Загрузка...
Eurasian Journal of Philology Science and Education
ISSN
1563-0323
2618-0782
Издатель
Al-Farabi Kazakh National University
4 результаты
Показано: 1 - 4 из 4
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Symbolic number of seven in kazakh literatureThe article considers the peculiarity of the symbolism of the number seven in the Kazakh literature.The works of Kazakh poets of the 19th and 20-th centuries are analyzed.Since ancient times, numbers have played an important role in the life of many peoples. Somenumbers had a deep meaning, sacredness, some magical power was attributed to them. Kazakh culturewas no exception. Among the frequently used numbers, the number seven plays a special role amongthe Kazakh people.The symbolism of the number seven in the Kazakh culture and literature reflects the traditional ideasof the Kazakhs about the world order. Seven is a sacred and fundamental concept related to integrity,completeness.In the works of Kazakh poets, seven also most often symbolize the completeness, the connectionbetween life and death, all phenomena, the genealogy, the spiritual connection with the ancestors, theethno-cultural memory of the people.Seven is a key word in the works of Shakarim, M. Makatayev, K. Murzaliyev, M. Shahanov. Seven iscombined with many words and concepts and has rich symbolism. This is the dimension of everythingthat exists, the concept of happiness and the meaning of earthly life - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Мадина Омарова әңгімелерін ЖОО-да оқыту әдістемесіБұл мақала арқылы жоғары оқу орындарында кең қолданылып, етек алған дәстүрлі және заманауи оқыту әдістерінің бір жерге шоғырланып, өзіндік мақсатқа жеткендігін көреміз. Қазақ жазушыларының, оның ішінде, тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасы зерттелетін болады. Прозаны зерттей отырып, көркемдік ізденістері мен оқыту әдістемесіндегі оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қарастыратын боламыз. Яғни оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мәселесі қозғалады. Қазіргі педагогика ғылымының әдіснамалық саласында әңгімелерді оқыту әдістемесіне үлес қосу көзделеді. Мақаланың мақсаты – бірқатар тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасының әдебиеттану ғылымына қосқан педагогикалық үлесі және шығармаларын жоғары оқу орнында оқытудың мәселелерін қарастыру. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – әңгімелерді әдеби талдау түрлерін ғылыми тұрғыдан зерттеуді қамтамасыз етсе, тәжірибелік мәні – зерттеу жұмысының нәтижесін жоғары оқу орны студенттері, магистранттар мен докторанттар және әдебиеттанушылар, әңгіме жанрға қатысты зерттеулерінде пайдалана алады. Бұл тақырыпты ашу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: теориялық, типологиялық көзқарас, тарихи-әдеби, педагогикалық және эксперименттік. Жазушы әңгімелерін жоғары оқу орын студенттеріне оқып талдауға жаңа технологияларды пайдалану ерекшелігі мен маңыздылығы қарастырылады. Мадина Омарова, Бибігүл Иманғазина, Айгүл Кемелбаева, Аягүл Мантай, Лира Қоныс, Роза Мұқанова сынды қазақ прозасына өзіндік таңба қалдырып, өзіндік ізін жалғаған қаламгерлеріміздің шығармаларын ЖОО-да оқытудың жаңаша әдістемесі қарастырылады. Талдау көркем шығарманың образдық жүйесін (басты кейіпкер, қалған кейіпкерлердің бас кейіпкердің мінезін түсінуге қалай көмектесетіні), басты мәселені анықтауға жүгінеді. Жазушының әңгімелерін зерделеу барысында студенттерді проблемалық, танымдық тапсырмалар тиімді ұсынылады. Мақаланың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми тұжырымдар әңгімелерді оқыту әдістеме саласының дамуы мен қалыптасуына, сондай-ақ ЖОО-да оқытудың әдістемесіне қатысты зерттеулерді толықтырып, тереңдетуге ықпал ететіндігінде. Мақалада келтірілген ғылыми тұжырымдар әңгіме шығарма жанрына қатысты, көпшілікке ұсына алатын әңгімелерді оқытуға негізделген, оқыту әдістемесінде өзіндік орын алатын маңызға ие. Зерттеу нәтижелері ЖОО-да оқытудың әдістемесі негізінде құнды дереккөз болмақ. Түйін сөздер: көркем әдебиет, көркем шығарма, әдеби талдау, ұлттық құндылықтар, әңгімелерді ЖОО-да оқыту әдістемесі, проблемалық оқыту, инновациялық әдіс-тәсілдер. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Computer terms formed by the term-forming method in the Kazakh language(Al-Farabi Kazakh National University, 2020-04-08); ;Zh. A. AbdrahmanovaҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН КОМПЬЮТЕР ТЕРМИНДЕРІМақалада қазіргі техниканың дамуына байланысты, сонымен қатар ғылым, білім беру салаларының барлығы да компьютер арқылы жүзеге асуына байланысты қолданылатын тілдік бірліктердің көбі компьютерді пайдалануға қатысты сөздер екендігі айтылады.Қазіргі кезде компьютермен жұмыс істеуші қазақтілді қызметкерлердің бәрі орыс тіліндегі сөздер арқылы техникамен жұмыс жасайды.Бұл компьютердің негізгі жұмыс істеу тілін дайын күйінде пайдаланатындығын көрсетеді.Дегенмен, бұлай жалғастыру тіл қолданушылардың лексиконын шұбарлап жатқандығын айғақтайды.Осыны ескере отырып, болашақта компьютер тілін қазақшалау қажет деген ұсыныс бар.Ол үшін бүгіннен бастап, қазақша атауларын қалыптастыру қажет.Мақалада компьютер терминдерінің қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдері арқылы жасалған сөздері талқыға салынып, нәтиже шығарылды.Ал халықаралық терминдер сол күйінде қалдырылып, орысша берілген атауларды қазақшалау қажеттігі бүгінгі күн талабынан туындап отырғандығы сөз болды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасыЗерттеуде Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасы тілдік, дискурсивті және прагматикалық сөйлеу құралдарының жиынтығы ретінде қарастырылады. Жұмыстың мақсаты – тілдік тұлға харизмасының лингвистикалық табиғатын дискурс негізінде айқындау. Зерттеу барысында тілдік тұлғаның коммуникативті және тыңдаушысына ықпал ету әлеуетін ескере отырып, оның харизмасының тек психологиялық немесе әлеуметтік-мәдени категория емес, лексика мен синтаксистік құрылымдарды, прагматикалық стратегияларды және дискурсивті модельдерді таңдауда байқалатын жүйелі тілдік негізге ие екендігі анықталды. Сондықтан зерттеу жұмысы тілдік тұлға теориясы мен прагмалингвистика және дискурсологияда, сөйлеу әсері теориясын дамытуда ғылыми маңызға ие. Зерттеудің практикалық маңызы шешендік өнерді үйрету курстарында, стилистика мен дискурстық талдау жүргізуде, медиа және саяси дискурс коммуникациясында, көпшілік алдында сөйлеу және көшбасшылық тәжірибесінде қолданылу мүмкіндігімен құнды. Ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізін Ю.Н. Карауловтың тілдік тұлға теориясы, В.И. Карасиктің дискурстық тұлғаның концепциясы, сонымен қатар сөйлеу әсерінің прагматикалық теориясы және Ethos – Pathos – Logos риторикалық моделі құрайды. Шерхан Мұртаза тілдік тұлғасының харизмасы авторлық дискурсқа жасалған талдау нәтижесінде негізделді, осылайша харизманың типтік тілдік маркерлері анықталды, харизматикалық сөйлеудің прагматикалық стратегиялары сипатталды, харизманың тілдік шарттылығы дәлелденді, харизматикалық тілдік тұлға моделі жасалды. Жұмыста тілдік тұлға харизмасы туралы түсініктерді лингвистикалық талдаудың нысаны ретінде қарастырып, оның қалыптасқан дәстүрлі психологиялық сипатының тілдік механизмдерде көрініс табуының ерекшелігі сараланды. Зерттеу жұмысының қорытындысындағы лингвистикалық және прагматикалық параметрлер қолданбалы зерттеулерде сөйлеу әсерін бағалау құралы болып, қазіргі таңдағы сөйлеу қарым-қатынасы бойынша оқу және аналитикалық материалдарды дайындауда пайдалануға болады. Түйін сөздер: харизма, тілдік тұлға, дискурс, лингвистика, Ш. Мұртаза.
