Загрузка...
Izvestiâ KazUMOiMÂ im. Abylaj hana. Seriâ "Filologičeskie nauki".
ISSN
2411-8745
2709-9245
Издатель
Ablai Khan University
3 результаты
Показано: 1 - 3 из 3
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ИННОВАЦИОННЫЕ ПОДХОДЫ В ПРЕПОДАВАНИИ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА: ВЛИЯНИЕ ОТКРЫТЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ПЛАТФОРМ В ОБУЧЕНИИ ЯЗЫКУВ постоянно развивающемся образовательном ландшафте интеграция технологий значительно изменила традиционные методы обучения. Одна из наиболее важных областей, подверженных изменению парадигмы – это методология обучения языку. В настоящее время платформы онлайн-образования стали мощным инструментом, позволяющим эффективно и доступно изучать язык. Широкое распространение интернета и растущее количество цифровых ресурсов открыли новую эру в лингвистике, предоставив учащимся беспрецедентные возможности овладеть различными лингвистическими навыками, общаться со спикерами по всему миру и адаптировать учебный процесс в соответствии с их личными предпочтениями. Целью исследовательской работы является раскрытие развития цифровой революции в контексте глобальных онлайн-платформ для изучения языка и способы их исследования. В статье были приведены мнения отечественных ученых и методистов, занимающихся методикой преподавания казахского языка как иностранного языка, об эффективных методах и методиках преподавания языка. В связи с тем, что сейчас ведется изучение методики преподавания казахского языка через открытые образовательные платформы, проведен теоретический анализ методики преподавания языка мировыми учеными как иностранного через открытую образовательную платформу и кратко рассказано о проектах ученых в данном направлении. В заключении статьи сделан вывод, что рынок языкового обучения в мире развивается с помощью новых технологических возможностей через широкое использование интернета и мультимедиа, крайне необходимо изучить мировые открытые образовательные платформы в обучении казахскому языку как иностранному и создать языковые платформы, ориентируясь на самые передовые модели. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(Ablai Khan University, 2025-09-01); ; ; Дәстүрлі лингвистикада тіл түрлі деңгейлерден тұратын таңбалар жүйесі ретінде қарастырылады. Тіл білімінің морфология морфема және олардың түрлерін, жасалу жолдарын, грамматикалық мағынасын зерттейді. Фонемалардың мағынаға ие дербес тілдік бірліктерге бірігуі морфемаларды түзеді, ал сөз түрлендіру морфология саласында қарастырылады. Алайда мида тілдің ішкі ұйымдасуының өзі тілді тиімді қарым-қатынас құралы ретінде зерттеу жеткіліксіз екенін көрсетеді. Соңғы жылдарда ғалымдар жүргізген жасырын праймерге қатысты зерттеу (мінез-құлық және нейробейнелеу) деректері мидағы сөздерді визуалды тану жүйесі кез келген сөзді негізге және оны құрайтын морфемаларға автоматты түрде бөлшектейтінін анықтады. Алайда морфологияның басқа оқу, сөйлеу үдерістері мен тілдік қабаттарға тәуелділігі және олармен байланыстылығы (мысалы, емле және семантика), сондай-ақ оның негізінде жатқан нейрондық механизмдер әлі де толық зерттелген жоқ. Зерттеудің өзектілігі морфология сынды тілдегі сөздердің ішкі құрылымын мидың құрылымы мен қызметімен байланыстыра отырып, нейролингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігімен байланысты. Жұмыстың жаңалығы – мидағы морфологиялық құбылыстардың қалыптасуы мен тілдік бірлікке айналу процесінің психолингвистикалық, нейролингвистикалық ерекшеліктерін айқындауға арналған. Mақаланың мақсаты морфологиялық құрылымдардың мида түзілу үдерісін, мида жүзеге асатын мыңдаған тілдік комбинациялардың нейрологиялық ерекшеліктерін зерттеп-зерделеуге бағытталған. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы морфологиялық бірліктердің нейролингвистикалық ерекшеліктерін, тілдің функционалдық икемділігі және оның ақпаратты қабылдаушы, өңдеуші және тасымалдаушы қызметтерін зерттеу тілді игерту, тілдік ақауларды түзету барысында теориялық та, практикалық та сұранысқа ие екендігінен көрінеді. Зерттеу барысында сипаттау, салыстыру, ассоциативтік әдіс, модельдеу әдістері қолданылды, алынған қорытындылар мен тұжырымдар шетелдік ғалымдар жүргізген магниттік-энцефалографиялық тәжірибе әдістері арқылы дәйектелді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – зерттеу тұжырымдары мен қорытындыларын нейролингвистика, психолингвистика және тіл теориясы салалары бойынша дәрістер оқуда, магистранттар мен докторанттарға теориялық материал ретінде қолдануға болатындығында. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, О. БӨКЕЙ КЕЙІПКЕРЛЕРІ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ СТЕРЕОТИПТЕР (О. БӨКЕЙ “ҰЙҚЫМ КЕЛМЕЙДІ” ӘҢГІМЕСІНІҢ НЕГІЗІНДЕ)Мақалада «Кейіпкер ішкі әлемін бейнелеудің психологиялық аспектілері (Оралхан Бөкей шығармаларының негізінде)» атты докторлық диссертациялық жұмыс шеңберінде Оралхан Бөкей әңгімелерінің кейіпкер ішкі әлеміндегі құбылыстар арқылы автор мен кейіпкер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар, қоршаған орта мен қоғамның кейіпкер мінезіне әсер етуін әдебиеттанушылар мен психологтардың теориялық еңбектеріне сүйеніп, стереотипке толы қоғам қалыптастырған адам бейнесін ашу –мақаланың негізгі мақсаты. Мақалада шығармадағы басты кейіпкер Жеңісханның өз аузымен баяндаған әңгімесінен кейіпкердің өзі түсінбеген мінезі мен іс-әрекеттерін талдау нысанаға алынған. Мақаланың өзектілігі –адамның мінезіне психологиялық талдау жасауда теориялық зерттеулермен қатар, көркем шығармадағы кейіпкер мінезінен адамды танып, оның ішкі әлеміне терең еніп, әр түрлі конфликттер мен шешімдер арқылы психологиялық өзгерістерді көрсете білуінде. Мақалада Оралхан Бөкейдің кейіпкері танымындағы стериотиатерге талдау жасау арқылы адам бойындағы, қоғамдағы, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастардағы стериотиптер айқындала түседі. Қарапайым адамның өміріндегі стереотиптер адамды нендей әрекеттерге апарары шығармада айқын көрсетілген.Зерттеудің теориялық бөлімінде О.Бөкей шығармашылығына қатысты зерттеу жұмыстары қарастырылып, әңгімелерінде қазақ халқына тән ұлттық стереотиптер айқын көрінетіндігі, кейіпкер мінезіне тікелей әрі жанама әсер еткен стереотиптердің адам психологиясын қалайөзгертетіні баса назарға алынады. Әңгімедегі детальдер –басты кейіпкердің түсі, көршісінің айтқан бір ауыз сөзі, әйелінің күрсінуі сияқты кейіпкерге қатысты әрекеттер басты кейіпкердің стереотипті ойлауынан туындағаны, қоғамның бейсаналы қысымы кейіпкердің ішкі толғаныстарынан көрінеді.Зерттеудің әдіснамалық негіздері ретінде әдебиеттанушылар мен психологтардың еңбектерінің негізінде психоанализ әдісі, герменевтикалық әдіс, мотив талдау әдістері қолданылды. Автор мен кейіпкер арасына психологиялық параллель жүргізу арқылы талдау жасалды.
