Показано: 1 - 1 из 1
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің құрамында сақталған тарихи уәждер
    (2022-09-30)
    Altynai Tymbolova
    ;
    К.С. Калыбаева
    ;
    Мақалада қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің құрамында сақталған тарихи уәждер сөз етіледі. Оларды қарастырудың тіл тарихы үшін маңызы зор. Тіліміздегі кейбір тұрақты тіркестер құрамындағы сөздер сан мың жылдарды артқа тастаған соң, бастапқы мағынасы ұмытылып немесе ұмытылуға жақындап көмескілене бастайды.Сөз бір халықтан, екінші бір халыққа әртүрлі жолдармен ауысады. Осындай сөз ауысулары арқылы алыс дәуірлердегі ұлттар арасындағы мәдени байланыстармен қатынастарды кей ретте әлдебір тарихи куәлар мен ескерткіштер қалмаса да білуге болады. Тіпті кейбір компоненттер идиомаға айналады. Сөздердің бұлай идиомалануы тұрақты тіркестердің мағынасынан туған ерекшелік болып табылады. Демек бірнеше сөздің тобы идиом болуы үшін көп уақыт, көп замандар қажет болады. Ана тілінің бай қазынасымен сусындаған әрбір адам тұрақты тіркестерді, небір афоризмдер мен мақал-мәтелдерді қолданады. Бірақ сол тұрақты тіркестердегі, мақал-мәтелдердегі кейбір сөздерді жеке-дара алып қарағанда кез-келген адамның түсіне беруі неғайбыл.Тілімізді қаншама меңгердік дегенмен оның беймәлім тұстары да жетерлік. Сондықтан ана тіліміздің біз үшін әлі де ашылмаған қыр-сыры көп. Сондықтан мақалада қазақ тіліндегі тұрақты тіркес сыңарларының дыбыстық жағынан көнерген түрлері қарастырылды.
    Цитирования (OpenAlex) 2