Логотип репозитория
Сообщества и коллекции
Научные результаты
Проекты и финансирование
Исследователи
Подразделения
Журналы
Аналитика
Статистика
Новый пользователь? Нажмите здесь, чтобы зарегистрироваться.Забыли пароль?
  1. Главная
  2. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті / Казахский национальный женский педагогический университет
  3. Жарияланымдар / Публикации
  4. Журнал мақалалары / Статьи в журналах
  5. ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУДЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІ
Загрузка...
Изображение-миниатюра

ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУДЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІ

Автор(ы)
S.М. Nurbekova
Г. И. Салгараева
М.Е. Нарбекова
М.К. Худоярова
Дата публикации
1 июля 2026 г.
Тип
journal article
Том
81
Выпуск
2
DOI
10.48371/peds.2026.81.2.040
Аннотация
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының оқу қызығушылығының төмендеу мәселесі қарастырылады. Қазіргі білім беру тәжірибесінде оқу мазмұнының фрагменттеліп берілуі оқушылардың танымдық белсенділігіне кері әсер ететіні негізделеді. Зерттеудің негізгі мақсаты – оқу қызығушылығын арттырудың әдіснамалық тетігі ретінде интеграцияланған тапсырмалардың тиімділігін айқындау. Зерттеу барысында теориялық талдау және эмпирикалық әдістер қолданылды. Нәтижесінде интеграцияланған тапсырмалардың оқушылардың оқу мотивациясын арттыруға және оқу әрекетінің пәрменділігін күшейтуге ықпал ететіні анықталды.Зерттеу көпдеңгейлі әдіснамалық ұстанымдарға сүйене отырып жүргізілді. Әдіснамалық негіз ретінде білім беру үдерісін тұтас педагогикалық жүйе ретінде қарастыратын жүйелік-құрылымдық, оқушының танымдық белсенділігін жетекші фактор ретінде айқындайтын іс-әрекеттік, сондай-ақ оқу мазмұны мен әрекет түрлерінің өзара байланысын қамтамасыз ететін кіріктіру қағидаттары алынды. Теориялық деңгейде зерттеліп отырған мәселенің психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі жай-күйіне талдау жасалып, оқу қызығушылығын дамытудың ғылыми-әдіснамалық алғышарттары айқындалды.Эмпирикалық деңгейде педагогикалық бақылау, диагностикалық сауалнама, қалыптастырушы эксперимент және алынған нәтижелерді өңдеу мен интерпретациялаудың салыстырмалы-аналитикалық әдістері қолданылды. Қалыптастырушы эксперимент аясында оқу тапсырмалары пәндік шекаралардан тыс құрылып, білім мазмұнының мазмұндық және әрекеттік компоненттерінің өзара ықпалдасуын қамтамасыз ететін интеграциялық модель әзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Ұсынылған модель оқушылардың білімді репродуктивті деңгейде емес, мағыналық және рефлексиялық тұрғыда меңгеруіне бағытталды.Зерттеу нәтижелері интеграцияланған тапсырмалардың оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі ішкі уәждерді белсендендіріп, танымдық қызығушылықтың сапалық трансформациясын қамтамасыз ететінін көрсетті. Эксперимент қорытындысы бойынша оқушылардың оқу мазмұнын қабылдауында тұтастықтың қалыптасқаны, пәндік білімдердің өзара байланыста ұғынылуы және оқу әрекетінің дербестік деңгейінің артқаны анықталды. Сонымен қатар оқушылардың рефлексиялық қабілеттерінің,танымдық бастамашылдығы мен шығармашылық белсенділігінің өсу динамикасы байқалды. Қорытындылай келе, интеграцияланған тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының оқу қызығушылығын дамытудың тиімді педагогикалық құралы ғана емес, оқу әрекетін жаңаша ұйымдастыру мен қайта құрылымдаудың маңызды әдіснамалық ресурсы ретінде негізделеді.
Темы

integrated learning

integrated tasks

elementary school stu...

student motivation

cognitive activity

Области науки (FoS)

Psychology

Developmental and Edu...

Показатели
Get Involved!
  • Source Code
  • Documentation
  • Slack Channel
Make it your own

DSpace-CRIS can be extensively configured to meet your needs. Decide which information need to be collected and available with fine-grained security. Start updating the theme to match your Institution's web identity.

Need professional help?

The original creators of DSpace-CRIS at 4Science can take your project to the next level, get in touch!

Создано на основе Программное обеспечение DSpace-CRIS - расширение поддерживает и развивает 4Science

  • Настройки специальных возможностей
  • Политика конфиденциальности
  • Пользовательское соглашение
  • Отправить отзыв