Загрузка...
Izvestiâ KazUMOiMÂ im. Abylaj hana. Seriâ "Filologičeskie nauki".
ISSN
2411-8745
2709-9245
Издатель
Ablai Khan University
17 результаты
Показано: 1 - 10 из 17
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, О. БӨКЕЙ КЕЙІПКЕРЛЕРІ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ СТЕРЕОТИПТЕР (О. БӨКЕЙ “ҰЙҚЫМ КЕЛМЕЙДІ” ӘҢГІМЕСІНІҢ НЕГІЗІНДЕ)Мақалада «Кейіпкер ішкі әлемін бейнелеудің психологиялық аспектілері (Оралхан Бөкей шығармаларының негізінде)» атты докторлық диссертациялық жұмыс шеңберінде Оралхан Бөкей әңгімелерінің кейіпкер ішкі әлеміндегі құбылыстар арқылы автор мен кейіпкер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар, қоршаған орта мен қоғамның кейіпкер мінезіне әсер етуін әдебиеттанушылар мен психологтардың теориялық еңбектеріне сүйеніп, стереотипке толы қоғам қалыптастырған адам бейнесін ашу –мақаланың негізгі мақсаты. Мақалада шығармадағы басты кейіпкер Жеңісханның өз аузымен баяндаған әңгімесінен кейіпкердің өзі түсінбеген мінезі мен іс-әрекеттерін талдау нысанаға алынған. Мақаланың өзектілігі –адамның мінезіне психологиялық талдау жасауда теориялық зерттеулермен қатар, көркем шығармадағы кейіпкер мінезінен адамды танып, оның ішкі әлеміне терең еніп, әр түрлі конфликттер мен шешімдер арқылы психологиялық өзгерістерді көрсете білуінде. Мақалада Оралхан Бөкейдің кейіпкері танымындағы стериотиатерге талдау жасау арқылы адам бойындағы, қоғамдағы, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастардағы стериотиптер айқындала түседі. Қарапайым адамның өміріндегі стереотиптер адамды нендей әрекеттерге апарары шығармада айқын көрсетілген.Зерттеудің теориялық бөлімінде О.Бөкей шығармашылығына қатысты зерттеу жұмыстары қарастырылып, әңгімелерінде қазақ халқына тән ұлттық стереотиптер айқын көрінетіндігі, кейіпкер мінезіне тікелей әрі жанама әсер еткен стереотиптердің адам психологиясын қалайөзгертетіні баса назарға алынады. Әңгімедегі детальдер –басты кейіпкердің түсі, көршісінің айтқан бір ауыз сөзі, әйелінің күрсінуі сияқты кейіпкерге қатысты әрекеттер басты кейіпкердің стереотипті ойлауынан туындағаны, қоғамның бейсаналы қысымы кейіпкердің ішкі толғаныстарынан көрінеді.Зерттеудің әдіснамалық негіздері ретінде әдебиеттанушылар мен психологтардың еңбектерінің негізінде психоанализ әдісі, герменевтикалық әдіс, мотив талдау әдістері қолданылды. Автор мен кейіпкер арасына психологиялық параллель жүргізу арқылы талдау жасалды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ORGANIZATION OF PUBLIC SPEAKING AND PUBLIC PRESENTATIONS, PRACTICAL TIPS TO PRACTICE PUBLIC PRESENTATION SKILLS(Ablai Khan University, 2024-03-29)A.S. OrazbayevaThe article under research deals with the organizational ways or techniques to deliver a speech in public. The given article covers the problems as the definitions of public presentation and public speaking, differentiating features of both notions, practical recommendations on what makes public speaking and presentation special, and how to develop public presentation skills. Delivering a speech before the public is not an easy task, we have to practice this skill, learn certain techniques to improve, and be informed about the world experiences of organization of public speaking and presentation. The authors use both terms public speaking and public presentation together as synonymic terms that go as one related notion. At the same time, they have some differences which are typical to each of them. And one of the tasks in writing the given article is to show their essence and differentiating features. As the result of the research, the authors give a number of practical tips and recommendations to organize effectively public speaking and presentation. There are so many methods to organize public presentations, but again our task is to recommend the most effective ones that are worked on and chosen from our own experiences. The research methods are descriptive, comparative, analytical, and pragmatic analysis. The research methodology is an analytical research review of existing ideas on the described topic, and personal viewpoints as the specialist in the given field. The article is fully practical and concerns on the essence of public speaking, its functions, characteristic features, and tips for the effective organization of public speaking for our students. The authors have given their professional points of view on the organization and teaching public speaking skills to students to communicate well in different settings. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҰЙҚАС ЖӘНЕ ОЙДЫ ТАҚПАҚТАП БЕЙНЕЛЕУ ТӘСІЛІ(Ablai Khan University, 2024-12-01) ;Б. Жылқыбекұлы; ;Zhazira TursynaliР.Б. ДжельдыбаеваӨлеңтану саласында ұйқастың көркемдік мәні мен ырғақтық міндетін өлең тақырыбынан айқын ажырата алмағандығымыз себепті, өлеңді тануда көптеген қателіктер пайда болды. Ырғақ пен ұйқасқа түскен шумақтардың бәрі бірдей дарынды өлең деп есептелді. Сол негіздеөлең өнерінің сыртқы құрылымдық жүйесі, атап айтқанда, буын, бунақ, ырғақ, ұйқас сынды өлеңнің сазды сарынын көрнектілендіретін ерекшеліктері баса назарға алынып, оның суреткерлік, образдылық және бүкпелеу сынды ішкі мәндік ерекшеліктері ойдан қағыс қалып отырды. Сөйтіп қазақ өлең өнерінің дамуы мен өркендеуінде сыңар жақтылы көзқарастар қалыптасты. Төрт жолдың басын ұйқастыра салып, бір шумақ өлеңді дүниеге әкелетін ақын болу үдерісі әдеби шығармашылық майданында көптен бері белең ала бастады. Ондай ақындардың шығармашылығына өлеңнің жоғары көркемдік өлшемі деңгейінде баға беріп, сын айту жоқтың қасы болды. Өйткені өлең теориясының зерттеп-зерделеу бағыты тек өлеңнің құрылымдық ерекшелігіне талдау жасаудан ары аса алмады. Тіпті, қара сөзбен жазылғанэсселердің өзін прозалық өлең деушілер де күн сайын молыға түсті. Өлең мен қара сөздің ара жігін ажырата алмайтын ой-пікірлер пайда болды. Көркем әдеби шығармашылықтағы поэтикалық ерекшеліктер туралы көзқарас-түсініктер солғындап, өлеңтануда қарабайыр пайымдар орын ала бастады. Ақындық өнер ретінде емес, кәсіп ретінде, өлең жазу жоғары деңгейдегі шығармашылық емес, «өндіріс» сарынында көзге түсіп отырды. Өлеңтану саласындағы осындай олқылықтарды ескере келе, нақтылы мысалдар мен фактілер негізінде өлеңтану саласына тың өзгерістердің керек екенін ортаға қойған бұл ғылыми еңбек тақпақтар мен сарынды өлеңдердің және эсселердің ерекшеліктеріне ырғақтық негізде талдау жүргізіп, оның өлең өнерінде атқаратын рөліне баса назар аударып, ойды тақпақтап жеткізу барысындағы ырғақтың маңыздылығын бұлтартпас дәлел-фактілер арқылы айқындап береді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АДАМ ПСИХОЛОГИЯСЫ: АЯГҮЛ МАНТАЙ ӘҢГІМЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕМақалада жоғары оқу орындарының филология бағытындағы білім беру үдерісінде кең қолданылатын, әрі әдебиеттану шеңберінде тиімділігі дәлелденген тәсілдер қарастырылады. Қазақ әдебиетіндегі, әсіресе тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасы зерттеу нысанына алынып, олардың көркемдік ізденістері мен шығармашылық ерекшеліктері зерделенеді. Проза жанрын талдау барысында әдеби үдерістегі жаңашылдықтар мен тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктерге назар аударылады.Қазіргі әдебиеттану негізінде әңгіме жанрын ғылыми тұрғыда талдау, жазушылардың көркемдік концепциясын айқындау көзделеді. Мақаланың мақсаты – тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасының әдеби кеңістіктегі маңызын ашып көрсету және олардың шығармалары арқылы қазіргі қазақ прозасының даму бағыттарын айқындау.Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – прозалық мәтіндерге талдау жасау арқылы жаңа тұжырымдар ұсыну болса, тәжірибелік мәні – зерттеу нәтижелерін әдебиеттанушылар, магистранттар мен докторанттар өз еңбектерінде пайдалана алады.Аягүл Мантай шығармашылығындағы ерекше сипаттар мен көркемдік айшықтарды талдау арқылы қазіргі қазақ прозасының бағыт-бағдары мен жанрлық-мазмұндық өзгерістерін аңғаруға болады.Тақырыпты ашу барысында келесі зерттеу тәсілдері қолданылды: теориялық және типологиялық талдау, тарихи-әдеби көзқарас, интерпретация. Жазушы әңгімелерін тақырыптық және көркемдік тұрғыдан саралау арқылы олардың қазақ прозасындағы орны мен маңызын айқындауға болады. Аягүл Мантай шығармалары – қазақ қоғамындағы тұрмыс пен қала өмірінің тоғысқан тұстарын бейнелейтін, автордың жеке шығармашылық ойлау жүйесі арқылы көрініс тапқан туындылар. Прозалық мәтіндердің ерекшелігі де осындай шынайылық пен көркемдік тұтастықта жатыр.Мақаланың ғылыми маңыздылығы – жазушы прозасындағы көркемдік жүйені саралау арқылы қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттарына жаңа қырынан баға беруінде. Әдеби талдауға негізделген ғылыми тұжырымдар әңгіме жанрына қатысты жаңа бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері қазіргі қазақ прозасын зерттейтін филолог-ғалымдар мен әдебиеттанушылар үшін маңызды дереккөз бола алады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ИННОВАЦИОННЫЕ ПОДХОДЫ В ПРЕПОДАВАНИИ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА: ВЛИЯНИЕ ОТКРЫТЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ПЛАТФОРМ В ОБУЧЕНИИ ЯЗЫКУВ постоянно развивающемся образовательном ландшафте интеграция технологий значительно изменила традиционные методы обучения. Одна из наиболее важных областей, подверженных изменению парадигмы – это методология обучения языку. В настоящее время платформы онлайн-образования стали мощным инструментом, позволяющим эффективно и доступно изучать язык. Широкое распространение интернета и растущее количество цифровых ресурсов открыли новую эру в лингвистике, предоставив учащимся беспрецедентные возможности овладеть различными лингвистическими навыками, общаться со спикерами по всему миру и адаптировать учебный процесс в соответствии с их личными предпочтениями. Целью исследовательской работы является раскрытие развития цифровой революции в контексте глобальных онлайн-платформ для изучения языка и способы их исследования. В статье были приведены мнения отечественных ученых и методистов, занимающихся методикой преподавания казахского языка как иностранного языка, об эффективных методах и методиках преподавания языка. В связи с тем, что сейчас ведется изучение методики преподавания казахского языка через открытые образовательные платформы, проведен теоретический анализ методики преподавания языка мировыми учеными как иностранного через открытую образовательную платформу и кратко рассказано о проектах ученых в данном направлении. В заключении статьи сделан вывод, что рынок языкового обучения в мире развивается с помощью новых технологических возможностей через широкое использование интернета и мультимедиа, крайне необходимо изучить мировые открытые образовательные платформы в обучении казахскому языку как иностранному и создать языковые платформы, ориентируясь на самые передовые модели. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ «АСПАН» КОСМОНИМІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СЕМАНТИКАСЫ ЖАЙЫНДАМақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Аспан» космонимінің лексика-семантикалық ерекшелігі, мағыналық-тақырыптық топтары көрсетіледі. Осыған орай, зерттеудің мақсаты –қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Аспан» космонимін когнитивтік аспектіде зерттеуге негізделеді. Семантикалық, лингвомәдени, ішінара этимологиялық талдау әдісі арқылы қазіргі қолданыста жүрген атаулардың мағынасын жаңғыртып халықтың астрономиялық білім негізін таныту. «Аспан» -адамзатқа ортақ астрономиялық атаулар әлемі, алайда әр ұлт осы ортақ әлемді өзінше көріп-біліп, өзінше түсінеді, өз ұлттық әлемінің тілдік бейнесін жасайды. Әр ұлттың ерекшелігін оның тілі арқылы танып-түсіну қазіргі тілдік коммуникацияның маңызды мәселесі болып табылады. Сол себепті, алдымен, қазақ тіліндегі «аспан» космонимінің түр-түс мәнді семантикалық ерекшеліктерін сипаттау; екіншіден, ағылшын тіліндегі «аспан» ұғымының түр-түс мәнді семантикалық ерекшеліктерін сипаттау және туыс емес тілдердегі «аспан» космонимінің лингвомәдени ерекшеліктерін салғастыра зерттеу міндеттері қойылды. Зерттеудің жетекші идеясы –«Аспан» жүйесіне енетін атаулар тереңіндегі қазақ және ағылшын мәдениеті өкілдерінің өмір сүру дағдысы, тыныс-тіршілігінің, тарихының куәсісаналу себебін анықтау. Кіріспе бөлімде антропоөзекті бағыт зерттеулеріне сәйкес тіл мен мәдениет сабақтастығыұлт мәдениетінің әр кезеңіндегі көріністерін бойына жинақтаған терең мазмұнды тілдік қабаттары жайындағы зерттеулерді сараптау негізінде дәйектелді. Негізгі нәтижелер есте жоқ ескі замандарда пайда болғантуыс емес қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Аспан» космониміне қатысты нақты лингвомәдени бірліктерді талдау арқылы алынды. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Аспан» космонимінің семантикалық ерекшелігін танытуға қатысты ізденістерден туындайтын нәтижелер ономастиканың кенжелеу қалыптасып келе жатқан саласы -космонимиканың антропоөзекті бағытта дами түсуіне теориялық, практикалық тұрғыда маңызды ықпал етеді. Семасиология, лингвомәдениеттану салалары бойынша тың пайым жасауға мүмкіндік береді. Осыған орай, зерттеудің құндылық деңгейі айқындалады. Зерттеу нәтижелерін этнолингвистика, лингвомәдениеттану, ономастика т.б. салалар бойынша зерттеулерде, дәрістер мен практикалық сабақтарда, сөздіктер, мәтіндер құрастыруда қосымша дерек ретінде пайдалануға болады. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(Ablai Khan University, 2025-09-01); ; ; Дәстүрлі лингвистикада тіл түрлі деңгейлерден тұратын таңбалар жүйесі ретінде қарастырылады. Тіл білімінің морфология морфема және олардың түрлерін, жасалу жолдарын, грамматикалық мағынасын зерттейді. Фонемалардың мағынаға ие дербес тілдік бірліктерге бірігуі морфемаларды түзеді, ал сөз түрлендіру морфология саласында қарастырылады. Алайда мида тілдің ішкі ұйымдасуының өзі тілді тиімді қарым-қатынас құралы ретінде зерттеу жеткіліксіз екенін көрсетеді. Соңғы жылдарда ғалымдар жүргізген жасырын праймерге қатысты зерттеу (мінез-құлық және нейробейнелеу) деректері мидағы сөздерді визуалды тану жүйесі кез келген сөзді негізге және оны құрайтын морфемаларға автоматты түрде бөлшектейтінін анықтады. Алайда морфологияның басқа оқу, сөйлеу үдерістері мен тілдік қабаттарға тәуелділігі және олармен байланыстылығы (мысалы, емле және семантика), сондай-ақ оның негізінде жатқан нейрондық механизмдер әлі де толық зерттелген жоқ. Зерттеудің өзектілігі морфология сынды тілдегі сөздердің ішкі құрылымын мидың құрылымы мен қызметімен байланыстыра отырып, нейролингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігімен байланысты. Жұмыстың жаңалығы – мидағы морфологиялық құбылыстардың қалыптасуы мен тілдік бірлікке айналу процесінің психолингвистикалық, нейролингвистикалық ерекшеліктерін айқындауға арналған. Mақаланың мақсаты морфологиялық құрылымдардың мида түзілу үдерісін, мида жүзеге асатын мыңдаған тілдік комбинациялардың нейрологиялық ерекшеліктерін зерттеп-зерделеуге бағытталған. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы морфологиялық бірліктердің нейролингвистикалық ерекшеліктерін, тілдің функционалдық икемділігі және оның ақпаратты қабылдаушы, өңдеуші және тасымалдаушы қызметтерін зерттеу тілді игерту, тілдік ақауларды түзету барысында теориялық та, практикалық та сұранысқа ие екендігінен көрінеді. Зерттеу барысында сипаттау, салыстыру, ассоциативтік әдіс, модельдеу әдістері қолданылды, алынған қорытындылар мен тұжырымдар шетелдік ғалымдар жүргізген магниттік-энцефалографиялық тәжірибе әдістері арқылы дәйектелді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – зерттеу тұжырымдары мен қорытындыларын нейролингвистика, психолингвистика және тіл теориясы салалары бойынша дәрістер оқуда, магистранттар мен докторанттарға теориялық материал ретінде қолдануға болатындығында. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, СКРИПТОНИМДЕРДІҢ ЛИНГВО-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АТАУЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)Мақалада ұлттық ойындарға қатысты сакралды тілдік бірліктер ұйытқы болған екінші мағыналы скриптонимдердің лингво-семантикалық ерекшеліктері талқыланады. Әлеуметтік маңызы бар феномен ретінде ойын мен ғұрыптық рәсімдердің өзара байланысы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды. Осыған қатысты тілші, этнограф ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, халықтың рухани және шығармашылық салаларының барлығын қамтитын ұлттық ойындарды ғұрыптық рәсімдермен бір деңгейде қарастырдық.Күні бүгінге дейін этнограф, мәдениеттанушы, тілші ғалымдардың тарапынан ұлттық ойындар мен ғұрыптық рәсімдер, олардың өзара байланысы жан-жақты зерттеліп келеді. Алайда ұлттық бірегейлігімізді, рухани-мәдени болмысымыз бен құндылықтарымыздың көзі ғұрыптық рәсімдер мен салт-дәстүрлеріміздің, меркелер мен ойындарымызды тасымалдаушы, ұлттық жадымызды жаңғыртушы мәдени мәтіндерге байланысты қалыптасып, екінші мағынаға ие болған тілдік қолданыстар («скриптонимдер») зерттеу нысанына алынбай келеді. Осыған орай, ұлттық ойындарды халықтың сан ғасырлық тәжірибесінің айғағы, негізгі құндылықтарымызды сақтаушы және тасымалдаушы қор, кодтық элементтері бар мәдени мәтін деп қарастырып, олардың тілімізде қалыптасқан сакралды-символдық кодты бірліктерге, соның ішінде акционалды, заттық, вербалды, темпоралдық кодты скриптонимдерге ұйытқы болатыны анықталды. Сонымен қатар зерттеу барысында ұлттық ойындардың негізінде қалыптасқан екінші мәнді скриптонимдердің өзінің «табиғи» прототипімен мағынасы ұқсас болатыны анықталды. Мақалада ұлттық ойындарға қатысты, екіншілік мағынаға ие болған тілдік қолданыстарға сипаттамалық, этимологиялық талдау, мәліметтерге концептуалды және лингвомәдени түсінік беру әдістері қолданылады. Ұсынылған теориялық тұжырымдар қазақтың салт-дстүрлері, дәстүрлі атаулары туралы жазылған еңбектерден, көркем шығармалар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған мысалдармен дәйектелді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ, НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫҰсынылып отырған мақала қазіргі таңда адам өмірінің қажетті әрі маңызды алғышартына айналып отырған, тіл үйренуде, түрлі мәдениеттермен байланысқа түскенде бетпе-бет келетін ұғым мәдениетаралық қатысым, оның түрлерін, сипатын қарастырып талдайды. Мәдениетаралық қатысым немесе коммуникация, оның негізгі екі түрі вербалды және бейвербалды коммуникация сипаты, ерекшеліктері, айырмашылықтары, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік сияқты осы саланың өзекті мәселелерін қарастырады. Аталмыш тақырып аясында көптеген еңбектер жазылып, зерттеулер жасалып жүр. Біздіңде сол салаға үлес қосып, зерттеуді практикалық жақтан зерделеп, қарапайым тілмен ғылыми ұғымдарды суреттеп көрсету. Мақаланы жариялау мақсаты – шет тілдік мамандықтарда мамандар даярлауда тиімді мәдениетаралық қатысым жасау үшін ескерілуі тиіс маңызды белгілер, сипаттар, алғышарттарды талқылап, ара жігін ашып, осы коммуникация түрін тиімді қолдана білу үшін кеңестер ұсыну. Мақалада мәдениетаралық құзіреттілік, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік сияқты терминдер қарастырылады, мәдениетаралық қатысымның негізгі екі түрі ретінде қарастырылатын вербалды және бейвербалды коммуникацияларды қалай бір-бірінен ажыратамыз, олардың қайсысы коммуникацияның тиімді болуына ықпалы зор екенін ашуға тырысамыз. Мақалада берілген зерттеу нысанын талдау барысында суреттеу, жүйелеу, салғастыру және салыстыру, сұрыптау, жинақтау, прагматикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің әдіснамасы мәдениетаралық қатысым теориясын зерттеген ғалымдар мен еңбектерді аналитикалық тұрғыдан шолу жасауға негізделген. Мақалада қарастырылып отырған тақырып, зерттеу нысаны теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды, оның себебі мәдениетаралық қатысым теориясы мен практикасы, мәдениетаралық қатысым негіздері пәндерін оқып үйренгенде студенттерге, білім алушыларға осы тақырып аясында нақты әрі түсінікті көмекші құрал болмақ. Мақалада мәдениетаралық қатысым, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік, вербалды және бейвербалды коммуникация терминдеріне анықтама беріліп, олардың негізгі сипаттамалары, тиімділік дәрежесі анықталды, бұл өз кезегінде жұмыстың нәтижесі болып саналады. Коммуникация барысында вербалды және бейвербалды коммуникация түрінің қайсысы тиімді екені коммуникация сипатына, ресми немесе бейресми болғандығына, ақпарат берушінің ойы, жоспары, ниетіне байланысты, коммуникант қай коммуникация түрін таңдайтынына байланысты болатындығы жайлы практикалық кеңестер берілді. Мақалада талданған тақырыпқа сай ұғымдар студенттерге, магистранттарға мәдениетаралық қатысым теориясы мен практикасын оңай меңгеруге, семинар сабақтарында тақырыпты ашуға, коммуникация түрлерінің айырмашылықтарын сезінуге, екі коммуникацияның негізін айқындауға көмек қолын ұсынатын құнды жұмыс. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Қ. БЕГМАНОВ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ЖИДЕЛІБАЙСЫН ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ШОҒЫРЛЫ ЖЫРЛАР ЕРЕКШЕЛІГІБұл мақалада ақын Қ. Бегманов поэзиясындағы шоғырлы жырлар назарға алынды. Қ. Бегманов – қазіргі қазақ ақыны, оның алғашқы жыр жинағы 1980 жылдардың ортасынан бастап жарық көре бастаған. Ақын Қ. Бегманов шығармашылығы туралы зерттеу мақалаларының аздығы мақаланың өзектілігін көрсетеді десек болады. Бұл мақаланың ғылыми жаңалығы Қ. Бегманов шығармашылығына жан-жақты талдау жасауымен және оның лирикасындағы циклдену үрдісінің, шоғырлы жырлар ерекшеліктерін қарастырылуына. Бұл жұмыстағы негізгі мақсатымыз – ақын Қ. Бегманов лирикасындағы Жиделібайсын тақырыбы аясында шоғырлы жырлардың ерекшелігін айқындау. Жұмыстағы зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиетін оқытуға арналған оқу құралдары мен оқулықтарды жазу барысында пайдалануға болатындығы мақаланың практикалық маңыздылығын көрсетеді. Мақаланы жазу барысында тарихи-әдеби, салыстырмалы әдістер, сонымен қатар мәтінді стильдік және мотивтік талдау әдістері қолданылады. Бұл еңбекте қазіргі әдебиетіміздегі туған жер тақырыбын жырлауда ақын Қ. Бегманов жырларының маңызы туралы айтылады. Ақын Қ. Бегмановтың шығармашылығында Жиделібайсын тақырыбын өзгеше салмақты салаға айналған деуге болады. Жиделібайсын – қазақтың ұлттық танымында, түсінігінде эпостық, батырлық жырларында, Асан қайғы жайлы аңыздарда, Бұхар жырау толғауларында жиі кездесетін берекелі, ырысты, қасиетті, қастерлі, құтты, киелі мекен. Атауының өзінде рух бар, ұлттың ой-арманы жасырынған. Қазақ үшін құтты қоныс – өмір, бар болу. Жиделібайсын – ұрпақты аман сақтаудың, елдікті сақтаудың, бақытқа жетудің нышаны, символы. Ақын Жиделібайсын арқылы ұлт тағдырын айтады. Ақын Қ. Бегманов поэзиясындағы Жиделібайсын жайындағы өлеңдерін талдау арқылы ұлтқа тән әр қилы бояулар, ақ пен қара, ел болу мен болмау, бір уыс топырақ болсын қастерлеу тәрізді ұлттық таным сипаттары талданды.
