Логотип репозитория
Коллекции
Публикации
Проекты и финансирование
Исследователи
Подразделения
Журналы
Аналитика
Ещё
Новый пользователь? Нажмите здесь, чтобы зарегистрироваться.Забыли пароль?
  1. Главная
  2. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет
  3. Жарияланымдар / Публикации
  4. Журнал мақалалары / Статьи в журналах
  5. ХӘКІМ АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» КОНЦЕПЦИЯСЫ ХХІ ҒАСЫР КОНТЕКСТІНДЕ
Загрузка...
Изображение-миниатюра

ХӘКІМ АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» КОНЦЕПЦИЯСЫ ХХІ ҒАСЫР КОНТЕКСТІНДЕ

Автор(ы)
Д.Б. Мухамадиев
B.S. Begmanova
Г.А. Абдукаримова
Г.Т. Танабаева
Дата публикации
27 сентября 2024 г.
Тип
journal article
Издатель
Ablai Khan University
Журнал
Izvestiâ KazUMOiMÂ im. Abylaj hana. Seriâ "Filologičeskie nauki".
Том
74
Выпуск
3
DOI
10.48371/phils.2024.3.74.028
ISSN
2411-8745
Аннотация
Бұл мақалада қазақтың ұлы кемеңгері, хәкім Абайдың «толық адам» концепциясы қазіргі жаһандану дәуірінде жоғалып бара жатқан рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, жоғымызды түгендеп, жан әлемін тазарту мен кемелдендіру бағытындағы құнды рухани ілім екені айқындалады. Ойшыл Абайдың аталмыш ілімі арқылы ақынды ғана танып қоймаймыз, өз-өзімізді танып, рухани дағдарыстан шығатынымыз сараланады. Мақаланың мақсаты –хәкім Абайдың «толық адам» концепциясын бүгінгі жаһандану талаптары туғызып отырған жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеу. Ойшыл ілімінің мәні мен мағынасын, рухани құндылығын, өмірде практикалық тұрғыда қолданылуын саралау мақаланың өзектілігін көрсетеді. Көрнекті абайтанушы ғалым, профессор Мекемтас Мырзахметұлы хәкім Абайдың «толық адам» іліміне айрықша назар аударып, күрделі ұғымдарға талдау жасап, мәнін ашып берді. Ғалымның бүгінгі қоғамға аса қажетті «толық адам» концепциясының маңызын үздіксіз насихаттап келе жатқан қажырлы еңбегін пайымдау бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізу барысында ойшылдың ілімін зерттеп, ғылыми мәні терең еңбектер жазып жүрген ғалымның зерттеулерін, пайымды тұжырымдарын саралау жұмыстары жүргізілді. Ойшылдың «толық адам» концепциясын зерделеген профессор М.Мырзахметұлының ғылыми тұжырымдарына және әдебиеттанушы ғалым жүйелеген данышпан ілімінің теориялық-практикалық қолданылу аясына талдау жасау мәселесі мақаланың негізгі бағыты мен идеясын айқындайды.Мақаланың ғылыми тұжырымы мен нәтижелері әдебиеттанушы, абайтанушы ғалымдар мен қоғамдық ғылым салалары мамандарының зерттеулеріне дереккөз бола алады. Орта, арнаулы орта оқу орындарындағы факультативтік сабақтар мен жоғары оқу орындарында «Абайтану» пәнін оқыту барысында қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады. Мақаланы жазу барысында ғылыми талдау, жүйелеу, кешенді талдау, сипаттамалық және аналитикалық әдістер, ғылыми әдіснамалар басшылыққа алынды.Зерттеу мақаланың нәтижелері қоғамдық ғылымдар салаларында бірқатар курстар мен семинарларда хәкім Абайдың «толық адам» ілімін зерделеу, түсіндіру, насихаттау барысында теориялық-практикалық тұрғыдан пайдалы болатынын айрықша атап өтуге болады.Бүгінгі жаһандану дәуірінде хәкім Абайдың «толық адам» концепциясын жан-жақты, кешенді түрде зерделеу қажеттігі туындап отырғанын білеміз. Аталған ілімнің қазақ даласында дүниеге келген құндылық екенін мақтанышпен айта аламыз. Алдағы уақытта берісі түркі әлемінің рухани айнасына, арысы жаһандық ізгілік ілімі болып насихатталып, адамзаттың игілігіне қызмет ететін рухани құбылыс екенін пайымдау мақаланың құндылығы әрі жұмыс қорытындысының практикалық маңызы деп білеміз.
Темы

Abai

spiritual values

spiritual science

spiritual well-being

spiritual harmony

spiritual intuition

spiritual insight

spiritual creativity

Области науки (FoS)

Arts and Humanities

Religious studies

Показатели
Get Involved!
  • Source Code
  • Documentation
  • Slack Channel
Make it your own

DSpace-CRIS can be extensively configured to meet your needs. Decide which information need to be collected and available with fine-grained security. Start updating the theme to match your Institution's web identity.

Need professional help?

The original creators of DSpace-CRIS at 4Science can take your project to the next level, get in touch!

Платформа: DSpace footer.extension-by footer.link.4science

  • Настройки специальных возможностей
  • Политика конфиденциальности
  • Пользовательское соглашение
  • Отправить отзыв