Показано: 1 - 2 из 2
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ «ТРИГОНОМЕТРИЯ» БӨЛІМІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНМЕН БЕРІЛГЕН ЕСЕПТЕРМЕН БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУ
    (Ablai Khan University, 2025-06-01) ; ;
    Gulim Bergenzhanova
    Мақалада мектеп бағдарламасындағы математика курсындағы «Тригонометрия» бөлімін экологиялық мазмұнда берілген есептер арқылы оқытудың маңыздылығы қарастырылады. Сонымен қатар, математика сабақтарына экологиялық мазмұнмен берілген есептерді кіріктіре оқыту — қазіргі заман талабына сай білім берудің маңызды аспектілерінің бірі болып отыр. Тригонометрияның табиғаттағы құбылыстарды өлшеу мен модельдеудегі рөлі, мысалы, ағаштардың биіктігін анықтау, жердегі су деңгейінің өзгерісін бақылау секілді практикалық есептер арқылы түсіндірілген. Атап айтқанда, оқушыларға математиканың күнделікті тұрмыста қолданылуын көрсетумен қатар, олардың мектеп қабырғасында алған теориялық білімдерін өмірде қолдануға мүмкіндік беретін бағыттардың бірі екендігін көруге болады. Демек, экологиялық есептерді шешуде тригонометриялық әдістерді пайдалану оқушылардың нақты әлемдегі экологиялық мәселелерді модельдеу және түсіндіру қабілеттерін дамытады. Мұндай тәсіл оқушылардың табиғатты қорғауға саналы жауапкершілігін арттырады.Мақаланың басты мақсаты — оқушыларды математикадан алған білімдерін нақты өмірде қолдана білуге, қоршаған ортаның түрлі мәселелерін тригонометрия әдістері арқылы шешуге баулу. Бұл, өз кезегінде, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың экологиялық сана-сезімінің оянуына ықпал етеді. Экологиялық есептерді пайдалану білім беруді өмірмен, нақты әлем мәселелерімен тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді.Тригонометрия бөлімін экологиялық мазмұндағы есептермен байланыстыра оқытудың маңыздылығы білім алушылардың аналитикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуда құнды. Бұл тәсілдің маңыздылығы, оның оқушыларға жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста кешенді білім беруге қабілеттілігінде. Оқушылар жаңартылған әдіс-тәсілдердің көмегімен экология мен математика арасындағы байланысты түсініп, бұл білімді келешекте қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуды қолдау шараларында пайдалана алады. Осылайша, тригонометрияны экологиялық мазмұнмен оқыту болашақ ұрпақтың интеллектуалдық дамуына ғана емес, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    МАТЕМАТИКА МЕН ХИМИЯ ПӘНДЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ - БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУ ҚҰРАЛЫ
    (Ablai Khan University, 2024-03-28) ;
    A.Б. Жeкceмбинoвa
    ;
    А.Т. Заманбекова
    Мақалада колледждер мен мектептердегі орта білім деңгейіндегі химия мен математика пәнінің өзара байланысының мүмкіндігі қарастырылады. Пәнаралық қатынастар мектеп математикасының пайдасы мен қолданылуын түсінудің негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Бұл зерттеу қазіргі қоғамдағы белгілі бір мамандық үшін қажетті математикалық білімді оқытудың тиімділігін, оны қолдана білуді, экономикалық, нарықтық қатынастарды түсінуді, жаңаша ойлауды, саяси жағдайы, мәдениетті және тұлғаны қалыптастыруды дамытуды көрсетеді. Басқа пәндер арасындағы байланысты және олардың қазіргі оқытудағы рөлін ескере отырып, математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мүмкіндігі анықталады. Мектеп математика курсындағы пәнаралық байланыстарды зерттеу білімді терең игеруге, ғылыми көзқарасты, материалдық дүниенің бірлігін, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын қалыптастырады. Демек, пәнаралық байланыстың күнделікті өмірде өте үлкен тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар оқушылардың ғылыми білімі мен біліктіліктерін жоғарылатып, шығармашылық қабілеттерін және логикалық ойлау деңгейін арттыратыны сөзсіз. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру берілген тақырыпты жан-жақты қарауға бағыттайды, уақыт үнемдейді және оқушылардың ғылымға деген қызығушылықтарын дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды. Математика күнделікті тұрмыс тіршілікте,көптеген кәсіби салаларға өте өзекті ғылым екені баршамызға мәлім. Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын нығайту математикалық білім беруде ерекше орын алады.