Показано: 1 - 1 из 1
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    КҮРІШ САБАНЫ МЕН МҰНАЙ ШЛАМЫН ҚОСЫП ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ ТҮЙІРШІКТЕЛГЕН КӨМІР АДСОРБЕНТІН АЛУ
    (2020-04-15)
    химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Басқарма Төрағасының м.а., https://orcid.org/0000-0001-8765-3386
    ;
    Nurbol Orynbasaruly Appazov
    ;
    ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ, Қазақстан Республикасы, 120014, Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, 29А
    ;
    ЫБЫРАЙ ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ, Қазақстан Республикасы, 120014, Қызылорда қ., Абай даңғылы 25Б.
    ;
    Бұл мақалада белсендірілген көмір алу үшін күріш қалдығымен мұнай қалдығына байланыстырушы карбоксиметилцеллюлозаның әсері зерттелді. Күріш қалдығы (қауызы және сабаны) мен мұнай шламын бірге өңдеу арқылы брикеттелген белсендірілген көмір алу үшін қоспаға карбоксиметилцеллюлоза қосылды. Брикетті карбонизациялау және белсендіру кварцты шыныдан жасалған түтікте ұзындығы 300 мм және диаметрі 60 мм, қыздыру бөлімінің ұзындығы 200 мм болатын BR-12 NFT сериялы жоғары температуралы вакуумдық түтікті пеште жүргізілді. Пешке күріш қалдығы (қауызы мен сабаны), мұнай шламы және карбоксиметилцеллюлоза қосу арқылы алынған брикет орналастырылды. Карбонизация 500ºС температурада, белсендіру 850ºС температурада 2:1 қатынаста су буымен жүргізілді. Күріш қалдығы мен мұнай шламына карбоксиметилцеллюлоза байланыстырғышын қосу қатынастарының өнім қасиетіне әсері зерттелді. Қоспаны бірге өңдеудің оңтайлы қатынасы күріш қауызы:мұнай шламы: карбоксиметилцеллюлоза = 9:1:2 (массалары бойынша) қатынастары табылды. Алынған өнімнің йод бойынша адсорбциялық белсенділігі, су бойынша жалпы кеуектер көлемі, ылғалдың массалық үлесі, метилен көгі бойынша адсорбциялық белсенділігі және үйінділік тығыздығы тәрізді көрсеткіштер зерттелді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша белсендірілген көмірдің құрамындағы карбоксиметилцеллюлоза мөлшері артқан сайын оның собрциялық қасиетінің артатындығы байқалды. Күріш қауызынан алынған белсендірілген көмір жоғары сорбциялық қасиетке ие.Тәжірибелік зерттеулер нәтижесі бойынша 9:1:2 қатынастағы күріш қауызы мен мұнай шламы және карбоксиметилцеллюлозаны қосу арқылы алынған белсендірілген көмір БАУ-А маркасына сәйкес келеді.
    Цитирования (OpenAlex) 1Цитирования (OpenCitations) 1