Загрузка...
BULLETIN of the L N Gumilyov Eurasian National University Physics Astronomy Series
ISSN
2616-6836
2663-1296
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University
8 результаты
Показано: 1 - 8 из 8
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Өрістегі бөлшектердің периодты соқтығысусыз қозғалыстарының гамильтондық формализміҰсынылып отырған мақалада гравитацияланушы бөлшектердің соқтығысуларсыз қозғалысының жазық, әрі өзара үйлесімді өрістегі гамильтондық формализмі ұсынылған. Жүйенің өрісі тереңдігі мен ұзындығы энергия мен қысым арқылы өрнектелетін потенциалдық шұңқыр деп алынды. Шұңқырдағы бөлшектердің шекараға қарай ығысып, жекелеген концентрантты аймақтар құрайтындығы көрсетілді. Жүйедегі релятивистік емес гравитацияланушы бөлшектердің екі ағынды периодты қозғалысы үзіліссіздік теңдеуі негізінде қарастырылды. Пуассон теңдеуінің көмегімен соқтығыспайтын бөлшектердің концентрациясы гравитациялық потенциалға тура пропорционал болатындығы дәлелденді. Сонымен бірге, бөлшектердің периодтық қозғалысы мен өзара үйлесімді өріс арасындағы екі ағынды статикалық тепе–теңділікті Пуассон теңдеуі бойынша сипаттап беруге болатындығы да көрсетілді. Бөлшектердің өріспен әсерлеулеріне арналған Гамильтон функциясы бірінші интеграл ретінде жүйенің толық қысымы болатындығы сақталу заңы арқылы дәлелденіп, Бернулли күшінің жаңа математикалық тұрғыдағы табиғаты анықталды. Жүйенің күйлеріне қатысты шарттар арқылы санақ басынан өтетін интегралдық қисықтар, ал жүйенің кеңістіктік ауқымы бойынша потенциалдың кеңістіктік үлестірім заңы анықталды. Бөлшектер жылдамдығының, қысым мен концентрацияның жүйе ұзындығы бойынша өзгеру заңдылығы күй параметрінің белгілі бір мәндерінде ғана орындалатындығы дәлелденді. Барлық есептеулердің нәтижелері ықшамдалып берілді.Екі ағынды жүйенің күй параметрінің мәндеріне қарай жүйе өрісінің потенциалды шұңқыр, саңылау пішіндес болатындығы көрсетілді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, DFT исследование гибридной структуры BaTiO3/g-C3N4Аннотация. В последнее десятилетия графитовый нитрид углерода (g-C3N4), являющееся биметаллическим полимерным органическим полупроводником с три-s-триазиновыми звеньями, за счет оптимальных фотокаталитических свойств и уникальных характеристик, такие как подходящая зонная структура, активность поглощения видимого света и высокая химическая и термическая стабильность является перспективной темой для исследований. Однако фотокаталитическая эффективность чистого g-C3N4 из-за высокой скорости рекомбинации фотогенерированных зарядов, недостаточного поглощения света и малой удельной площади поверхности ограничивает его применение в фотокаталитических системах. Комбинация графитового нитрида углерода с перовскитами дает хорошую возможность скорректировать эти недостатки. В данном исследовании рассматривалась теоретическое моделирование гибридной структуры g-C3N4/BaTiO3. Из кубической фазы титаната бария была создана (100) поверхность. Для (100) поверхностей BaTiO3 было выявлено, что более термодинамически выгодным является TiO2-терминированная поверхность. Исследовалось процесс релаксации гибридной структуры. Разработанный интерфейс является термодинамической стабильной, что дает предпосылки для дальнейшего его применения для фотогенерации энергии в различных процессах на основе окислительно-восстановительных реакций. Расчетами выявленная термодинамическую стабильность нанокомпозита BaTiO3/g-C3N4 можно объяснить взаимодействием наночастиц BaTiO3 с g-C3N4 через связь Ti-N, уменьшением ширины запрещенной зоны за счет введения гибридизованных состояний, приводящих к увеличению поглощения в видимом диапазоне, и большой площадью поверхности, которая обеспечивает больше активных центров для эффективного поглощения света. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, УРАННЫҢ ДЕФОРМАЦИЯЛАНҒАН ИЗОТОПТАРЫНЫҢ ЯДРОЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУІНДЕГІ ӘСЕРЛЕСУШІ БОЗОНДАР ҮЛГІСІЯдролық физика саласындағы өзекті әрі күрделі мәселелердің бірі – нуклондар арасындағы әсерлесу процестерін тұтас және толық қамтитын әмбебап теорияның әлі де қалыптаса қоймағандығында. Бұл өзара әрекеттесу құбылыстары айрықша күрделілікпен ерекшеленеді және оларды сипаттау үшін ядролық жүйелердің ішкі құрылымдық параметрлерін, соның ішінде потенциалдық өрістер мен нуклондардың орташаланған қозғалыс заңдылықтарын ескеру қажет. Ядролардың төмен энергия деңгейлеріндегі күй-кешендері, әдетте, белгілі бір модельдік тұжырымдамалар аясында қарастырылады. Мұндай модельдерде нуклондар орташа потенциалдық өрісте қозғалады деп есептеледі, әрі олардың арасындағы өзара әрекет тек қана екі бөлшек арасындағы күштермен шектеледі. Осыған ұқсас аналогияны электрондардың атом ішіндегі қозғалысынан көруге болады, дегенмен, ядролық күштер табиғаты жағынан мүлде өзгеше, яғни күшті және қысқа арақашықтықта әсер ететін сипатқа ие. Ядро құрылымын зерттеудегі ерекше маңызды аспектілердің бірі – ұжымдық қозғалыстар, яғни нуклондардың бірлесе отырып орындайтын үйлесімді тербеліс немесе айналу процестері. Бұл қозғалыстар ядроның ішкі құрылымын сипаттайтын негізгі спектрлік параметрлерге тікелей ықпал етеді. Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл құбылыстарды алғаш болып терең зерттеген О. Бор мен Б. Моттельсон болды. Олар ядроның геометриялық пішінін сипаттайтын модельдер шеңберінде ұжымдық қозғалыстардың физикалық табиғатын түсіндіріп, деформациялық сипаттамалармен байланыстырды. Атап айтқанда, төмен энергия деңгейлерінде байқалатын бұл қозулардың квадрупольдік деформация параметрімен өзара тығыз байланыста екендігі дәлелденді. Осы ғылыми жұмыс аясында біз бозондық модельдерге негізделген және SU(5) симметриясын пайдаланатын теориялық тәсілді қолданамыз. Мақсатымыз — сфероидтық пішінді Рутений элементінің үш түрлі изотопының құрылымын сандық түрде сипаттау. Бұл ретте ядроның энергетикалық деңгейлері мен электромагниттік сәулелену ықтималдығын анықтайтын B(E2) өтпелі ықтималдық параметрі есептеліп, алынған нәтижелерді қолда бар эксперименттік деректермен салыстырамыз. Зерттеу нәтижелері ядролық модельдердің дәлдігін бағалауға және ядролық құрылымдарды сипаттаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ӘР ТҮРЛІ ПІШІНДЕГІ ТОЗАҢДЫ БӨЛШЕКТЕРДІҢ МЕЗОСФЕРА БИІКТІКТЕРІНДЕ ЗАРЯДТАЛУЫН САЛЫСТЫРУ(L. N. Gumilyov Eurasian National University, 2025-12-25) ;Гульнур Шиникулова ;Қарашаш Рүстемова ;Жамиля Мәжит ;Айткүл АлдибековаАннотация. Жұмыста мезосфера биіктіктеріндегі тозаңды бөлшектердің сыртын қоршап тұрған көптеген газдардың ішінен, О, О2, О3, ОН газдарының плазма бөлшектерімен әсерлесуі кезіндегі бөлшектердің пішініне байланысты зарядталу үрдісі қарастырылған. Сфералық бөлшектермен салыстыру мақсатында, цилиндрлік және диск тәрізді бөлшектердің сиымдылықтарын ескере отырып, олардың зарядының электрондық температураға тәуелділігі анықталды. Есептеулер 85 км биіктіктегі ионосфералық плазма үшін, температура 150о К, электрондар мен иондардың концентрациясы 1010 м-3 және иондардың жиілігі 105 с-1 деп жүргізілді. Тозаңдық бөлшектердің зарядталуын модельдеу мақсатында, ОМL теориясы пайдаланылды. Есептеулер нәтижесі бойынша, мезосфералық плазмадағы тозаңды бөлшектерінің пішіні зарядталу шамасына әсер ететіндігін көрсетті: сфералық бөлшектер ең үлкен теріс зарядқа, цилиндрлік бөлшектер - біршама кішірек, ал дискі тәрізді бөлшектер - ең аз зарядқа ие. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Қозғалыс және өріс теңдеулерін энергияның сақталу заңынан шығарып алу туралыАңдатпа. Аналитикалық механикадағы өзімізге белгілі қозғалыс теңдеулері мен электромагниттік өрістер теориясындағы теңдеулер Лагранж функциясына ең аз принципін қолдану арқылы шығарылып алынған. Ал, ұсынылып отырған мақалада Гамильтон және Лагранж теңдеулерін вариациялық принциптерді қолданбай–ақ алуға болатындығы көрсетілген. Жүйенің энергиясын жалпылама координаталар мен жылдамдықтардың функциясы деп алып жалпылама импульстерді анықтайтын теңдеулер қорытылып шығарылды және де жүйенің кез–келген еркіндік дәрежелерінің өзгерістері кезінде энергияның сақталатындығы дәлелденді. Осы жағдайларды пайдалана отырып толыққанды анықталмаған гамильтонианы бар Гамильтон теңдеулері де шығарылып алынғандығын айта кету керек. Импульстердің координаталар мен жылдамдықтарға тәуелділіктерін сипаттайтын қатынастарды табу үшін алдымен жүйенің энергиясына белгілі шама ретінде қарап, осы арқылы Лагранж функциясы табуға болатындығы да көрсетілді. Осы алынған нәтижелердің барлығы да еркіндік дәрежелері бір–біріне мейлінше тәуелсіз болатын фазалық кеңістік үшін орындалатындығын айтып өту қажет. Аналитикалық механика үшін қолданылған осы тәсілдер электродинамикадағы өрістер теориясының теңдеулерін алу үшін де сәтті қолданылды. Дәлірек айтқанда, электромагниттік өрістегі зарядталған бөлшектің энергиясы векторлық өріс потенциалының қолайлы мәндері үшін анықталды. Қолайлы мәндер ретінде бойлық электр өрісі мен бөлшек тұрған жерлерге сәйкес келетін векторлық потенциалдар қарастырылды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Моделирование как метод научного познания физико-химических процессов(L. N. Gumilyov Eurasian National University, 2022-07-05) ;D. Kasenov ;Aisulu U. Abuova ;Талгат Муратович Инербаев ;Fatima U. AbuovaВ статье рассматривается компьютерное моделирование физических явлений и процессов, являющееся наиболее перспективным направлением использования информационных технологий в физическом образовании. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Vertical epicyclic stability and dissipative settling in a weakly deformed q-metric spacetime(L. N. Gumilyov Eurasian National University, 2026-09-30) ;Ayazhan Orazymbet ;Aray Muratkhan ;Aliya TaukenovaWe investigate the motion of massive test particles close to the equatorial plane of a weakly deformed q-metric spacetime. Working to first order in the dimensionless quadrupole parameter q, we derive the orbital angular velocity and the vertical epicyclic frequency for equatorial circular orbits while keeping the physical monopole mass fixed. The Schwarzschild limit is recovered at q = 0, whereas a nonzero quadrupole removes the degeneracy between the vertical and azimuthal frequencies already at O(q). A small phenomenological damping term is then introduced into the linearized vertical equation to describe the gradual approach of a perturbed orbit toward the equatorial plane. In the conservative case, the particle continues to oscillate about this plane without any decrease in amplitude. With damping, the amplitude decays exponentially. The quadrupolar deformation changes the vertical oscillation frequency and, consequently, the number of cycles completed before a specified settling threshold is reached. It does not, however, set the decay timescale, which follows from the adopted damping prescription. Since the coordinate-time damping coefficient is kept fixed in our numerical examples, the trajectories share the same exponential envelope but oscillate at different frequencies. The comparison with the exact q-metric also provides a direct check of the firstorder approximation. Over the sampled domain |q| ≤ 0.1 and 6 ≤ r/M ≤ 20, the relative error in the vertical frequency remains below 0.34%, while the corresponding frequency ratio is reproduced to better than 0.10%. These results show explicitly how the quadrupolar geometry modifies vertical orbital dynamics within a model in which dissipative settling is introduced independently. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Ашық кванттық жүйелердің динамикасын Ли топтары мен алгебралары арқылы зерттеуАңдатпа. Мақалада кванттық жүйелердің күйлерін, үзіліссіздік және симметриялылық қасиеттерін тығыздық матрицасы арқылы сипаттауға арналған теориялық зерттеулер ұсынылған. Операторлар, олардың коммутациялары Ли топтары мен алгебралары арқылы өрнектелді. Тығыздық матрицасына арналған Нейман немесе Лиувилдің кванттық теңдеуін стационар гамильтониан үшін шешу арқылы жүйедегі барлық оқиғалардың себептеріне Ли алгебралары тұрғысынан талдаулар жасалды. Тығыздық матрицасының уақытқа тәуелділігінен бақыланушылар тәуелділігіне өту арқылы бақыланушылардың Гейзенбергтік көріністегі динамикасына арналған және бақыланушылардың Ли алгебрасын өзгертпейтін унитарлы теңдеулерге қол жеткізілді. Линдблад теңдеуін стационарлы супер оператор үшін шешу арқылы қоршаған ортамен әлсіз әсерлесетін ашық кванттық жүйелердің динамикасына жан‒жақты баға берілді. Қоршаған ортамен әсерлесетін кванттық әлемнен классикалық әлемге өту мүмкіндігі Блох шарының сығылуы арқылы көрсетілді. Лидің бір алгебрасынан басқа бір алгебрасына көшу жағдайлары нақтыланды. Линдблад теңдеуі және оның шешімі Гелл‒Манн матрицасы үлгісінде жазылды. Есептеулер кезінде ішкі алгебралардың базистері мен генераторларының арасындағы байланыстар төрт өлшемді жағдайға сәйкестендірілді. Уақыт айнымалысының үлкен мәндері үшін тығыздық матрицасының сығыла алатын аймағының математикалық нұсқасы анықталды.
