Загрузка...
Central Asian Journal of Art Studies
ISSN
2414-4177
2520-2162
Издатель
T.K. Zhurgenov Kazakh National Academy of Arts
2 результаты
Показано: 1 - 2 из 2
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БИ АНСАМБЛЬДЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ СЫНИ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ РОЛІЖаһандану процесінде мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының маңыздылығы артып, білім беру бағдарламалары қайта қарастырылуда. Әрбір мамандық бойынша тек өз ісінің шеберлерін ғана дайындап қоймай, олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырып, алған білімдерін тиімді пайдалануға үйрету білім беру бағдарламаларының басты мақсаты болып табылады. Әлеуметтік медианың, жасанды интеллекттің, ақпараттардың қолжетімділігі, кез-келген жағдайда тез және тиімді шешімдерді қабылдап, сыни ойлай алатын, өзгермелі ортаға тез үйренетін, мәселені шешудің оңтайлы жолдарын ұсынатын, сұранысқа ие мамандарды даярлауды талап етеді. Аталған мәселе өнер саласында да мамандарды даярлауда көрініс тапты. Осы орайда авторлар, «Хореография» білім беру бағдарламасы жүзеге асырылатын университеттердегі би ансамбльдерінің студенттердің сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы әсерін талдайды. Зерттеу барысында сыни ойлау дегеніміз не?, Өнердің және студенттік би ұжымдарының сыни ойлауды дамытуға әсері қандай?, 1985 жылдан бері құрылып, еңбек етіп келе жатқан би ұжымдарын қалай дамыту қажет? деген сұрақтардың жауабын табу мақсатында шетелдік, отандық ғалымдардың еңбектері сараланады. М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттерімен docs.google.com сайтында сауалнама жүргізіліп, 106 студент қатысып, жауаптары сараланып, студенттік би ансамбльдерінің жетекшілерінен сұхбаттар алынды. Гарвард университетінің Asian American Dance Troupe (AADT), Harvard Ballet Company би ұжымдарының тәжірибесі талданды. Зерттеу нәтижелерін саралай келе, студенттердің сыни ойлау дағдысын дамытуға бағытталған авторлық ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар, студенттік би ұжымдарын дамытудың бірнеше негізгі бағыттарын қамтитын жүйелі тәсілдер айқындалды. Қорытындылай келе, студенттік би ұжымдарының қатысушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және орындаушылық қабілеттерін ғана дамытуда маңызды роль атқармай сыни ойлау қабілеттерін дамытудың бірден бір жолы екендігіне көз жеткіземіз. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, INTEGRATION OF ARTIFICIAL INTELLIGENCE INTO THE TRAINING PROCESS OF CHOREOGRAPHY SPECIALISTSArtificial intelligence, as a product of human creativity, is widely used in modern society and is deeply penetrating the field of art. In particular, in the domain of dance, AI has become a new tool for choreographers. These changes have led to the need to modernize teaching methods in choreography and to implement innovative approaches aligned with current demands. This study explores the integration of artificial intelligence (AI) technologies into the training process of choreography specialists. The main objective of the research is to develop innovative teaching methods using AI to train professionals in the field of choreography. The study involves the analysis of scholarly works by both foreign and domestic researchers who have studied the application of AI in the arts. Existing AI platforms used in choreographic practice are identified. A model of the "Dance Composition" course curriculum incorporating AI is developed, and the proposed methodology is tested through experimental implementation. The results obtained during the research demonstrate the positive impact of AI technologies on the choreography education system, their contribution to enhancing students’ creative abilities, and their potential to complement traditional teaching methods. Additionally, the study highlights the importance of considering pedagogical ethics and creative autonomy when integrating AI into the educational process. By analyzing international experience and effectively utilizing modern digital solutions, Kazakhstan’s system of choreography training can enhance its competitiveness. This opens the door for future choreographers to become well-rounded professionals capable of adapting to the digital cultural environment. Overall, the research findings show that the effective integration of artificial intelligence into the field of choreography contributes to the modernization of Kazakhstan’s education system, the development of students’ creative competencies, and the preservation of national art in a contemporary and relevant format.
