Показано: 1 - 1 из 1
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    Қазақстан жағдайында әртүрлі ауылшаруашылығы дақылдарында су пайдалану тиімділігін бағалау
    (L. N. Gumilyov Eurasian National University, 2026-06-30)
    Lyailya Akbayeva
    ;
    Раушан Шайхиева
    ;
    Zhumabike Bakeshova
    ;
    Илес Киянбеков
    ;
    Мақалада авторлар Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығында су қорлары тапшылығының күшеюі жағдайында су пайдаланудың экономикалық және физиологиялық тиімділігіне кешенді бағалау жүргізген. Зерттеудің өзектілігі елдің аграрлық секторының суармалы егіншілікке жоғары тәуелділігімен, су қорларының едәуір бөлігінің трансшекаралық сипатымен және өңірлерде суды пайдалану өнімділігінің әлі де төмен деңгейде сақталуымен негізделеді. Жұмыстың мақсаты – Қазақстанның бірқатар облыстарында кейбір ауылшаруашылығы дақылдары үшін су пайдаланудың тиімділігін бағалау және су қорларын ұтымды пайдалануды арттыру бағыттарын айқындау. Зерттеу әдістемесі су пайдалану тиімділігінің көрсеткішін (СПТ) есептеуге негізделген. Бұл көрсеткіш бір текше метр суға шаққанда теңге және АҚШ долларымен көрсетіліп, ауылшаруашылығы өндірісінің құрылымын ескере отырып есептеледі. Талдау нәтижелері су пайдалану тиімділігі көрсеткіштерінің (СПТ) өңіраралық тұрғыда айтарлықтай айырмашылықтарын, сонымен қатар әр түрлі ауылшаруашылығы дақылдары арасындағы СПТ деңгейінің үлкен алшақтығын көрсетті. СПТ –ның ең жоғары мәндері көкөніс дақылдарына, картопқа сонымен қатар, көпжылдық екпелерге тән, әсіресе оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде. Аталған өңірлерде дамыған ирригациялық инфрақұрылым мен ауылшаруашылығы өнімдерінің жоғары нарықтық құны үйлесім табады. Сонымен бірге, дәнді дақылдар пайдаланылған судың бірлігіне шаққанда салыстырмалы түрде төмен экономикалық қайтарым көрсетеді, әсіресе тәлімдік (богарлы) егіншілік басым өңірлерде. Зерттеудің практикалық маңызы алынған нәтижелерді өңірлік ерекшеліктерге негізделген су үнемдеу саясатын әзірлеуде, ауылшаруашылығы өндірісінің құрылымын оңтайландыруда және ТДМ-ның 6.4.1 индикаторына қол жеткізуді мониторингтеуде пайдалануға болатындығында. Тұрақты даму жағдайында экономикалық су қайтарымын арттыруға және су жүктемесін азайтуға бағытталған су қорларын басқарудың сараланған моделіне көшу қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.