Загрузка...
INVESTIGATION OF PROTEOLYTIC PROPERTIES OF LACTIC ACID BACTERIA USED IN CHEESE PRODUCTION
Дата публикации
20 сентября 2023 г.
Тип
journal article
Издатель
Research and Production Center of Microbiology and Virology
Выпуск
3(42)
Первая страница
111
Последняя страница
124
ISSN
2304-585X
Аннотация
Түйін Тағамдық биотехнология саласында ірімшік биологиялық және нутрицевтикалық құндылығы жоғары сүт өнімі ретінде белгілі. Организммен биосіңірілуі жоғары болғандықтан тұтынушылар арасында мол сұранысқа ие. Пайдалы қасиеттерін нақтылау мақсатында қазіргі таңда ірімшік өндірісіндегі базалық құрам-бөлік – бактериялық ұйытқы дақылдарын белсенділік деңгейлері бойынша іріктеудің маңыздылығы жоғары. Ұйытқы дақылының құрамына енетін лактобактерия штамдарының протеолитикалық қасиеттерін зерттеудің өзектілігі бұл штамдардың соңғы өнімнің органолептикалық қасиеттері мен биологиялық құндылығына тікелей әсер етуімен негізделеді. Лактобактериялардың өнімммен бірге адам организміне енген сәттен бастап асқазан – ішек жолындағы микробиомды қалыпқа келтіруге қызмет етуі соңғы өнімнің (ірімшіктің) функционалдылығын нақтылайды. Мақалада функционалды бағыттағы ірімшік өндірісінде қолданылатын бактериялық ұйытқының құрамына кіретін лактобактерия штамдарының технологиялық маңызды протеолитикалық қасиеттерін зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу объектілерінің барлығы дерлік казеин протеолизіне қатыса алатындығы зерттелінді. Жоғары белсенділікке ие штамдар: Lactiplantibacillus plantarum CHE37 Сһ-1 - 19,0±0,5 мм, Lactococcus lactis subsp. lactis S5K8 СМ-14 және Lactococcus lactis 1881 Сһ-8 дақылдарында - 12,0±0,2 мм мөлшерінде мөлдірлену аймағы анықталды. Сонымен қатар, желатинді протеолиздеу қарқындылығы жоғары штамдар Lactococcus lactis subsp. lactis S5K8 СМ-14 және Streptococcus macedonicus LAB 617 СМ-16 штамдары екендігі белгілі болды. Олар ЕПЖ (ет-пептонды желатин) қоректік ортасында пробирка бойымен және пробирка түбінде тұнба түзу арқылы өсу ерекшелігін көрсетіп, жартылай қатты ЕПЖ қоректік ортасын толықтай сұйылтты. Жұмыс қорытындысы бойынша протеолитикалық белсенділіктері жоғары сүтқышқылды бактериялар штамдары функционалды бағыттағы ірімшік өндірісі үшін қолданылатын ұйытқы дақылдарының құрамына енуіне толық негіз бар. In the field of food biotechnology, cheese is known as a dairy product with high biological and nutraceutical value. Due to the high bioavailability of the body, it is in great demand among consumers. In order to clarify the useful properties, currently in the production of cheese, it is of great importance to select the activity levels of lactobacillus cultures that are part of the starter culture. The relevance of the study of morphological, cultural and proteolytic properties of lactobacillus strains that are part of the starter culture is due to the direct influence of these strains on the organoleptic properties and biological value of the final product. Lactic acid bacteria in the starter culture should serve to normalize the microbiome of the gastrointestinal tract, thereby ensuring the functionality of the final product (cheese). The article presents the results of a study of the morphological, cultural and proteolytic properties of lactobacillus strains that are part of the bacterial starter culture used in the production of functional cheeses. It was revealed that all the objects of the study can participate in the proteolysis of casein. Active strains that have shown high results are Lactiplantibacillus plantarum CHE37 Ch-1 - 19.0± 0.5 mm, Lactococcus lactis subsp. lactis S5K8 CM-14 andLactococcus lactis 1881 Ch-8, the zone of enlightenment in the latter - 12.0± 0.2 mm. Only two strains can participate in gelatin proteolysis - Lactococcus lactis subsp. lactis S5K8 СМ-14 и Streptococcus macedonicus LAB 617 СМ-16. According to the results of the work, there is every reason to believe that strains of lactic acid bacteria with high proteolytic activity can be part of the starter culture used for the production of functional cheeses.
Области науки (FoS)
