Показано: 1 - 2 из 2
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ҚАЗАҚ ДАЛАСЫН ОТАРЛАУ ПРОЦЕСІНІҢ ӘДЕБИЕТТЕГІ КӨРІНІСІ
    (Ablai Khan University, 2023-12-28) ;
    E. K. Sartbayeva
    ;
    Ryskul Borash
    Зерттеудің мақсаты – кеңес заманында жарық көрген дилогияның аллегориялық сипатын аша отырып, көркем туынды желісі бойынша қазақ жерін отарлау үдерісіне бойлау. Авторлық позицияны айқындауды негізгі бағыт ете отырып, авторлар тәуелді кезең туындыларына жаңаша көзқараспен қарап, интерпретациялау қажеттігі идеясын алға тартады. Сан жылдар бойы бұрмаланған дәстүріміз бен ұлттық болмысымызды тарихи қалың қабаттарынан аршып, індете зерттеп, құндылығымызды дәріптеу, тәуелсіз көзқарас тұрғысынан оң бағасын беру – зерттеудің өзектілігі болып табылады. Ғылыми жаңалығы – астарлы мағынада жазылған романды тәуелсіздік көзқарас тұрғысынан пайымдап, қалың қабатын аршып көрсетіп, қаламгердің романды жазудағы басты мақсатын, ұлтына адалдығын, елжандылығын танытуында. Зерттеу нысанына жазушы Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» дилогиясы алынды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы отарлық пиғыл мен мақсатты оқырманға түсіндіру арқылы авторлық шешімнің айқындалды. Тарихи фактілерге сүйене отырып, заман атмосферасын, тынысын, әлеумет өмірін айқын көрсету үшін автор кеңестік заманда осы туындыны мақсатты түрде жазған. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы оның жетістіктерін қазақ тарихы, қазақ әдебиетінің тарихына қатысты арнайы курс, семинарларда, оқу құралын жазуда кеңінен пайдалануға болады. Жазушы шеберлігі мен өмір шындығы, ондағы көркемдік мұраттар, қазақ болмысы, дүниетанымы өзара байланыста қарастырылады. Осы бағытта тарихи, тарихи-мәдени, тарихи-типологиялық зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеуде геосаяси жағдайларға байланысты қазақ жерін отарлау процесі күрделі жағдайда өткені, оның қазақ халқының өміріне үлкен өзгерістер әкелгені, тұтас ұрпақтың психологиясына кері әсерін тигізгені ғылыми еңбектерге сүйене отырып талданып, айқындалды. Нәтижесінде романның өн бойында көрініс тапқан патшалық империяның отарлау; қазақ зиялылары мен ақсүйектерін кемсіту, мұқату, қорлау; қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алу; құнарлы жерге орыс даласынан келімсектерді әкеліп орналастыру; зиянды, кеселді қасиеттерін үйрету, жұқтыру сынды дүниелер әлеумет өмірі арқылы пайымдалды. Соның ішінде дала халқы тіршілігінің негізгі көзі болған жылқы түлігінен айыру арқылы қазақ рухының әлсіреуі мәселесі кеңінен пайымдалады. Зерттеудің құндылығы сол Ақан сері трагедиясына тереңдеу арқылы мәдениет, тарих, этнография, құқық саласына қажетті білім құндылықтары жүйеленді. Жұмыс қорытындысының практикалық маңыздылығы тоталитарлық жүйеге қарамастан отарлық пиғылды ашық көрсеткен ұлт жанашыры С.Жүнісов романының тарихи құндылығы, ұлт руханияты үшін маңыздылығы бағамдалды.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ
    (Ablai Khan University, 2025-06-01)
    А. Қ. Казтаева
    ;
    ;
    А. Хуңшан
    ;
    Қазақ әдебиетіндегі Семей қасіреті тақырыбындағы көркем шығармалар – дәуір шындығын, тұтас ұлтқа жасалған зұлымдықты көркем бейнелейтін туындылар. Бұл шығармаларды қатігез қоғамнан қалған жан, тән жарасын көркемдік иін қандыра шеберлікпен суреттей алған туындылар деуге толық негіз бар. Зерттеудің тақырыбы – прозадағы экология мәселесі, мақсаты – ұлт өмірінде әбден толғағы жеткен, экологиялық зәру мәселені танып, суреттеген жазушы шығармаларының құндылығын, көркемдік ерекшелігін, дәуір шындығының көркем әдебиетте бейнелену үлгісін талдап, тану. Өзектілігі – қазақ халқына сан жылдарға кететін қасірет пен зауал әкелген қолдан жасалған қастандық жайында жазылған шығармалардағы тарихи шындық пен көркем шындықтың сабақтастығын көрсету. Зерттеуде салыстыру, талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды. Қазіргі әдеби туындылар табиғаттың әртүрлі аспектілерін, экологиялық проблемаларды және адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын көрсете отырып, экологиялық дағдарыстың сын-қатерлеріне белсенді түрде жауап береді. Бұл тақырып заманауи экологиялық мәселелер тұрғысынан көркем шығармаларда қандай эстетикалық және этикалық мәселелер көтерілетінін талдауға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижесі авторлардың экологиялық идеяларды жеткізуде қолданатын әдеби стратегиялары мен құралдарын анықтауға, сондай-ақ қоғамда экологиялық сананың қалыптасуына әдебиеттің әсерін қадағалайды. Зерттеу барысында авторлар Семей полигоны, оның жергілікті халыққа тигізген зардабы жөнінде жазылған туындыларды зерделей отырып, тақырыпты көркем игерудегі жазушылардың қол жеткізген шеберлік қырларын көрсете білген.Қазіргі әдебиет қаламгерлердің әлем алдында тұрған экологиялық мәселелерді көрсететін эстетикалық аренаға айналуда. Алдағы экологиялық дағдарыс, климаттың өзгеруі және биоалуантүрлілікке қауіп төнуі әдеби дискурстың ажырамас бөлігіне айналуда. Зерттеу нысаны ретінде Р.Нұрғалидың «Өлген тау», Б.Тілегеновтің «Қара жел», С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр» шығармалары алынды. Зерттеу қазіргі жазушылардың экологиялық тақырыптарды қалай, қандай контексте және қандай әсермен қамтитынын жан-жақты талдауға бағытталуымен құнды. Практикалық құндылығы зерттеу нәтижесін әдебиет, тарих, әлеумет, экология саласындағы зерттеу еңбектерде кеңінен пайдалануға болады. Зерттеудің маңыздылығы – алдағы уақытта постколониализм, әлеуметтану, экопроза бағытындағы зерттеулерге белгілі бір үлес қосады.