Показано: 1 - 3 из 3
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
    (2022-12-30)
    Ж.Б. Кдыралиева
    ;
    ;
    İsmet Çetin
    ;
    Мақалада жоғары оқу орындарындағы студенттердің әдебипедагогикалық технологиялардың қолдану мәселесі қарастырылған. Жоғарыоқу орнындағы студенттердің қазіргі технологияны қолдана отырып оқытумамандар үшін өзекті мәселе, соның ішінде қазақ тілі мен әдебиет мамандарыүшін өзекті мәселенің бірі.Қазіргі уақытта ел мәдениетінің, ұлттық әдебиетіміздің әдеби-сыни мұрасыөз бағасын алуда. Десек те, қазақ әдебиетін оқыту саласы қай кезде де, жаңазаманауи әдістермен оқыту, түсіндіру, талдау барысы толықтай жүйеленбеді.Әдіс-технологиялардың тез жылдамдықпен өзгеріп жаңаруына байланыстықажетін алып-алмау мәселесі де қиындықтар туғызуда. Оны жүйелеп, тақырыпаясына қарай қарастыру өз маңыздылығымен қоса нақты ғылыми-зерттеужұмыстарын жасау керектігі байқалады.Мұғалімдерді бүгінде педагогикалық технологияларды пайдалану жолдарыкөбірек мазалайды. Себебі бүгінгі күні білім беру үдерісінде пайдаланылыпжүрген технологиялардың өзіндік философиясын зерделеп, әр пәнге лайықтыбейімдеу, оқу материалдарының жүйелі кешенін әзірлеу, оны сараптамаданөткізу ісі қажетті дәрежеде жүргізіле бермейді. Сондықтан да мұғалімдергебелгілі бір технологияны кешенді пайдалану қиындықтар туғызады. Себебіәдістеме ғылымының өзінде педагогикалық технологиялар әр пәннің өзіндікерекшелігіне қарай қолданудағы тиімділік толық зерделенбеген. Әрине, көпжылдар бойы оқыту тәжірибесі сапалы маман даярлауға бағытталып кележатқаны анық. Мұғалімдер үшін де, ең бастысы – сабаққа лайықты әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау. Бүгінгі студенттеріміз ертеңгі маман. Демек аталғанмәселені шешудің тиімді жолы – қазірден бастап студенттердің өзіндікжұмысын сапалы ұйымдастыру болып табылады. Мақала студенттердің өзбетінше жасайтын жұмыстары түрлі сипатта болуы керек деп түйінделеді.
    Цитирования (OpenAlex) 1
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНДАРЫНДА ЕЖЕЛГІ ӘДЕБИ МҰРАЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗДЕРІ
    (2022-10-31)
    Zh.B. Kadyralieva
    ;
    ;
    М.А. Батырбаева Батырбаева
    ;
    Н. Р. Суранчиева
    Бұл мақалада білім беру процесінде инновациялық технологияларды пайдалану ежелгі әдеби мұраларды оқытудың нәтижелі құралы ретінде қарастырылады. Ежелгі әдеби мұраларды тануға, адамның таным білігін қалыптастырудағы әсер ықпалымен белгіленеді. Адамды оқыту және тәрбиелеу - қай кезде де, маңызды міндеттің бірі. Оқу іс-әрекетінің түрлері және оларды оқыту процесінде қолдануға байланысты әдістемелік ұсыныстар беріледі. Ақпартты жинақтау, өңдеу және тарату мәселесі адам дамуның барлық кезеңдерінде және барлық іс-әрекет салаларында, соның ішінде оқыту үрдісінде де маңызды болып табылады. Сонымен, оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың артықшылықтарының бірі-олар оңай бейімделіп, әртүрлі білім беру жағдайларына ауысады.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    СТУДЕНТТЕРГЕ ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МОДУЛІ
    (2024-12-26) ; ;
    A.R. Abdykadyrova
    ;
    З.К. Уалиева
    Бүгінгі білім беру саласының негізгі міндеттерінің бірі – жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы ұрпақ қалыптастыру. ЖОО-дағы білім алушылардың болашақ педагог маман ретіндегі білім, біліктерін ғана емес, рухани білімдерін қалыптастыру Алаш зиялыларына арналған әдеби көркем шығармаларды оқу арқылы жүзеге асырылады. Алаштың ат төбеліндей нар тұлғалы азаматтарының, зиялы қауымды құраған ұлт қаймақтарының өлең, жыр шумақтарында өрнектелген өмірі мен ұрпаққа қалдырған мол мұрасын зерделеу өскелең буынның ұлттық санасын қалыптастырары сөзсіз. Поэзиялық туындылардағы Алаш зиялыларының бейнесін оқыту әдістемесінде жаңашыл оқыту әдісін қолдану оң нәтижелерге жетуге ықпалын тигізеді. Осыған орай, зерттеу жұмысында поэзиялық туындылардағы Алаш зиялыларының бейнесін оқыту үдерісінде заманауи оқыту моделі - 4К концепциясын қолданудың тиімділігін қарастыру көзделеді. Алаш зиялыларының поэзиялық шығармаларда бейнеленуін жаңашыл оқыту моделі арқылы қарастыру мақсатын көздеген жұмыста жүргізілген зерттеу нәтижелерінің негізінде автор тарапынан поэзиядағы арнау жанрының ерекшелігі анықталады, Алаш рухындағы ұйқасты шығармалардың мән-маңызы ашылады, 4К концептісінің поэзиялық шығармаларды оқыту барысындағы тиімділігі қарастырылады, сыни және шығармашылық ойлау, қарым-қатынас, ынтымақтастық құзыреттіліктерін Алаш зиялылылары туралы өлеңдерді оқытуда тиімді қолдану жолдары талданады, білім алушылардың қол жеткізген нәтижелері сараланып, нәтижесі шығарылады.