Загрузка...
Журнал серии «Педагогические науки»
ISSN
2412-2149
2710-3269
Издатель
Ablai Khan University
4 результаты
Показано: 1 - 4 из 4
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, АРТ-ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕУЕТІ(Ablai Khan University, 2024-09-30) ;Aidyn Kozhagulov ;Alimbekova Anar Aymoldanovna; Bulshekbayeva AssemҚоғамныңқарқынды даму жағдайында, саяси және әлеуметтік мүмкіндіктердің кеңейе түсуіне байланысты, постиндустриалдық ақпараттық қоғам құру мен мәдениетаралық қарым-қатынастардың күн арта күшейуі, экономиканың дамуы, бәсекелестіктің артуы, біліктілікті қажет етпейтін еңбек саласының азайуы, әр қызмет саласындағы мамандардың іріктелуі мен үнемі кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі, жан-жақты мобильді маман болу сияқты заманауи құзыреттіліктердің айқындалуы, тұлға құндылықтарының рөлінің жоғарылауы. Педагогиканың міндеті мемлекет азаматын, отбасы иесін, білікті маман дайындауға көмектесу. Қазақстанның білім саясаты ұлттық көзқарастарды ескеріп, әлемдік бірлестіктерге таныстырып, озық үлгідегі әлемдік тәжірибелерге де сүйенеді. Жаңа білім беру парадигмасы қалыптасып қалған жүйенің күрделі түрде, түбегейлі мазмұны мен болашақ мамандарды даярлау технологиясының көркейуін, яғни мектепке дейінгі білім беру мамандарының да жаңғыруын талап етуде.Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту маңызды мәселе болып табылады. Мұнда арт-технологиялар қолдану арқылы кәсіби білім беру үдерісінжақсарту мүмкіндіктері қарастырылады. Арт-технологиялар (өнер технологиялары) білім беру жүйесінде шығармашылық қабілеттерді дамытуға, оқыту әдістерін әртараптандыруға, және оқу үдерісінқызықты әрі тиімді етуге көмектеседі.Авторлар болашақ педагогтердіңкәсіби құзыреттілігін арт-технологиялар арқылы дамыту олардың кәсіби деңгейін жоғарылатуға, білім беру сапасын жақсартуға және мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық әдістерді енгізуге мүмкіндік беретініне назар аударады.Мақалада болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арт-технологиялар арқылы дамытудың әлеуеті талданған. Авторлар болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арт-технология негізіндедамыту мүмкіндіктерінің маңыздылығын ашқан.Сондай ақ, мақаладаэмпирикалық зерттеу нәтижелерін шығаруда бірнеше әдістемелер қолданылды. Олар:шығармашылық ойлау диагностикасы (Графикалық бейнені құрудың икемділігін зерттеу (Э.П.Торренс бойынша), студенттердің көркемдік және шығармашылық қабілеттерін диагностикалау (Н.А. Лепская әдістемесі бойынша).Цитирования (OpenAlex) 1Цитирования (OpenCitations) 1 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ОҚУ ПРАКТИКАСЫ - БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫБілім берудегі теория мен практиканың өзара байланысы ХХ ғасырдың 80 жылдарының ортасында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты туындап, педагогика саласының маңызды ұстанымдардың біріне айналып, бірқатар ғалымдардың зерттеулеріне негіз болды. Теория мен практиканың өзара байланысы тұжырымдарын педагог ғалымдар М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Краевскийдің дидактикалық мектептері білім берудегі құзыреттілікке жақын, яғни, білім алушылардың шығармашылық іс-əрекеттері идеяларын ұсынған. Бұл идея бүгінгі күнгі білім берудегі құзыреттілік тəсілге негіз болып, оқу практикалары арқылы жүзеге асырылуда. Құзыреттілік тәсілдің білім, білік дағдылардан айырықша ерекшелігі олар білім берудің нəтижесі ретінде іс-əрекет арқылы көрініс табады. Оқу практикасында білім алушылар теориялық білім, білік, дағдыларды меңгерумен қатар, олар кәсіби міндеттерін сапалы түрде орындау үшін бағдарлама материалдарын оқып-үйренуді ұйымдастыру тəсілдеріне бара-бар іс-əрекетті меңгеру және оны жүзеге асыру негізінде білім беру жағдаяттарын біртұтас модельдей алады. Бұл өз кезегінде білім алушыларды алған білімдерін өздігінен шығармашылықпен қолдануға үйретеді. ЖОО-ғы заманауи оқу үдерісінде оқу практикасы педагогикалық үрдістің біртұтас бөлігі ретінде болашақ мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығының бірлігін қамтамасыз етеді. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы географиядан оқу практикасы - білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу практикасы оқыту үдерісінде теория мен практиканы байланыстыра отырып, іс-әрекеттік тәсілді жүзеге асырудың бірден-бір жолы. Өйткені, практикамен бекітілмеген немесе дәлелденбеген теория кез-келген сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, өзінің негізгі мән-мағынасын жоғалтатыны мәлім, ал теориялық негіздемесі жоқ практиканың тиімді әрі мақсаттқа бағытталған болуы да мүмкін емес. Оқу практикасынан өту кезінде білім алушы мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды, өйткені, оның кәсіби әрекеті практика барысында жетіледі. Сондықтан білім беру жүйесінің алдында оқытудың практикаға-бағдарланған тәсілін жүзеге асыру арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі қойылып отыр. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетке практикалық дайындығы оқу-тәрбие жұмысы үрдісінде педагогикалық міндеттерді шешу үшін қажетті педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Мақалада географиядан оқу практикасы арқылы білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру іс-әрекеттік тұрғысынан талқыланады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ФОРМИРОВАНИЕ УЧЕБНОЙ САМОСТОЯТЕЛЬНОСТИ СТУДЕНТОВВ настоящее время в высшем образовании делается акцент на формировании учебной самостоятельности бакалавров, как необходимого навыка для развития личностных и профессиональных компетенций, самоопределения и саморазвития в течение всей жизни. В ВУЗе необходимо пересматривать подход к организации учебного процесса, включая разнообразные форм обучения, направленные на субъеткную позицию студента. Необходимо ответственно подходить к разработке образовательных программ бакалавриата, так как от ее содержания зависит эффективность подготовки будущих специалистов. Целью исследования является определение возможности образовательных программ в формировании учебной самостоятельности будущих педагогов дошкольного и начального образования и оценка динамики уровней её сформированности от первого к выпускному курсу. В статье представлен анализ зарубежной и отечественной психолого-педагогической литературы в области формирования учебной самостоятельности в период профессиональной подготовки, раскрыта сущность понятия «самостоятельность», компоненты, подходы в ее определении. Авторами использованы аналитические методы, позволяющие определить уровень сформированности учебной самостоятельности студентов, представлен анализ используемых форм учебной деятельности, применяемых в процессе обучения будущих педагогов. Сформулирован вывод о том, что обучаясь по образовательным программам 6В01201 – Дошкольное воспитание и обучение и 6В01301 – Педагогика и методика начального обучения КазНацЖенПУ большинство студентов к 4 курсу мотивированы к развитию профессиональных компетенций и реализации деятельности педагога, проявляют активность, инициативу и креативность при выполнении учебных заданий, осваивают не только базовое содержание обучения, но и, проявляя инициативу, получают дополнительные компетенции. Настоящее исследование расширяет представления о формировании учебной самостоятельности будущих педагогов дошкольного и начального образования посредством реализации образовательных программ, включающих разнообразные формы проведения лекционных, практических, СРС, СРСП и других занятий. Полученные в исследовании результаты могут быть использованы разработчиками образовательных программ, а также эдвайзеров групп по определению индивидуальной образовательной траектории.Цитирования (OpenAlex) 1 - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БИОЛОГ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ – МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІЗаман талабына сай оқу үрдісінде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Заманауи негізгі міндеттердің бірі осы заманғы білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеруді мақсат ете отырып, сапалы білім мен білік алған бәсекеге қабілетті болашақ маман иегерін дайындау. Сонымен қатар теориялық білімін практикамен ұштастырып қолданысқа ендіру арқылы еліміздің дамып көркейуіне өз үлесін қоса алатын, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жоғары, толық қалыптасқан жеке тұлғаны жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда еркін және белсенді ойлайтын, тәрбие мен білім беру процесін модельдейтін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа идеялары мен технологияларын өз бетінше ұсынып және оқу үрдісіне енгізетін болашақ мұғалімнің құзыреттілігі кәсіби деңгейін көтеру өзекті мәселе. Қазіргі түлек белгілі бір мамандық бойынша халықаралық талаптарға сай болуы керек, яғни еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу. Біріншіден, кәсіби сауатты ұстаз оқу-тәрбие жұмысының барысында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға оң әсер етеді; екіншіден, ол өзінің кәсіби қызметінде ең жақсы нәтижеге жетеді; үшіншіден, ұстаз өзінің кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіруді іске асырады. Теориялық және практикалық дайындығының бірлігін қамтамасыз ететін кәсіби іс - әрекеттер жүйесі ретінде кәсіби моделін ұсынудың тиімділігі жоғары. Кәсіби маман ретінде модельдер аясында мұғалімнің тұлғасы қалыптасады. Бұл педагогикалық іс-әрекет процесін анықтауға мүмкіндік береді, бұдан мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби позициясы дамиды және көзқарасы жақсарады, таңдаған мамандығы бойынша біліктілігі жетіледі, шеберлігі қалыптасады. Мақалада биолог мұғалімдердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру мақсатында құрастырылған құрылымдық-мазмұндық модельді оқу үрдісінде қолдану және оның тиімділігі талданылған.
