Загрузка...
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Автор(ы)
Дата публикации
1 июля 2026 г.
Тип
journal article
Том
94
Выпуск
2
Аннотация
Мақалада Қазақстан Республикасындағы демографиялық саясаттың эволюциясы тар салалық реттеу шеңберінен шығып, ұлттық дамудың стратегиялық архитектурасымен ұштасқан көпдеңгейлі басқару кеңістігіне айналған үдеріс ретінде талданады. Зерттеудің мақсаты – тәуелсіздік кезеңіндегі демографиялық өзгерістердің мазмұнын, олардың институционалдық логикасын және ұзақмерзімді демографиялық орнықтылыққа ықпал ету әлеуетін бағалау. Әдіснамалық негіз ретінде аралас зерттеу дизайны қолданылып, ұлттық статистика, халықаралық салыстырмалы деректер, стратегиялық құжаттар және құрылымдық-салыстырмалы талдау біріктірілді. Зерттеу Қазақстандағы демографиялық өзгерістерді туу, көші-қон, урбанизация және қартаюдың жеке-жеке қозғалысы ретінде емес, бірін-бірі күшейтетін әрі шектейтін жүйелік байланыстар жиынтығы ретінде қарастырады. Біз қазіргі ахуалды «өсімнен орнықтылыққа өтудің» кезеңі деп пайымдаймыз: халық санының артуы мен салыстырмалы жоғары фертильділік елге қолайлы мүмкіндік терезесін ашқанымен, бұл артықшылық әлеуметтік инфрақұрылымның сапасымен, аймақтық теңгеріммен, көші-қонды басқару тиімділігімен және қартаюға институционалдық бейімделумен бекітілмесе, ұзақмерзімді дивидендке айналмайды. Мақалада демографиялық саясаттың жаңа мазмұны адами капиталды ұдайы өндіру, кеңістіктік дисбалансты әлсірету, күтім экономикасын күшейту және дерекке негізделген өңірлік басқаруды қалыптастыру міндеттерімен сабақтастырылады. Зерттеу нәтижелері Қазақстан үшін демографиялық орнықтылық халық санының механикалық сақталуы емес, демографиялық құрылымның сапалық теңгерімі мен әлеуметтік институттардың бейімделу қабілетіне тәуелді екенін көрсетеді.
Области науки (FoS)
Файл(ы)![Изображение-миниатюра]()
Загрузка...
Название
W7201882063.pdf
Описание
Полный текст в открытом доступе, лицензия cc-by; источник: https://bulletin-socpolit.kaznpu.kz/index.php/ped/article/download/826/722
Размер
593,03 KB
Формат
Adobe PDF
Контрольная сумма
(MD5):77e2762553464e020458ff4659d7e917
