Загрузка...
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФАТИКАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ДЕРЕККӨЗДЕРІ
Автор(ы)
Дата публикации
29 сентября 2026 г.
Тип
journal article
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University
Том
156
Выпуск
3
Первая страница
110
Последняя страница
122
ISSN
2616-678X
Аннотация
Мақалада қазақ тіліндегі фатикалық коммуникацияның маңызды компоненті ретінде қаратпа сөздердің қызметі кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу барысында қаратпа сөздердің тыңдаушының назарын аударудағы, қарым-қатынасқа тартудағы, тілдік байланысты орнату мен сақтаудағы рөлі, олардың құрылымдық, семантикалық және прагматикалық сипаттары сараланады. Мақалада қаратпа сөздердің тілдік қатынастағы орны мен маңызына, оларды қолданудың нақты прагмалингвистикалық ерекшеліктеріне, сондай-ақ көркем мәтін мен ауызекі сөйлеудегі қызметіне ерекше назар аударылған. Автор қаратпа сөздердің сөз таптары негізінде жасалу жолдарын, олардың мағыналық және эмоциялық реңктеріне қарай түрленуін, сондай-ақ бұл сөздердің фатикалық метакоммуникациядағы мәнін терең зерттейді. Зерттеудің басты мақсаты – қазақ тіліндегі қаратпа сөздердің фатикалық коммуникациядағы прагматикалық қызметін анықтап, оларды жүйелі түрде талдау. Ғылыми маңыздылығы – қаратпа сөздердің құрылымы мен қолданысын фатикалық метакоммуникация тұрғысынан зерттеу арқылы қазақ тіл біліміндегі прагмалингвистика бағытындағы ізденістерді толықтыруында. Практикалық құндылығы – мақалада ұсынылған талдаулар мен сипаттамалар қазақ тілі оқытушыларына, тіл мамандарына, сондай-ақ коммуникация теориясын зерттеушілерге әдістемелік әрі қолданбалы тұрғыдан маңызды мәліметтер ұсынады. Мақалада салыстырмалы-талдау, сипаттамалы, прагмалингвистикалық әдістер қолданылған. Зерттеу міндеттеріне қаратпа сөздердің құрылымдық-семантикалық түрлерін анықтау, көркем және ауызекі дискурстағы қолданыс ерекшеліктерін сипаттау, олардың тыңдаушыға әсер ету тетіктерін көрсету кіреді. Нәтижесінде қаратпа сөздердің қазақ тіліндегі фатикалық коммуникация құралы ретіндегі ғылыми-практикалық мәні айқындалды.
Области науки (FoS)
Файл(ы)![Изображение-миниатюра]()
Загрузка...
Название
W7219884816.pdf
Описание
Полный текст в открытом доступе, лицензия cc-by-nc; источник: https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/download/1155/779
Размер
503,67 KB
Формат
Adobe PDF
Контрольная сумма
(MD5):d58ef3da5fc0011e7d78347a472797f1
