Загрузка...
Bulletin of L N Gumilyov Eurasian National University FILOLOGY Series
ISSN
2616-678X
2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University
1 результаты
Показано: 1 - 1 из 1
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФАТИКАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ДЕРЕККӨЗДЕРІ(L. N. Gumilyov Eurasian National University, 2026-09-29) ;G. N. Smagulova ;Г.С. КонырбаеваМақалада қазақ тіліндегі фатикалық коммуникацияның маңызды компоненті ретінде қаратпа сөздердің қызметі кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу барысында қаратпа сөздердің тыңдаушының назарын аударудағы, қарым-қатынасқа тартудағы, тілдік байланысты орнату мен сақтаудағы рөлі, олардың құрылымдық, семантикалық және прагматикалық сипаттары сараланады. Мақалада қаратпа сөздердің тілдік қатынастағы орны мен маңызына, оларды қолданудың нақты прагмалингвистикалық ерекшеліктеріне, сондай-ақ көркем мәтін мен ауызекі сөйлеудегі қызметіне ерекше назар аударылған. Автор қаратпа сөздердің сөз таптары негізінде жасалу жолдарын, олардың мағыналық және эмоциялық реңктеріне қарай түрленуін, сондай-ақ бұл сөздердің фатикалық метакоммуникациядағы мәнін терең зерттейді. Зерттеудің басты мақсаты – қазақ тіліндегі қаратпа сөздердің фатикалық коммуникациядағы прагматикалық қызметін анықтап, оларды жүйелі түрде талдау. Ғылыми маңыздылығы – қаратпа сөздердің құрылымы мен қолданысын фатикалық метакоммуникация тұрғысынан зерттеу арқылы қазақ тіл біліміндегі прагмалингвистика бағытындағы ізденістерді толықтыруында. Практикалық құндылығы – мақалада ұсынылған талдаулар мен сипаттамалар қазақ тілі оқытушыларына, тіл мамандарына, сондай-ақ коммуникация теориясын зерттеушілерге әдістемелік әрі қолданбалы тұрғыдан маңызды мәліметтер ұсынады. Мақалада салыстырмалы-талдау, сипаттамалы, прагмалингвистикалық әдістер қолданылған. Зерттеу міндеттеріне қаратпа сөздердің құрылымдық-семантикалық түрлерін анықтау, көркем және ауызекі дискурстағы қолданыс ерекшеліктерін сипаттау, олардың тыңдаушыға әсер ету тетіктерін көрсету кіреді. Нәтижесінде қаратпа сөздердің қазақ тіліндегі фатикалық коммуникация құралы ретіндегі ғылыми-практикалық мәні айқындалды.
