Загрузка...
Eurasian Journal of Ecology
ISSN
1563-034X
2617-7358
Издатель
Al-Farabi Kazakh National University
2 результаты
Показано: 1 - 2 из 2
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ ӨСІМДІК АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС: ЖҮГЕРІ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ТӨЗІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ(Al-Farabi Kazakh National University, 2025-06-24); ; ; ; Жүгері – дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі дақылдардың бірі. Жүгерінің биоалуантүрлілігін сақтау үшін дәстүрлі селекция әдістерін молекулалық генетикамен үйлестіру, тұқым банктерін кеңейту және фермерлердің біліктілігін арттыру қажет. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және климаттық өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік береді. 2023 жылы жүгері сүрлемі алқаптарында қуықтың ластануы (Ustilago zeae) мен агроөнімділік көрсеткіштерінің тұрақтылығын зерттеу мақсатында 12 үлгіге комплексті талдауы жүргізілді. Нәтижелер бойынша ауру ауырлығының үлгілер арасында айтарлықтай айырмашылықтар (p < 0,001), сонымен қатар ауруға төзімділіктің жоғары тұқым қуалаушылық индексі (Hb² = 0,82) анықталды. Өсімдік биіктігі 182–330 см аралығында өзгерді, ең биік 4 үлгі (Туран 680 SV, Туран 480 SV, Қазақстанский 700 SV, Қазақстанский 705 S0) бөлінді. Ustilago zeae-ге төзімділік бойынша үлгілер екі топқа бөлінді: 5 үлгіде өте әлсіз залалдану (1% дейін) және 7 үлгіде әлсіз залалдану (1–10%). 1000 дәннің массасы 226–330 г аралығында, ең жоғарғы өнімділік Алтай 250 МV (330 г) және Будан 237 МV (310 г) үлгілерінде байқалды. Зерттеу нәтижелері жүгері селекциясын жетілдіру және аурумен күресудің тиімді әдістерін әзірлеу бағыттарына негіз болып табылады. Түйін сөздер: жүгерінің биоалуантүрлілігі, устойчивость, 1000 дәннің массасы, астық өнімділігі, сипаттамалық статистика - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЖҮГЕРІ РИЗОБАКТЕРИЯЛАРЫ - ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ БИОИНОКУЛЯНТТАРЫ(Al-Farabi Kazakh National University, 2025-12-30) ;Zhuldyz Batykova ;Aida Kistaubayeva ;Laila Saidullayeva; M. A. AbdulzhanovaҚазіргі таңда ауыл шаруашылығында саласы топырақ деградациясы, қоректік элементтердің азаюы және фитопатогендердің таралуы сияқты экологиялық қиындықтар жиі туындайды. Осы мәселелерді шешудің баламалы тәсілдерінің бірі – өсімдіктердің өсуін ынталандыратын ризобактерияларды (PGPR) қолдану. Осы зерттеу жұмысы жергілікті экологиялық жағдайға бейімделген жүгері (Zea mays L., КазЗП 200) ризосферасынан бөлініп алынған автохтонды бактериялардың биологиялық белсенділігін жан-жақты бағалауға бағытталды. Алынған 25 бактериялық изоляттың ішінде 15 грамтеріс және 10 грамоң штамм анықталды. Алдын ала жүргізілген скрининг олардың өсімдікке пайдалы қасиеттерін салыстыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде ең тиімді деп танылған екі перспективалы штамм - BJ14 және BJ18 зерттеуге таңдалып алынды. Бұл штаммдардың функционалдық әлеуеті бірнеше биологиялық көрсеткіш бойынша бағаланды: индол-3-сірке қышқылының (ИСҚ) синтезі, ерімейтін фосфатты өсімдікке қолжетімді формаға айналдыру қабілеті, атмосфералық азотты фиксациялау және фитопатогендерге қарсы антагонистік әсер. BJ18 ең жоғары ИСҚ мөлшерін (61.4 мг/мл) өндіруі және фосфатты тиімді еріту қабілетін көрсетті. Ал BJ14 изоляты екі фитопатогенге қарсы да ең жоғары ингибициялық әсер көрсетіп, Pythium spp. өсуін 73%, ал Alternaria alternata дамуын 62–63% деңгейінде тежеп, тұрақты әрі айқын биобақылау белсенділігімен ерекшеленді. Зерттеу нәтижелері бұл ризобактериялардың өсімдіктердің қоректік элементтерді сіңіруін жақсартуда, олардың өсуін ынталандыруда және фитопатогендердің дамуын тежеуде жоғары тиімділікке ие екенін көрсетті. Мұндай көпфункционалды штаммдар ауыл шаруашылығында химиялық тыңайтқыштар мен фунгицидтерді алмастыра алатын экологиялық тұрғыдан қауіпсіз биоинкулянттарды әзірлеуге нақты мүмкіндік береді. Алынған деректер тұрақты ауыл шаруашылығы технологияларын қалыптастыруда жергілікті PGPR штаммдарының маңыздылығын айқындайды. Түйін сөздер: ризобактериялар, PGPR, индол-сірке ұышұылы, фосфат еріту, мырыш солюбилизациясы, антагонистік белсенділік
