Показано: 1 - 4 из 4
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ҚАЗАҚ ДАЛАСЫН ОТАРЛАУ ПРОЦЕСІНІҢ ӘДЕБИЕТТЕГІ КӨРІНІСІ
    (Ablai Khan University, 2023-12-28) ;
    E. K. Sartbayeva
    ;
    Ryskul Borash
    Зерттеудің мақсаты – кеңес заманында жарық көрген дилогияның аллегориялық сипатын аша отырып, көркем туынды желісі бойынша қазақ жерін отарлау үдерісіне бойлау. Авторлық позицияны айқындауды негізгі бағыт ете отырып, авторлар тәуелді кезең туындыларына жаңаша көзқараспен қарап, интерпретациялау қажеттігі идеясын алға тартады. Сан жылдар бойы бұрмаланған дәстүріміз бен ұлттық болмысымызды тарихи қалың қабаттарынан аршып, індете зерттеп, құндылығымызды дәріптеу, тәуелсіз көзқарас тұрғысынан оң бағасын беру – зерттеудің өзектілігі болып табылады. Ғылыми жаңалығы – астарлы мағынада жазылған романды тәуелсіздік көзқарас тұрғысынан пайымдап, қалың қабатын аршып көрсетіп, қаламгердің романды жазудағы басты мақсатын, ұлтына адалдығын, елжандылығын танытуында. Зерттеу нысанына жазушы Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» дилогиясы алынды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы отарлық пиғыл мен мақсатты оқырманға түсіндіру арқылы авторлық шешімнің айқындалды. Тарихи фактілерге сүйене отырып, заман атмосферасын, тынысын, әлеумет өмірін айқын көрсету үшін автор кеңестік заманда осы туындыны мақсатты түрде жазған. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы оның жетістіктерін қазақ тарихы, қазақ әдебиетінің тарихына қатысты арнайы курс, семинарларда, оқу құралын жазуда кеңінен пайдалануға болады. Жазушы шеберлігі мен өмір шындығы, ондағы көркемдік мұраттар, қазақ болмысы, дүниетанымы өзара байланыста қарастырылады. Осы бағытта тарихи, тарихи-мәдени, тарихи-типологиялық зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеуде геосаяси жағдайларға байланысты қазақ жерін отарлау процесі күрделі жағдайда өткені, оның қазақ халқының өміріне үлкен өзгерістер әкелгені, тұтас ұрпақтың психологиясына кері әсерін тигізгені ғылыми еңбектерге сүйене отырып талданып, айқындалды. Нәтижесінде романның өн бойында көрініс тапқан патшалық империяның отарлау; қазақ зиялылары мен ақсүйектерін кемсіту, мұқату, қорлау; қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алу; құнарлы жерге орыс даласынан келімсектерді әкеліп орналастыру; зиянды, кеселді қасиеттерін үйрету, жұқтыру сынды дүниелер әлеумет өмірі арқылы пайымдалды. Соның ішінде дала халқы тіршілігінің негізгі көзі болған жылқы түлігінен айыру арқылы қазақ рухының әлсіреуі мәселесі кеңінен пайымдалады. Зерттеудің құндылығы сол Ақан сері трагедиясына тереңдеу арқылы мәдениет, тарих, этнография, құқық саласына қажетті білім құндылықтары жүйеленді. Жұмыс қорытындысының практикалық маңыздылығы тоталитарлық жүйеге қарамастан отарлық пиғылды ашық көрсеткен ұлт жанашыры С.Жүнісов романының тарихи құндылығы, ұлт руханияты үшін маңыздылығы бағамдалды.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    СКРИПТОНИМДЕРДІҢ ЛИНГВО-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АТАУЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
    (Ablai Khan University, 2025-03-01) ;
    Мақалада ұлттық ойындарға қатысты сакралды тілдік бірліктер ұйытқы болған екінші мағыналы скриптонимдердің лингво-семантикалық ерекшеліктері талқыланады. Әлеуметтік маңызы бар феномен ретінде ойын мен ғұрыптық рәсімдердің өзара байланысы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды. Осыған қатысты тілші, этнограф ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, халықтың рухани және шығармашылық салаларының барлығын қамтитын ұлттық ойындарды ғұрыптық рәсімдермен бір деңгейде қарастырдық.Күні бүгінге дейін этнограф, мәдениеттанушы, тілші ғалымдардың тарапынан ұлттық ойындар мен ғұрыптық рәсімдер, олардың өзара байланысы жан-жақты зерттеліп келеді. Алайда ұлттық бірегейлігімізді, рухани-мәдени болмысымыз бен құндылықтарымыздың көзі ғұрыптық рәсімдер мен салт-дәстүрлеріміздің, меркелер мен ойындарымызды тасымалдаушы, ұлттық жадымызды жаңғыртушы мәдени мәтіндерге байланысты қалыптасып, екінші мағынаға ие болған тілдік қолданыстар («скриптонимдер») зерттеу нысанына алынбай келеді. Осыған орай, ұлттық ойындарды халықтың сан ғасырлық тәжірибесінің айғағы, негізгі құндылықтарымызды сақтаушы және тасымалдаушы қор, кодтық элементтері бар мәдени мәтін деп қарастырып, олардың тілімізде қалыптасқан сакралды-символдық кодты бірліктерге, соның ішінде акционалды, заттық, вербалды, темпоралдық кодты скриптонимдерге ұйытқы болатыны анықталды. Сонымен қатар зерттеу барысында ұлттық ойындардың негізінде қалыптасқан екінші мәнді скриптонимдердің өзінің «табиғи» прототипімен мағынасы ұқсас болатыны анықталды. Мақалада ұлттық ойындарға қатысты, екіншілік мағынаға ие болған тілдік қолданыстарға сипаттамалық, этимологиялық талдау, мәліметтерге концептуалды және лингвомәдени түсінік беру әдістері қолданылады. Ұсынылған теориялық тұжырымдар қазақтың салт-дстүрлері, дәстүрлі атаулары туралы жазылған еңбектерден, көркем шығармалар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған мысалдармен дәйектелді.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ
    (Ablai Khan University, 2025-06-01)
    А. Қ. Казтаева
    ;
    ;
    А. Хуңшан
    ;
    Қазақ әдебиетіндегі Семей қасіреті тақырыбындағы көркем шығармалар – дәуір шындығын, тұтас ұлтқа жасалған зұлымдықты көркем бейнелейтін туындылар. Бұл шығармаларды қатігез қоғамнан қалған жан, тән жарасын көркемдік иін қандыра шеберлікпен суреттей алған туындылар деуге толық негіз бар. Зерттеудің тақырыбы – прозадағы экология мәселесі, мақсаты – ұлт өмірінде әбден толғағы жеткен, экологиялық зәру мәселені танып, суреттеген жазушы шығармаларының құндылығын, көркемдік ерекшелігін, дәуір шындығының көркем әдебиетте бейнелену үлгісін талдап, тану. Өзектілігі – қазақ халқына сан жылдарға кететін қасірет пен зауал әкелген қолдан жасалған қастандық жайында жазылған шығармалардағы тарихи шындық пен көркем шындықтың сабақтастығын көрсету. Зерттеуде салыстыру, талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды. Қазіргі әдеби туындылар табиғаттың әртүрлі аспектілерін, экологиялық проблемаларды және адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын көрсете отырып, экологиялық дағдарыстың сын-қатерлеріне белсенді түрде жауап береді. Бұл тақырып заманауи экологиялық мәселелер тұрғысынан көркем шығармаларда қандай эстетикалық және этикалық мәселелер көтерілетінін талдауға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижесі авторлардың экологиялық идеяларды жеткізуде қолданатын әдеби стратегиялары мен құралдарын анықтауға, сондай-ақ қоғамда экологиялық сананың қалыптасуына әдебиеттің әсерін қадағалайды. Зерттеу барысында авторлар Семей полигоны, оның жергілікті халыққа тигізген зардабы жөнінде жазылған туындыларды зерделей отырып, тақырыпты көркем игерудегі жазушылардың қол жеткізген шеберлік қырларын көрсете білген.Қазіргі әдебиет қаламгерлердің әлем алдында тұрған экологиялық мәселелерді көрсететін эстетикалық аренаға айналуда. Алдағы экологиялық дағдарыс, климаттың өзгеруі және биоалуантүрлілікке қауіп төнуі әдеби дискурстың ажырамас бөлігіне айналуда. Зерттеу нысаны ретінде Р.Нұрғалидың «Өлген тау», Б.Тілегеновтің «Қара жел», С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр» шығармалары алынды. Зерттеу қазіргі жазушылардың экологиялық тақырыптарды қалай, қандай контексте және қандай әсермен қамтитынын жан-жақты талдауға бағытталуымен құнды. Практикалық құндылығы зерттеу нәтижесін әдебиет, тарих, әлеумет, экология саласындағы зерттеу еңбектерде кеңінен пайдалануға болады. Зерттеудің маңыздылығы – алдағы уақытта постколониализм, әлеуметтану, экопроза бағытындағы зерттеулерге белгілі бір үлес қосады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    О. БӨКЕЙ КЕЙІПКЕРЛЕРІ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ СТЕРЕОТИПТЕР (О. БӨКЕЙ “ҰЙҚЫМ КЕЛМЕЙДІ” ӘҢГІМЕСІНІҢ НЕГІЗІНДЕ)
    (Ablai Khan University, 2024-09-27)
    Н. Накибаева
    ;
    ; ;
    Ғ. Отарбаева
    Мақалада «Кейіпкер ішкі әлемін бейнелеудің психологиялық аспектілері (Оралхан Бөкей шығармаларының негізінде)» атты докторлық диссертациялық жұмыс шеңберінде Оралхан Бөкей әңгімелерінің кейіпкер ішкі әлеміндегі құбылыстар арқылы автор мен кейіпкер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар, қоршаған орта мен қоғамның кейіпкер мінезіне әсер етуін әдебиеттанушылар мен психологтардың теориялық еңбектеріне сүйеніп, стереотипке толы қоғам қалыптастырған адам бейнесін ашу –мақаланың негізгі мақсаты. Мақалада шығармадағы басты кейіпкер Жеңісханның өз аузымен баяндаған әңгімесінен кейіпкердің өзі түсінбеген мінезі мен іс-әрекеттерін талдау нысанаға алынған. Мақаланың өзектілігі –адамның мінезіне психологиялық талдау жасауда теориялық зерттеулермен қатар, көркем шығармадағы кейіпкер мінезінен адамды танып, оның ішкі әлеміне терең еніп, әр түрлі конфликттер мен шешімдер арқылы психологиялық өзгерістерді көрсете білуінде. Мақалада Оралхан Бөкейдің кейіпкері танымындағы стериотиатерге талдау жасау арқылы адам бойындағы, қоғамдағы, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастардағы стериотиптер айқындала түседі. Қарапайым адамның өміріндегі стереотиптер адамды нендей әрекеттерге апарары шығармада айқын көрсетілген.Зерттеудің теориялық бөлімінде О.Бөкей шығармашылығына қатысты зерттеу жұмыстары қарастырылып, әңгімелерінде қазақ халқына тән ұлттық стереотиптер айқын көрінетіндігі, кейіпкер мінезіне тікелей әрі жанама әсер еткен стереотиптердің адам психологиясын қалайөзгертетіні баса назарға алынады. Әңгімедегі детальдер –басты кейіпкердің түсі, көршісінің айтқан бір ауыз сөзі, әйелінің күрсінуі сияқты кейіпкерге қатысты әрекеттер басты кейіпкердің стереотипті ойлауынан туындағаны, қоғамның бейсаналы қысымы кейіпкердің ішкі толғаныстарынан көрінеді.Зерттеудің әдіснамалық негіздері ретінде әдебиеттанушылар мен психологтардың еңбектерінің негізінде психоанализ әдісі, герменевтикалық әдіс, мотив талдау әдістері қолданылды. Автор мен кейіпкер арасына психологиялық параллель жүргізу арқылы талдау жасалды.