Показано: 1 - 1 из 1
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    Ақын ержан әділбеков поэзиясының нейропоэтикалық және нейроэстетикалық аспектілері
    (2026-09-30)
    Д.Б. Мухамадиев
    ;
    Serikbol K. Syzdykov
    ;
    Аңдатпа.Зерттеу мақалада қазіргі қазақ поэзиясындағы жаңашыл үрдістердің бірі ретінде сөз зергері, ақын Ержан Әділбеков поэзиясы нейропоэтика мен нейроэстетика ұғымдары контекстінде зерделенді. Зерттеудің өзектілігі әдеби мәтінді тек дәстүрлі поэтикалық, құрылымдық немесе стильдік деңгейде ғана емес, оқырман санасында қалыптасатын когнитивтік, эмоциялық және психоэстетикалық қабылдау тетіктерімен сабақтастыра талдауға бағытталуымен айқындалады. Қазіргі гуманитарлық ғылымдардағы антропоөзектік, когнитивтік және пәнаралық парадигмалар көркем мәтін мен адам санасының өзара байланысын тереңірек зерделеуді қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, поэтикалық туындыны қабылдау үдерісі эстетикалық ықпалмен қатар менталдық және нейрокогнитивтік деңгейлерде жүзеге асатын күрделі құбылыс ретінде тұжырымдалады. Соңғы жылдары әлемдік әдебиеттану, эстетика және нейрогуманитаристика салаларында нейропоэтика мен нейроэстетика бағыттарының қарқынды дамуы көркем туындының адам миына, ойлау жүйесіне, эмоциялық күйіне және эстетикалық қабылдауына ықпалын кешенді тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік туғызып отыр. Бұл бағыттар көркем мәтіннің поэтикалық құрылымы мен оқырман санасындағы когнитивтік реакциялар арасындағы өзара байланысты айқындауға жол ашады. Осы ғылыми үдеріс аясында ақын Е.Әділбеков поэзиясы бейнелік ойлау, символдық кодтар, метафоралық құрылымдар және эмоциялық тереңдік арқылы оқырманның ішкі психологиялық кеңістігіне ықпал ететін күрделі көркемдік жүйе ретінде сипатталады. Ақын поэзиясындағы образдар мен семантикалық қабаттар оқырман санасында когнитивтік және эмоциялық реакциялар тудырып, эстетикалық қабылдаудың жаңа деңгейін қалыптастырады. Зерттеудің мақсаты – өлең сөз иесі Е.Әділбеков поэзиясындағы поэтикалық құрылымдардың нейропоэтикалық және нейроэстетикалық аспектілерін анықтау және олардың оқырман санасындағы қабылдану ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан сипаттау. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер белгіленді. Бірінші, нейропоэтика және нейроэстетика ұғымдарының әдебиеттанудағы теориялық-әдіснамалық негіздерін жүйелеу. Екінші, ақын поэзиясындағы образдық жүйе мен көркемдік тәсілдердің психоэстетикалық ықпалын талдау. Үшінші, поэтикалық мәтін мен оқырман санасы арасындағы өзара байланысты айқындау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ақын Е.Әділбеков поэзиясын алғаш рет нейропоэтикалық және нейроэстетикалық тұрғыдан кешенді түрде қарастыруында. Мақалада поэтикалық бейнелердің эстетикалық қызметімен қатар, олардың когнитивтік және эмоциялық әсері, менталдық аспектілері айқындалып, ақын өлеңдерінің оқырман санасына ықпал ету табиғаты ғылыми тұрғыдан пайымдалады. Зерттеу нәтижелері қазақ поэзиясын зерделеуде заманауи пәнаралық әдістерді қолданудың ғылыми-теориялық мәнін айқындайды.