Показано: 1 - 1 из 1
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    КҮШТІ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ӨРІСТЕГІ ПЛАЗМАНЫҢ КИНЕТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫНА КОВАРИАНТТЫҚ КӨЗҚАРАС
    Ұсынылып отырған мақалада гипержазықтықтар формализміндегі тепе–теңдік статистикалық механиканың заңдылықтары, гипержазықтықтардағы кванттық–электродинамикалық плазманың гамильтонианы мен күшті электромагниттік өрістегі кинетикалық сипаттамасы коварианттық нұсқада берілді. Зерттеу тәсілі Минковский кеңістігіндегі кеңістік тектес гипержазықтықтарда анықталған тепе–теңсіз статистикалық операторларға арналған релятивистік фон Нейман теңдеуіне, гипержазықтықтардағы жүйенің каноникалық квантталуына және кулондық калибровканың коварианттық үлгісіне негізделген. Гипержазықтықтар формализміндегі кинетикалық теңдеулерді шығарып алу жолдары және орташаланған электромагниттік өріс бойынша корреляциялық функциялар мен тепе–теңсіз статистикалық операторлардың унитарлық уақыт бойынша түрлендірулері көрсетілген. Гипержазықтықтардағы күй векторларына біртексіз Лоренц түрлендіруін қолдану арқылы Шредингер теңдеуінің коварианттық нұсқасы мен аралас кванттық ансамбльге арналған статикалық оператор үшін фон Нейманның релятивистік емес теңдеуі тәрізді теңдеу шығарылып көрсетілді. Бұл теңдеулер және операторларлық қозғалыс теңдеулері Гейзенбергтік және Шредингерлік бейнелерде жазылды. Лежандр түрлендіруі арқылы гипержазықтықтағы кванттық–электродинамикалық плазманың гамильтонианы, өрістік операторларды жазық толқындар бойынша жіктеу арқылы кинетикалық теңдеулер, корреляциялық функцияларға арналған теңдеулер мен фотондық тығыздық матрицасы шығарылып көрсетілді.