Загрузка...
ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ РЕЖИССЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ
Дата публикации
20 марта 2024 г.
Тип
journal article
Издатель
T.K. Zhurgenov Kazakh National Academy of Arts
Том
10
Выпуск
1
Первая страница
278
Последняя страница
297
ISSN
2414-4177
Аннотация
Қазіргі қоғамда ойын-сауық орталықтарының мәдени-демалыс бағдарламаларын ұйымдастырудың маңызы артып келеді. Бос уақытты тиімді ұйымдастыру, мәдени құндылықтарды дәріптеу және жаңа технологияларды қолдану мәдени-демалыс бағдарламалары режиссурасының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты – ойын-сауық орталықтарындағы мәдени-демалыс бағдарламаларын ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік аспектілерін зерделеу, олардың құрылымдық ерекшеліктерін талдау және тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсыну. Сонымен қатар, режиссерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи тәсілдерді қолданудың тиімділігін анықтау да зерттеу міндеттері қатарында қарастырылады. Зерттеу барысында мәдени-демалыс бағдарламаларын ұйымдастыруға байланысты ғылыми әдебиеттерге шолу жасалды, сондай-ақ Алматы қаласындағы ойын-сауық орталықтарында мәдени-демалыс бағдарламаларын ұйымдастыру тәжірибесі зерделенді. Ойын-сауық орталықтарындағы мәдени іс-шараларды жоспарлау мен өткізудің құрылымдық ерекшеліктері, әдістері мен құралдары қарастырылды. Сондай-ақ, мәдени-демалыс бағдарламаларының ұйымдастырушы режиссерінің қызметі, оның шығармашылық және басқарушылық рөлі талданды. Зерттеу нәтижелері ойын-сауық орталықтарындағы мәдени-демалыс бағдарламаларының негізгі функциялары рекреация, бейімделу, байланыс, түзету және шығармашылық дамуды қамтитынын көрсетті. Бағдарламаларды ұйымдастырудағы негізгі қағидалар – көрерменнің жас ерекшеліктерін ескеру, инновациялық әдістерді қолдану, заманауи технологияларды пайдалану және мәдени-ағартушылық құндылықтарды дамыту. Сонымен қатар, зерттеу барысында режиссердің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық көзқарасының мәдени-демалыс бағдарламаларының сапасына ықпал ететін негізгі фактор екені анықталды. Мәдени-демалыс бағдарламаларын тиімді ұйымдастыру режиссерлік шеберлік пен басқару қабілетін талап етеді. Ойын-сауық орталықтарындағы мәдени қызмет көрсету саласының дамуы қоғамның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады. Зерттеу нәтижелері мәдени-демалыс бағдарламалары режиссурасының теориялық және практикалық негіздерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл зерттеу мәдени-демалыс саласында қызмет ететін мамандар үшін әдістемелік нұсқаулық ретінде қолдануға болатын тәжірибелік ұсыныстарды ұсынады.
Области науки (FoS)
Файл(ы)![Изображение-миниатюра]()
Загрузка...
Название
W7167251443.pdf
Описание
Полный текст в открытом доступе, лицензия cc-by-nc-nd; источник: https://cajas.kz/journal/article/download/978/573
Размер
488,35 KB
Формат
Adobe PDF
Контрольная сумма
(MD5):d0a8de0c5e7617d140cb8c0eadba16ad
