Загрузка...
Психологиялық денсаулықты сақтаудың теориялық-әдіснамалық негіздері: әдебиеттерге шолу
Автор(ы)
Дата публикации
1 июля 2026 г.
Тип
journal article
Том
87
Выпуск
2
Аннотация
Мақалада психологиялық денсаулықты сақтаудың теориялық-әдіснамалық негіздері қазіргі психологиялық ғылым контекстінде жүйелі түрде қарастырылады. Зерттеу психология-лық денсаулық ұғымының мазмұндық құрылымын, оның негізгі ғылыми бағыттарын және әртүрлі теориялық мектептердегі интерпретацияларын талдауға бағытталған.Әдебиеттергешолу жасау барысында отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері салыстырмалы түрде қарастыры-лып, психологиялық денсаулықтың негізгі компоненттері мен оны сақтауға ықпал ететін факторлар (стресс, тұлғалық ресурстар, құндылықтық бағдарлар, әлеуметтік қолдау және психо-логиялық әл-ауқат) жүйеленді. Сонымен қатар, психологиялық денсаулықты түсіндірудегі патогенетикалық және салютогенетикалық тәсілдердің ерекшеліктері айқындалды.Теориялық талдау нәтижесінде психологиялық денсаулықты сақтау адамның бейімделу қабілеті, өзін-өзі реттеу деңгейі және тұлғалық ресурстардың белсенділігімен тығыз байланысты екені көрсетілді. Әсіресе, стресс-менеджмент, психологиялық қорғаныс механизмдері және құндылықтық бағдар-лар психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі факторлар ретінде сипатталды.Мақала психологиялық денсаулықты зерттеудің заманауи ғылыми бағыттарын жүйелеуге мүмкіндік беріп, оның құрылымдық-мазмұндық моделін түсінуге теориялық негіз қалыптасты-рады. Алынған нәтижелер болашақ эмпирикалық зерттеулерді жоспарлауға және психология-лық денсаулықты сақтау бойынша практикалық бағдарламалар әзірлеуге негіз бола алады.
Области науки (FoS)
