Загрузка...
Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University Philological Series
ISSN
2707-9910
2788-7979
Издатель
Kokshetau State University
2 результаты
Показано: 1 - 2 из 2
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ(Kokshetau State University, 2024-09-27); ;Б.С. Қапалбек; Мақалада Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді оқытылу жайы айтылады. Жоғары оқу орындары – еліміздегі кәсіби маман даярлаудың, мемлекеттік тіл саясатының басты нысандарының бірі – қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту орталығы. Авторлар осы саладағы проблемаларды айқындау үшін еліміздегі ұлттық университеттер мен аймақтық университет ұстаздары мен студенттерін қамтыған сауалнама жүргізіп, нәтижелерін сараптады. Сауалнамаға 16 университеттен 122 респондент қатысты. Респонденттердің жауаптары бойынша сандық және сапалық талдау жасалынып, сараптама нәтижесі арқылы негізгі мәселелер айқындалды. Мәселелерді айқындауда отандық және шетелдік ғалымдардың пікірлері мен ұстанымдары негізге алынды. ЖОО-да мемлекеттік тілдің оқытылу жайы, білім бағдарламаларында қазақ тіліне қатысты пәндердің енгізілуі, талапкер мен түлектің мемлекеттік тілді білу деңгейі, т.б. түйіткілді проблемалардың себептері анықталып, оны шешудің жолдары ұсынылды. Осылайша жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді оқытудағы маңызды мәселелер және оны жетілдіру мақсатында бірқатар ұсыныстар жасалды - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ МЕНТАЛЬДІЛІК: ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТМақаланың мақсаты – көркем шығармалар арқылы көрінетін ментальдік категориясын талдау. Зерттеуде ментальділік категориясы мен оның көркем мәтіндегі репрезентациясы қарастырылған. Ғылыми жұмыстың негізгі идеясы – әдебиеттегі ментальдік категориясын ұлттық код, ұлттық дүниетаным негізінде дәйектеу. Сонымен бірге оның көркем шығармаларда көрініс беретін прагматикалық аспектісіне назар аудара отырып, нақтылы дәлелдер келтіру. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеу еңбектері алынды. Атап айтсақ, В. фон Гумбольд, М. Барг, А.Я. Гуревич, Е.Ф. Бизунова, А.А. Потебня, В.В. Колесов, Н.К. Култанбаева, Б. Шалабай, Б. Омарұлы. Қ. Байтанасова және тағы басқа зерттеушілердің ұлттық таным мен ментальдікке қатысты ғылыми пайымдары сараланды. Зерттеу барысында ментальділіктің жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтың әлемді және өзін қабылдауын, ой мен сезімін, құндылықтары мен іс-әрекеттерін негіздейтін ақылға қонымды рухани ұстанымдар жиынтығы екені анықталды. Ментальділікті қазір көптеген зерттеу еңбектерінде діл деп қолдану қалыптасқан. Дегенмен зерттеуде әлемдік ғылыми ортада қалыптасқан ментальділік термині қолданылды.Себебі, шетелдік ғылыми айналымда «діл» термині емес «ментелитет» термині қолданылады. Зерттеу кезінде көркем мәтіндердегі ментальділікке байланысты ұғымдарды түсіндіру және талдау әдістері пайдаланылды. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы – қазіргі қазақ әдебиет теориясындағы ұлттық белгі, ұлттық таным, ұлттық колорит, ұлттық характер сияқты терминдердің басын біріктіріп, олардың тұтас категориялық сипатын ментальділік ұғымымен астастыра талдау зерттеудің негізгі ұстанымдарының бірі болды. Әдебиеттегі теориялық ұғымдардың ғылыми ауқымының кеңдігі мен оның басқа ғылым салаларындағы аттас ұғымдармен сабақтастығы негізінде ментальділік ұғымының лингвистикалық, философиялық, психологиялық, тарихилық негіздері де мақала мақсатына сай сараланды. Бұл мақаланы жоғары оқу орындарындағы лингвистикалық пәндерді оқытуда пайдалануға болады.
