Загрузка...
Bulletin of L N Gumilyov Eurasian National University FILOLOGY Series
ISSN
2616-678X
2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University
2 результаты
Показано: 1 - 2 из 2
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФАТИКАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ДЕРЕККӨЗДЕРІ(L. N. Gumilyov Eurasian National University, 2026-09-29) ;G. N. Smagulova ;Г.С. КонырбаеваМақалада қазақ тіліндегі фатикалық коммуникацияның маңызды компоненті ретінде қаратпа сөздердің қызметі кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу барысында қаратпа сөздердің тыңдаушының назарын аударудағы, қарым-қатынасқа тартудағы, тілдік байланысты орнату мен сақтаудағы рөлі, олардың құрылымдық, семантикалық және прагматикалық сипаттары сараланады. Мақалада қаратпа сөздердің тілдік қатынастағы орны мен маңызына, оларды қолданудың нақты прагмалингвистикалық ерекшеліктеріне, сондай-ақ көркем мәтін мен ауызекі сөйлеудегі қызметіне ерекше назар аударылған. Автор қаратпа сөздердің сөз таптары негізінде жасалу жолдарын, олардың мағыналық және эмоциялық реңктеріне қарай түрленуін, сондай-ақ бұл сөздердің фатикалық метакоммуникациядағы мәнін терең зерттейді. Зерттеудің басты мақсаты – қазақ тіліндегі қаратпа сөздердің фатикалық коммуникациядағы прагматикалық қызметін анықтап, оларды жүйелі түрде талдау. Ғылыми маңыздылығы – қаратпа сөздердің құрылымы мен қолданысын фатикалық метакоммуникация тұрғысынан зерттеу арқылы қазақ тіл біліміндегі прагмалингвистика бағытындағы ізденістерді толықтыруында. Практикалық құндылығы – мақалада ұсынылған талдаулар мен сипаттамалар қазақ тілі оқытушыларына, тіл мамандарына, сондай-ақ коммуникация теориясын зерттеушілерге әдістемелік әрі қолданбалы тұрғыдан маңызды мәліметтер ұсынады. Мақалада салыстырмалы-талдау, сипаттамалы, прагмалингвистикалық әдістер қолданылған. Зерттеу міндеттеріне қаратпа сөздердің құрылымдық-семантикалық түрлерін анықтау, көркем және ауызекі дискурстағы қолданыс ерекшеліктерін сипаттау, олардың тыңдаушыға әсер ету тетіктерін көрсету кіреді. Нәтижесінде қаратпа сөздердің қазақ тіліндегі фатикалық коммуникация құралы ретіндегі ғылыми-практикалық мәні айқындалды. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, Балалар теледискурсы: коммуникаторлар тіліндегі орфоэпиялық норма көрінісі(L. N. Gumilyov Eurasian National University, 2024-12-28); ; Zhuparkul AulbekovaМақалада «Balapan» арнасының телебағдарламалары теледискурс ретінде қарастырылды. Теледискурс жайлы зерттеулерге, ғылыми әдебиеттерге шолу жасалды. Зерттеулер жалпы теледидар тіліне байланысты болып келеді, ал телеконтенттердегі балалар дискурсы туралы ізденіс жұмыстарының жоқ екені байқалды. Осыдан келіп, балалар теледискурсын зерттеудің өзектілігі айқын және жоғары деп саналады. Бұл мақалада «Balapan» телеарнасы бағдарламаларындағы балалар теледискурсының орфоэпиялық нормаға сай немесе сай еместігі қарастырылды. Нәтиже Speech Analyzer әдісінің көмегімен айқындалды. Телекоммуникатордың көтеріңкі және төменгі дыбыстау қарқынының сегменттері сурет арқылы көрсетілді. Балалардың сценарий бойынша сөйлеген сөздері ауызша дыбыстау ережелерімен сәйкестігі айқындалды. Лингвистиканың тілді медиаконтенттерде дұрыс қолданудың теориясы мен практикасына орфоэпиялық норманы сақтап сөйлеу бойынша белгілі бір дәрежеде үлес қосады. Қазақ тілінің акустика-артикуляциялық табиғатын сақтау үшін орфоэпиялық норманы ескере отырып, сөйлеуді қалыптастыру қажет. Бұл ұлттық тілдің өміршең болуына көп пайдасын тигізеді. Ұсынылып отырған мақалада қазіргі тіліміздегі сөздердің айтылудағы дыбыс қарқыны, ырғағы және әуезді айтылымы көрсетіліп, өзгерістер суреттер арқылы беріледі. Суреттегі сипаттамалардан қазіргі қазақ сөзінің балалар дискурсындағы айтылымын анық байқауға болады, осы арқылы әрі қарай мақсатты түрде қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтау қажеттігі көрінеді.Цитирования (OpenCitations) 1
