – (Setaria glaucal), солтүстік қара сұлы – (Avena septentrionalis ) және жаздық бидай – (Triticum aestivum) жабайы арпа – (Hordeum spontaneum) өсімдіктері 5% зақымдалды. Ал 12-16 дана/м2 кезінде аталған өсімдіктердің зақымдалуы 75-100% жетті. Сонымен қатар изен – (Kochig Roth. Scoparia), баданалы қоңырбас – (Poa bulbosa ), экспарцет – (Onobryhis viciafolia), далалық жоңышқа – (Medicogo sariva ) және ақбас түйе жоңышқа – (Melilitus albus) өсімдіктері 5-25% дейін зақымдалды. Далалық шырмауық – (Convolvulus arvensis), бір жылдық жусан – (Artemisia annua), ащы жусан – (Artemisia absinthium) мүлдем зақымдалмады.
    Цитирования (OpenAlex) 1Цитирования (OpenCitations) 1
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    КЛАССИФИКАЦИЯЛЫҚ АЛГОРИТМДЕРДІ ҚОЛДАНЫП ДАУЫСТЫ ТАНУ
    Дауыс тану жүйелері машиналық оқыту әдістеріне негізделген, оның ішінде классификациялық алгоритмдер кеңінен қолданылады. Классификация дауыс сигналдарын әртүрлі санаттарға, мысалы, сөздер немесе сөйлемдерге бөліп тануды жүзеге асырады. Бұл үдерісте жиі қолданылатын алгоритмдерге логистикалық регрессия, шешім ағаштары және нейрондық желілер жатады. Дауыс сигналын өңдеуде алдымен ерекшеліктері, яғни маңызды параметрлері, экстракцияланады, содан кейін олар классификаторға беріледі. Классификация нәтижесінде жүйе сөйлеген сөзді мәтінге түрлендіреді немесе дыбыстың нақты мазмұнын анықтайды. Бұл технология адам-компьютер өзара әрекеттестігін жақсарту үшін маңызды. Бұл мақалада машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, сөйлеушінің даусын анықтау мәселесін шешу үшін жіктеу алгоритмдерін қарастырамыз. Сөйлеудің алдын ала өңдеуде МҒСС-ті алгортимін пайдаландық. Жоғарыдағы мәселені шешу үшін бес жіктеу алгортмі қарастырылып, салыстырмалы талдау жасалды. Алғашқы эксперимент жасағанда ең жақсы нәтиже көрсеткен SVC алгортимі 0,90 және MLP Classifier алгоритмі 0,83 нәтижелерін көрсетті. Келесі экспермиентте жеке тұлғаның дауысын анықтауда неғұрлым үлкен дәлдікте Robust scaler әдісімен масштабтауда – 0,93 көпқабатты персептрон көрсете бастады. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін сөйлеу сигналының ерекшелігін ескеретін көп қабатты перцептронды қолдануға болады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    5-СЫНЫПТА «ӨЗАРА КЕРІ САНДАР» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУДА ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
    (Zhetysu University, 2025-04-01) ;
    Р.А. Адырова
    ;
    Бұл жұмыста 5-сыныптың математика сабағында «Өзара кері сандар» тақырыбын оқытуда геймификация элементтерін қолданып оқытудың маңыздылығы қарастырылған. Зерттеуге Алматы қаласындағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінің 5-сынып оқушылары қатысқан. Оқушылардан математика пәнінен білім деңгейін анықтайтын pre-test (алдын ала тест) және post-test (кейінгі тест) алынып, олардың орта мәні есептеліп, сауалнама алынып, оның нәтижелері талданды. Зерттеу жұмысында 5-сынып оқушыларына математика пәнінен «Өзара кері сандар» тақырыбын оқытуда геймификация элементтерін, оның ішінді әртүрлі платформалар қолданылып, сонымен қатар, жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктері қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде геймификацияға негізделген оқыту әдісінің оқушылардың білім сапасының артуына оң ықпалы ететіндігін байқаймыз. Бұл зерттеу геймификацияның оқу процесіне ықпалын терең талдауды мақсат етпесе де, оның тәжірибелік қолданылу ерекшеліктерін көрсету арқылы болашақта тиімді оқыту әдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді. This study examines the importance of using gamification elements in teaching the topic of "Reciprocal Numbers" in 5th-grade mathematics lessons. The study involved 5th-grade students of Specialized Lyceum No. 39 named after S.A. Khodzhikov in Almaty. To assess students' knowledge of mathematics, a pre-test and a post-test were conducted, their average scores were calculated, and a survey was administered, with the results analyzed. The study explored the possibilities of applying gamification elements, various platforms, and the use of artificial intelligence in teaching 5th-grade students the topic of "Reciprocal Numbers" in mathematics. As a result of research, we notice that the teaching method based on gamification has a positive effect on the quality of education of students. This research does not aim to conduct an in-depth analysis of the impact of gamification on the learning process but rather demonstrates the features of its practical application, which may contribute to the improvement of effective teaching methods in the future. В данной работе рассматривается важность использования элементов геймификации при обучении теме «Взаимно обратные числа» на уроках математики в 5-м классе. В исследовании приняли участие учащиеся 5-го класса специализированного лицея №39 имени С.А. Ходжикова города Алматы. Для определения уровня знаний учащихся по математике были проведены pre-test (предварительный тест) и post-test (итоговый тест), вычислены их средние значения, а также проведен опрос, результаты которого были проанализированы. В исследовательской работе рассматривались возможности применения элементов геймификации, различных платформ, а также использования искусственного интеллекта при обучении пятиклассников теме «Взаимно обратные числа» в математике. В результате исследования мы замечаем, что метод обучения, основанный на геймификации, положительно влияет на качество образования студентов. Данное исследование не ставит своей задачей глубокий анализ влияния геймификации на учебный процесс, но демонстрирует особенности ее практического применения, что в дальнейшем может способствовать совершенствованию эффективных методов обучения.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА МӘТІНДІК ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
    Бұл зерттеуде болашақ математика мұғалімдерінің мәтіндік есептерді шешу құзыреттілігін қалыптастырудың мәселелері жан-жақты қарастырылады. Оқыту барысында студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, оларды тәжірибеде қолдану мүмкіндігін де меңгерулері керек. Сондықтан зерттеуде математикалық модельдеу, логикалық ойлау, аналитикалық қабілеттер және тағы басқа да дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Студенттердің мәтіндік есептерді шешу барысында кездесетін негізгі қиындықтары анықталады. Сонымен қоса, студенттер үшін қиындық тудырған тақырыптар талданады. Зерттеу барысында эксперимент жасалды. Эксперимент үш кезеңнен тұрды: бастапқы тестілеу, арнайы әдістемелік сабақтар және қорытынды тестілеу. Эксперимент кезінде студенттерге бірнеше арнайы әдістемелік сабақтар өткізілді. Алғашқы тест нәтижелері болашақ мұғалімдердің қажеттіліктерін айқындап берді. Арнайы сабақтар барысында аталмыш қажеттіліктер, қиындықтар ескерілді. Сабақтарда дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері қолданылды. Сонымен қатар визуалды құралдар, топтық жұмыс, проблемалық оқыту әдістері де тыс қалмады. Қорытынды тест нәтижелері студенттердің есептерді шешу дағдыларының айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Эксперимент соңында студенттерден сауалнама алынып, олардың сабақ жайлы ойлары сұралды. Орын алған тәжірибелік зерттеу болашақ мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға шақырады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
    (Kazakh National Pedagogical University, 2025-06-01)
    А. К. Тастанова
    ;
    ;
    Қ.С. Бағашаров
    Экстремизм мен оның ең «шектен» шыққан түрі – терроризм мәселесі адамзатқа қарсы тұруға бағытталған жаңа құбылыс емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде деспоттық басқарушылар мен беделді тұлғалар билік пен үстемдік үшін басқаларды жою құралы ретінде экстремизмді пайдаланған. Осы мәселеге байланысты автор экономикалық жағынан дамыған елдердің жаһандық экстремизм және терроризм проблемасын шешуге бағытталған іс-қимылдары мен халықаралық-құқықтық негізіндегі тәжірибесіне өзіндік ғылыми шолу жасады. Мақаланың мақсаты халықаралық нормаларға сай адамдардың өмірі мен денсаулығын, құқықтары мен бостандығын, сондай-ақ мүдделерін экстремистік әрекеттерден қорғауға бағытталған өркениетті елдер тәжірибесінің маңыздылығын қарастыру. Негізгі мәселелерді талқылаумен қатар, бүгінгі таңда бүкіл әлемде орын алып жатқан экстремизм мен лаңкестік әрекеттердің әртүрлі бағыттарымен күрес жүргізу үшін халықаралық деңгейде қарсы тұру мәселесіне қатысты өз идеяларын ортаға салған зерттеушілердің пікірлері мен тұжырымдарын ұсыну. Зерттеу нәтижесі экстремистік және лаңкестік топтарды қару-жарақ қолдану арқылы қырып-жою мүмкін еместігін көрсетеді. Сондықтан экстремизмнің пайда болуына себеп болатын факторларды объективті түрде зерттеп, олармен «үйлесімді диалог» орнату керек.