Показано: 1 - 1 из 1
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША АҒЫН СУЛАРДА КЕЗДЕСЕТІН ҚОРҒАСЫН МЕН МЫРЫШТЫҢ МӨЛШЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
    (Kazakh National Agrarian Research University, 2025-03-30) ; ; ; ;
    Алматы қаласының ағын суларындағы синтетикалық заттардың мөлшері туралы нақты мәліметтер жетіспесе де, ағын сулардың ластануы туралы жалпы ақпарат жеткіліксіз. Бұл зерттеу адам денсаулығы мен экожүйенің тұрақтылығын сақтауда таза судың маңыздылығына назар аударуға бағытталған. Зерттеу барысында Алматы қаласындағы кран суы, жаңбыр суы және Есентай өзенінің суларының ластану деңгейлерін салыстырып, олардың сапасына баға берілді.Судың химиялық құрамын зерттеу рН деңгейін анықтау және масс-спектрофотометр әдісін қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде, кран суының рН деңгейі 8, жаңбыр суының рН деңгейі 6, ал Есентай өзенінің суының рН деңгейі 7 болды. Масс-спектрофотометр әдісінің нәтижесі бойынша, кран суындағы қорғасын мөлшері жаңбыр суымен салыстырғанда 50%-ға төмен, ал Есентай өзенінің суында жаңбыр суымен салыстырғанда 90%-ға жоғары болды. Мырыш мөлшері жағынан жаңбыр суы кран суымен салыстырғанда 73,33%-ға жоғары, ал кран суы Есентай өзенімен салыстырғанда 42,84%-ға жоғары болды. Алматы қаласының ағын суларындағы синтетикалық заттардың мөлшерін бақылау және мониторинг жүргізу маңызды. Бұл сулардың сапасын анықтау және ластануды төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыру үшін қажет. Зерттеу нәтижелері судың сапасын жақсарту қажеттігін және оның экологиялық қауіпсіздігін бақылау маңызды екенін көрсетті.