Жарияланымдар / Публикации
Постоянный URI для этого сообществаhttps://cris.qyzpu.kz/handle/123456789/2
Просмотр
8 результаты
Результаты поиска
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚЫЗЫЛҚҰМ КҮЙШІСІ АҚБАЛА ЖАНҒАБЫЛҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АРНАУ КҮЙЛЕРДомбыра күйлерінің туындауы – әр өңірдің табиғатына, өмір сүру салтына, күйші-домбырашының орындаушылығына тән болып келеді және осымен байланысты домбыра күйлерінің өңірлік ерекшелігі айқындалады. Осы орайда анда-санда айтылып, оқта-текте жазылып жүрген Қызылқұмның күйшілік дәстүріне аз-кем тоқталсақ. Қазақ совет энциклопедиясында Қызылқұм шөлі – Әмудария мен Сырдария аралығындағы құмды алқап. Оның үштен бір аумағынан астамы Қазақстанда. Солтүстік батысы Арал теңізіне дейін, оңтүстік-шығысы Өзбекстандағы Зеравшан аңғары мен Нұратау тауларына ұласады деген Қызылқұмның қазіргі Қазақ еліне тиесілі бөлігінің көпшілігі Қызылорда облысында екені белгілі. Ертеректе бұл аймақты Сыр бойы деп атаған. Сыр бойындағы жырау-жыршылық пен күйшілік дәстүр "Қыр мен Сырға", яғни Қызылқұм мен Сырдария бойына тегіс тарап дамыған. Құмның қазағы, Сырдың қазағы деп, өзіміз бөліп тастайтынымыз болмаса, әншілік пен күйшілік дәстүрде көзге көрініп, құлаққа ұратындай айырмашылық жоққа тән. Әр өнерпаздың өзіне ғана тән орындаушылық ерекшелігі болса да, жалпы Сыр бойының дәстүрі деп аталады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, SADNESS AND GRIEF IN THE MEMORIAL SONGS OF THE KAZAKH PEOPLE(2022-10-02)The article describes in detail the identity and the motive of Kazakh mourning called ‘zhoqtau’. The factual data and justifications on the utterance, publication of lamentations are given. Specific ideas about the history of the origin, the motive of singing, the essence and content of each lamentation are presented. We stopped at the originality of this type of oral writing, which is transmitted in verse form with a sad motive. It provides concrete examples and facts about the virtues and moral actions of the deceased person. Great importance is attached to the content and artistry of lamentations. The specifics of zhoqtau pronunciation are also described. Deep meaningful descriptions are given about the unique qualities of the deceased, about the good that he did for his child, about the morality that he left to posterity. The song of crying reveals the human sides that distinguish the deceased from others. It is a symbol of respect for the deceased. Its purpose is to show the people the good deeds and works of the deceased, regardless of his age. The importance of mourning is to perpetuate the memory of him, to leave his works and traces that he left as a legacy to the next generations. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, The Development of Moral Values of School Children with Visual Impairments Folk Music(State University of Semarang, 2023-12-30); ;Butabayeva Laura Askarovna; ; The relevance of the presented paper is conditioned upon the fact that today, the subject of the development of moral values in children with visual impairment through musical motifs of folklore is a very understudied issue. However, based on the statistics of the World Health Organisation for 2021, about 2.2 billion people worldwide have visual impairments. The purpose of this paper is to study the features of the psychological and pedagogical characteristics of children with visual impairments, their moral development, and the development of ways of spiritual and moral education through folk music. To achieve this purpose, the following methods were used: analysis, synthesis, comparison, induction, statistical analysis, and deduction. In particular, the method of statistical analysis of sources of American, Kazakh, and Russian researchers within the boundaries of the subject was used. The practical basis was the statistical data of the WHO company for 2021. The result of the study was a complete analysis of the statistics of children with visual impairment in the territory of the Republic of Kazakhstan. The study’s main conclusion is that modern methods of teaching children with visual impairment are based on the musical accompaniment of educational activities since the musical form allows the development of moral values. Visually impaired students are characterised by insufficient development of the visual-imaginative level of mental activity, which determines the uniqueness of specific conceptual thinking due to visual perception disorders and limited visual experience. The alienation of a child with visual impairments from others entails secrecy and lack of communication, which can be expressed in a large volume of complexes in the future. The applied value of this paper lies in the development of recommendations for improving the system of pedagogical education of children with visual impairment through folklore-applied developmental classes.Цитирования (OpenAlex) 1 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ МӘДЕНИЕТІНДЕ САЛ-СЕРІЛЕРДЕН БАСТАУ АЛҒАН ТЕАТР ТАРИХЫ(2025-10-01)Қазақ халқының мәдениетін де музыканың өзінді керекше орын алатынын барлығымыз білеміз. Музыка қазақтардың дүниетанымының ерекше түрі ғана емес, ол өзінің функционалдылығында қаншалықты қасиетті болса, ол сондай-ақ қоғамдық өмірдің белгілі бір реттеушісі бола білді. Қазақстандық қоғамның қалыптасуымен даму процесін түсінуде ұлттық мәдениетті одан әрі дамыту, оның теориялық атап айтудағы тарихи, мәдениеттанулық талдау негіздерін әзірлеу өте маңызды. Кез-келген қоғамның анықтаушы сипаты – бұл қоғамдық қатынастардың жиынтығы ғана емес, сонымен бірге оның рухани мәдениетінің ерекшелігінде. Ал оның негізі өнердің тарихи және эстетикалық категориялары болып табылады. Бұл тұрғыда театр әртүрлі өнер түрлерін синтездейтін мәдениеттің эпицентрі болып табылады, олар әрқайсысы белгілі бір тілде сөйлейді және өзіне тән экспрессивті құралдарға ие болады. Қазақ халқының мәдениетімен өнері ғасырлар бойы қалыптасып, бай мұраға ие болды. Бұл мұраның ішінде сал-серілер дәстүрі ерекше орын алады, себебі олар қазақтың музыкалық театрының дамуынан негіз болды. Тұрақты көшпенділік жағдайында ауызша-поэтикалық және музыкалық дәстүрді ұстаушылардың шығармашылығында қазақ театр өнері қалыптасып, барынша толық көрінді деп санаймыз. Олардың шығармашылығы қазақ театр өнерінің негізгі ерекшеліктерін өзінде шоғырландырған халық өнерінің өзіндік шыңы және қазіргі заманғы театрдың бастауы болды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУДА ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ АСПАПТЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ(2026-03-01); ; Мақалада бүгінгі цифрландырудың өзекті мәселесі сөз болған. Мұнда білім беру үдерісінің барлық деңгейіне жаңа екпін беретін цифрлық бағдарламаларды ендіру, оларды оқытудың жаңа цифрлық мазмұнын жетілдіру үшін қолданудың маңыздылығы мен тиімділігі, оқу үдерісін ұйымдастыру мен дамытудың жаңаша әдістемелік жолдары, цифрлық технологиялардың мәні мен мазмұнын осы саланы зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып айқындайды. Сонымен бірге музыка сабағының мұғалімдерін кәсіби даярлауға қажет қазақтың халық күйлерінің ноталық жазбаларының цифрлық платформалардағы қолжетімділігінің бүгінгі жағдайы талданады.«Финал» музыкалық бағдарламасы негізінде Қазақстан компо-зиторларының ноталық жазбаларын цифрландыру» атты ішкі қаржыландыру жобасының негізгі мақсаты қазақтың халық аспаптық шығармаларының (күйлердің) ноталық жазбаларын қайта теріп, таңдамалы туындылардың жинағы етіп баспадан шығару және пайдаланушыларға қолжетімді болатын мүмкіндік тудыру мәселесі айтылады. Бұл музыкалық ноталық бағдарламаныны әрбір кәсіби маман өзінің тәжірибесінде тиімді пайдалануы маңызды екеніне, бағдарламаны шағын ансамбльдер мен оркестр жетекшілерінің, дирижерлар, музыкалық шығармаларды өңдеуші мамандар, сазгерлер, музыка пәнін жүргізетін педагогтардың цифрлық оқыту үдерісінде шеберліктерін шыңдауға, жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне таптырмас құрал болатынына назар аударылады. Сонымен қатар «Финал» музыкалық бағдарламасында цифрлық ресурстар қорында жоқ аспаптық шығармаларды қайта теріп, редакторлап, электрондық кітапхана қорын толықтыруды негізгі мәселе ретінде қарастырады. Бұл жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуда қазақ халқының ғасырдан ғасырға мұра болып жеткен ән-күйлерінің жоғары сападағы жаңа бағдарламалары мен оқулықтарының қажеттілігі және оның маңыздылығы жайында терең талданады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, НАШАР КӨРЕТІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЭТНОМУЗЫКА АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ(2026-03-01); ; Мақалада көру қабілеті бұзылған, оның ішіне нашар көретін 3–4 сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарын халық музыкасы арқылы қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – халық музыкасының тәрбиелік әлеуетін айқындай отырып, оны арнайы білім беру жүйесінде адамгершілік тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау болды. Зерттеу барысында қазақ халық музыкасының мазмұнына тұлғааралық құндылықтар – достық, адалдық, сенім, мейірімділік, ізгі ниет, ар-ождан – тұрғысынан талдау жасалды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – этномузыкалық материалдарды көру қабілеті бұзылған оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бейімделген әдістемелік үлгі ұсынуымызда. Практикалық маңыздылығы – ұсынылған әдістерді музыка сабақтарында, үйірмелерде және қосымша білім беру процесінде қолдануға болады. Зерттеу А.А. Радугинаның құндылықтар классификациясына және музыкалық білім беру мен арнайы педагогика саласының ұстанымдарына сүйене отырып жүргізілді. Адам қоршаған орта туралы ақпараттың басым бөлігін көру арқылы қабылдайды. Алайда көру қабілетінде бұзылыс болған жағдайда негізгі ақпаратты қабылдау процесі басқа анализаторлардың көмегімен жүзеге асады. Мұндай жағдайда жетекші рөлді есту анализаторы атқарады. Тыңдау – көру қабілеті бұзылған балалардың танымдық әрекетінде маңызды орын алатын негізгі механизмдердің бірі. Осы орайда музыка сабағының шығармашылық сипатта болуы – арнайы білім алушы оқушылар үшін үлкен мүмкіндіктер тудырады. Музыкалық шығарманы тыңдау барысында нашар көретін оқушылар оның мазмұнына, көркемдік-бейнелік ерекшеліктеріне назар аударады, шығармада берілген эмоционалдық көңіл күйді есту арқылы сезінеді. Тыңдалған материал негізінде оқушыларда өз ой-пікірін айту, музыкалық бейнені түсіну, оның мазмұнын бағамдау қабілеттері дамиды. Бұл үрдіс тек есту арқылы қабылдау қабілетін ғана емес, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, дамытуда, музыкалық шығармалар арқылы рухани-мәдени дүниетанымды кеңейтуге мүмкіндік береді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Дене шынықтыру сабағында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда co-teaching әдісінің психологиялық тиімділігі(2026-07-01) ;Adilbek M. Baigaliev; ;Berik Islyamov ;Ernar Erianovich OspankulovЕрлан Казбекович УтегеновБұл мақалада дене шынықтыру сабақтарында бірлескен оқыту (co-teaching) тәсілін қолданудың мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық дамуына әсері қарастырылады. Қазіргі таңда инклюзивті білім беру ерекше білім беруді қажет ететін балалардың тек білім алуына ғана емес, олардың эмоциялық әл-ауқатын, әлеуметтік бейімделуін және тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған маңызды үдеріс ретінде танылады. Осы тұрғыдан алғанда, дене шынықтыру сабақтарында co-teaching тәсілін қолдану оқушылардың психологиялық жайлылығын қамтамасыз етудің тиімді құралы болып табылады.Зерттеужалпы білім беретін мектептің 5–6-сыныптарында оқитын 32 оқушының (N = 32) қатысуымен жүргізілді. Зерттеу барысында әдебиеттерге шолу, жүйелі бақылау, сауалнама және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Нәтижелер co-teaching тәсілінің оқушылардың сабаққадеген қызығушылығын, өзіне деген сенімділігін және әлеуметтік қарым-қатынас белсенділігін арттырғанын көрсетті. Сауалнама нәтижелері бойынша оқушылардың 76%-ы өздерін сенімді сезінгенін, 69%-ы қиындықтарды жеңе алғанын, ал 87%-ы мұғалім тарапынан жеткілікті қолдау алғанын атап өтті.Қорытындылайкеле, co-teaching тәсілі мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға, өзіндік бағалауын арттыруға, ішкі мотивациясын күшейтуге және әлеуметтік-психологиялық бейімделуін жақсартуға тиімді ықпал ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері бұл тәсілдің инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық қолдаудың маңызды құралы екенін көрсетеді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫНЫҢДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(2026-07-01); Мақалада ерекше қажеттіліктері бар балалардың коммуникативтік дағдыларының даму ерекшеліктері қарастырылды. Коммуникативтік дағдылар балалардың қоғамда әлеуметтенуі мен қарым-қатынас жасауына қажетті негізгі дағдылар болғандықтан, оларды дамыту түзету жұмысының мазмұнындағы міндетті бағыттардың бірі болып табылады. Коммуникативтік дағдыларды дамыту арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалардың дербестігіне, өзіне-өзі қызмет көрсетуіне, сондай-ақ қоғамдық мінез-құлық ережелерін меңгеруіне қол жеткізуге болады. Демек, аталған дағдыларды дамыту жұмысы, ең алдымен, балалардың коммуникативтік дағдыларының бастапқы деңгейін анықтаудан басталады. Сәйкесінше, бұл анықтау эксперименті әрі қарай жүргізілетін дамыту жұмысының бағыттарын айқындайтын маңызды тетік болып табылады. Мақалада «Шам-шырақ» түзету орталығының балаларымен өткізілген эксперименттік жұмыстың мазмұны, барысы мен нәтижелері сипатталды. Сонымен қатар, зерттеу мәселесіне теориялық талдау жасалып, шолу материалдары ұсынылды.
