Загрузка...
Журнал серии «Педагогические науки»
ISSN
2412-2149
2710-3269
Издатель
Ablai Khan University
2 результаты
Показано: 1 - 2 из 2
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МАТЕМАТИКА МЕН ХИМИЯ ПӘНДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ - БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУ ҚҰРАЛЫМақалада колледждер мен мектептердегі орта білім деңгейіндегі химия мен математика пәнінің өзара байланысының мүмкіндігі қарастырылады. Пәнаралық қатынастар мектеп математикасының пайдасы мен қолданылуын түсінудің негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Бұл зерттеу қазіргі қоғамдағы белгілі бір мамандық үшін қажетті математикалық білімді оқытудың тиімділігін, оны қолдана білуді, экономикалық, нарықтық қатынастарды түсінуді, жаңаша ойлауды, саяси жағдайы, мәдениетті және тұлғаны қалыптастыруды дамытуды көрсетеді. Басқа пәндер арасындағы байланысты және олардың қазіргі оқытудағы рөлін ескере отырып, математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мүмкіндігі анықталады. Мектеп математика курсындағы пәнаралық байланыстарды зерттеу білімді терең игеруге, ғылыми көзқарасты, материалдық дүниенің бірлігін, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын қалыптастырады. Демек, пәнаралық байланыстың күнделікті өмірде өте үлкен тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар оқушылардың ғылыми білімі мен біліктіліктерін жоғарылатып, шығармашылық қабілеттерін және логикалық ойлау деңгейін арттыратыны сөзсіз. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру берілген тақырыпты жан-жақты қарауға бағыттайды, уақыт үнемдейді және оқушылардың ғылымға деген қызығушылықтарын дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды. Математика күнделікті тұрмыс тіршілікте,көптеген кәсіби салаларға өте өзекті ғылым екені баршамызға мәлім. Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын нығайту математикалық білім беруде ерекше орын алады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БИОЛОГ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ – МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІЗаман талабына сай оқу үрдісінде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Заманауи негізгі міндеттердің бірі осы заманғы білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеруді мақсат ете отырып, сапалы білім мен білік алған бәсекеге қабілетті болашақ маман иегерін дайындау. Сонымен қатар теориялық білімін практикамен ұштастырып қолданысқа ендіру арқылы еліміздің дамып көркейуіне өз үлесін қоса алатын, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жоғары, толық қалыптасқан жеке тұлғаны жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда еркін және белсенді ойлайтын, тәрбие мен білім беру процесін модельдейтін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа идеялары мен технологияларын өз бетінше ұсынып және оқу үрдісіне енгізетін болашақ мұғалімнің құзыреттілігі кәсіби деңгейін көтеру өзекті мәселе. Қазіргі түлек белгілі бір мамандық бойынша халықаралық талаптарға сай болуы керек, яғни еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу. Біріншіден, кәсіби сауатты ұстаз оқу-тәрбие жұмысының барысында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға оң әсер етеді; екіншіден, ол өзінің кәсіби қызметінде ең жақсы нәтижеге жетеді; үшіншіден, ұстаз өзінің кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіруді іске асырады. Теориялық және практикалық дайындығының бірлігін қамтамасыз ететін кәсіби іс - әрекеттер жүйесі ретінде кәсіби моделін ұсынудың тиімділігі жоғары. Кәсіби маман ретінде модельдер аясында мұғалімнің тұлғасы қалыптасады. Бұл педагогикалық іс-әрекет процесін анықтауға мүмкіндік береді, бұдан мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби позициясы дамиды және көзқарасы жақсарады, таңдаған мамандығы бойынша біліктілігі жетіледі, шеберлігі қалыптасады. Мақалада биолог мұғалімдердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру мақсатында құрастырылған құрылымдық-мазмұндық модельді оқу үрдісінде қолдану және оның тиімділігі талданылған.
