Загрузка...
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ STEM БОЙЫНША ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЫҚПАЛЫ
Автор(ы)
Дата публикации
1 октября 2025 г.
Тип
journal article
Том
91
Выпуск
3
ISSN
1728-7901
Аннотация
Бұл зерттеуде болашақ мұғалімдердің оқу-әдістемелік дағдыларын дамытуда пәнаралық байланыстың ықпалы қарастырылған. Зерттеу барысында пәнаралық байланыстардың болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін арттырудағы тиімділігі талданады және пәндерді интеграциялау арқылы оқытудың шығармашылық, инновациялық тәсілдері анықталады. Сонымен қатар, пәнаралық оқытудың мұғалімдердің пәндік құзыреттіліктерін жетілдіруге әсері, оқушылармен жұмыс жасау әдістерін жақсарту жолдары мен теория мен практиканы ұштастыраотырып интеграциялық тәсілдерді қолдану мүмкіндіктері көрсетілген. Болашақ мұғалімдер STEM технологияларын қолдану арқылы пәнаралық байланысты меңгеріп, пәндерді интеграциялау тәжірибесін жетілдіреді. Бұл олардың әдістемелік құзыреттіліктерін күшейтіп, заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеу 3-4 курс физика және информатика мұғалімдері арасында жүргізіліп, сауалнама мен сұхбат нәтижелері талданған. Нәтижесінде болашақ мұғалімдердің STEM-нің маңыздылығын түсінудеңгейі әртүрлі екені анықталды.
Области науки (FoS)
