Показано: 1 - 2 из 2
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ҚАЗАҚ ДАЛАСЫН ОТАРЛАУ ПРОЦЕСІНІҢ ӘДЕБИЕТТЕГІ КӨРІНІСІ
    (Ablai Khan University, 2023-12-28) ;
    E. K. Sartbayeva
    ;
    Ryskul Borash
    Зерттеудің мақсаты – кеңес заманында жарық көрген дилогияның аллегориялық сипатын аша отырып, көркем туынды желісі бойынша қазақ жерін отарлау үдерісіне бойлау. Авторлық позицияны айқындауды негізгі бағыт ете отырып, авторлар тәуелді кезең туындыларына жаңаша көзқараспен қарап, интерпретациялау қажеттігі идеясын алға тартады. Сан жылдар бойы бұрмаланған дәстүріміз бен ұлттық болмысымызды тарихи қалың қабаттарынан аршып, індете зерттеп, құндылығымызды дәріптеу, тәуелсіз көзқарас тұрғысынан оң бағасын беру – зерттеудің өзектілігі болып табылады. Ғылыми жаңалығы – астарлы мағынада жазылған романды тәуелсіздік көзқарас тұрғысынан пайымдап, қалың қабатын аршып көрсетіп, қаламгердің романды жазудағы басты мақсатын, ұлтына адалдығын, елжандылығын танытуында. Зерттеу нысанына жазушы Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» дилогиясы алынды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы отарлық пиғыл мен мақсатты оқырманға түсіндіру арқылы авторлық шешімнің айқындалды. Тарихи фактілерге сүйене отырып, заман атмосферасын, тынысын, әлеумет өмірін айқын көрсету үшін автор кеңестік заманда осы туындыны мақсатты түрде жазған. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы оның жетістіктерін қазақ тарихы, қазақ әдебиетінің тарихына қатысты арнайы курс, семинарларда, оқу құралын жазуда кеңінен пайдалануға болады. Жазушы шеберлігі мен өмір шындығы, ондағы көркемдік мұраттар, қазақ болмысы, дүниетанымы өзара байланыста қарастырылады. Осы бағытта тарихи, тарихи-мәдени, тарихи-типологиялық зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеуде геосаяси жағдайларға байланысты қазақ жерін отарлау процесі күрделі жағдайда өткені, оның қазақ халқының өміріне үлкен өзгерістер әкелгені, тұтас ұрпақтың психологиясына кері әсерін тигізгені ғылыми еңбектерге сүйене отырып талданып, айқындалды. Нәтижесінде романның өн бойында көрініс тапқан патшалық империяның отарлау; қазақ зиялылары мен ақсүйектерін кемсіту, мұқату, қорлау; қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алу; құнарлы жерге орыс даласынан келімсектерді әкеліп орналастыру; зиянды, кеселді қасиеттерін үйрету, жұқтыру сынды дүниелер әлеумет өмірі арқылы пайымдалды. Соның ішінде дала халқы тіршілігінің негізгі көзі болған жылқы түлігінен айыру арқылы қазақ рухының әлсіреуі мәселесі кеңінен пайымдалады. Зерттеудің құндылығы сол Ақан сері трагедиясына тереңдеу арқылы мәдениет, тарих, этнография, құқық саласына қажетті білім құндылықтары жүйеленді. Жұмыс қорытындысының практикалық маңыздылығы тоталитарлық жүйеге қарамастан отарлық пиғылды ашық көрсеткен ұлт жанашыры С.Жүнісов романының тарихи құндылығы, ұлт руханияты үшін маңыздылығы бағамдалды.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    СКРИПТОНИМДЕРДІҢ ЛИНГВО-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АТАУЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
    (Ablai Khan University, 2025-03-01) ;
    Мақалада ұлттық ойындарға қатысты сакралды тілдік бірліктер ұйытқы болған екінші мағыналы скриптонимдердің лингво-семантикалық ерекшеліктері талқыланады. Әлеуметтік маңызы бар феномен ретінде ойын мен ғұрыптық рәсімдердің өзара байланысы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды. Осыған қатысты тілші, этнограф ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, халықтың рухани және шығармашылық салаларының барлығын қамтитын ұлттық ойындарды ғұрыптық рәсімдермен бір деңгейде қарастырдық.Күні бүгінге дейін этнограф, мәдениеттанушы, тілші ғалымдардың тарапынан ұлттық ойындар мен ғұрыптық рәсімдер, олардың өзара байланысы жан-жақты зерттеліп келеді. Алайда ұлттық бірегейлігімізді, рухани-мәдени болмысымыз бен құндылықтарымыздың көзі ғұрыптық рәсімдер мен салт-дәстүрлеріміздің, меркелер мен ойындарымызды тасымалдаушы, ұлттық жадымызды жаңғыртушы мәдени мәтіндерге байланысты қалыптасып, екінші мағынаға ие болған тілдік қолданыстар («скриптонимдер») зерттеу нысанына алынбай келеді. Осыған орай, ұлттық ойындарды халықтың сан ғасырлық тәжірибесінің айғағы, негізгі құндылықтарымызды сақтаушы және тасымалдаушы қор, кодтық элементтері бар мәдени мәтін деп қарастырып, олардың тілімізде қалыптасқан сакралды-символдық кодты бірліктерге, соның ішінде акционалды, заттық, вербалды, темпоралдық кодты скриптонимдерге ұйытқы болатыны анықталды. Сонымен қатар зерттеу барысында ұлттық ойындардың негізінде қалыптасқан екінші мәнді скриптонимдердің өзінің «табиғи» прототипімен мағынасы ұқсас болатыны анықталды. Мақалада ұлттық ойындарға қатысты, екіншілік мағынаға ие болған тілдік қолданыстарға сипаттамалық, этимологиялық талдау, мәліметтерге концептуалды және лингвомәдени түсінік беру әдістері қолданылады. Ұсынылған теориялық тұжырымдар қазақтың салт-дстүрлері, дәстүрлі атаулары туралы жазылған еңбектерден, көркем шығармалар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған мысалдармен дәйектелді.