Загрузка...
ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ MATCHCAT ОРТАСЫНДА ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ
Дата публикации
15 марта 2021 г.
Тип
journal article
Издатель
Mukhametzhan Tynyshbayev ALT University
Журнал
Том
116
Выпуск
1
Первая страница
281
Последняя страница
286
ISSN
1609-1817
Аннотация
. Мақалада студенттерге компьютерлік бағдарламаны қолдана отырып дифференциалдық теңдеулерді шешу қарастырылған. Ақпараттық технологияларды қолданудың бірден-бір негізгі облысы математикалық және ғылыми-техникалық есептеу болып табылады. Бүгінгі күні мұндай есептеу жұмыстарын жүргізу өте өзекті мәселе. Бұл үшін барынша сәйкес келетін ең бір мықты және тиімді математикалық жүйе-Mathcad болып табылады. Mathcad-Matlab,Maple,Mathematica және тағы да басқа көптеген осындай жүйелер арасындағы айрықша орын алатын жүйе. Mathcad-әдеттегі математикалық тапсырмалардың шешімін сипаттайтын бірден-бір жалғыз жүйе болып қалады.Mathcad өте тиімді бағытталған-математикалық интерфейс және керемет ғылыми графика құралы бар жүйе,сонымен қатар сандық және аналитикалық есептеулерді орындауға мүмкіндік береді. Мақалада дифференциалдық теңдеулерді MatchCat ортасында шығару жолдары қарастырылған. Жай дифференциалдық теңдеулердi шешу ғылыми-техникалық есептеулер тәжiрибесінде кең қолданылады. Сызықтық жай дифференциалдық теңдеулердің арнайы функциялар түрiнде шешiмі болғанымен, көп физикалық жүйелер сызықтық емес және аналитикалық шешімдері жоқ сызықтық жай дифференциалдық теңдеулермен сипатталады. Бұл жағдайда жай дифференциалдық теңдеулердi шешуде сандық әдістерді қолдануға тура келеді.
Области науки (FoS)
