Загрузка...
Bulletin of Toraighyrov University Philology series
ISSN
2710-3528
Издатель
Toraighyrov University
1 результаты
Показано: 1 - 1 из 1
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫ ТҰЛҒАСЫН САХНАЛАУДАҒЫ КӨРКЕМДІК-ТАРИХИ ШЫНДЫҚБұл мақалада ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының тұлғасы сомдалған пьесалардағы көркемдік-тарихи шындық мәселесі зерделенеді. Осы орайда Мағжанның өміріне қатысты Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Абақты-ғұмыр», Виктор Шалаевтың «Мағжан соты», Дулат Исабековтің «Жүз жылдық махаббат», Алмас Нүсіптің «Мағжан», Жұмагүл Солтиеваның «Әйел махаббаты» пьесалары зерттеу нысанаға алынды. Алаш зиялысы ретінде Мағжан Жұмабаевтың тұлғасын сахналаудағы тұстары арнайы қарастырылып, әрбір драматургтің өзіндік шеберлік деңгейіне де назар аударылды. Осы туындылардағы басты кейіпкер Мағжанның бейнесі арқылы көрініс тапқан алаш зиялыларының тұлғасы қаншалықты тарихи шындықпен байланысып жатқаны ашып көрсетіледі. «Абақты-ғұмыр» туындысындағы Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов; «Мағжан соты» пьесасындағы Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышпаев, Сәкен Сейфуллин; «Жүз жылдық махаббат» пьесасындағы Сәкен, Бейімбет, Ілияс; «Мағжан» туындысындағы Бернияз Күлеев пен Мұхтар Әуезов есімдерінің ардақталуы негізсіз еместігі талданады. Саяси қуғынға ұшыраған ұлт зиялыларының тағдыры сахналанған кейбір пьесалардағы ортақ ұқсастықтардың болуы да, олардың алынған фактілердің дұрыстығын нақтылап көрсететіндігімен ерекшеленетіні де сөз етілді. Пьесалардағы тарихи тұлғалардың көркемдік шындықпен қабысып жатқандығына баса назар аударылды. Республикалық, аймақтық театр сахналарында толығымен қойылған драмалық қойылымдардың маңызы да қамтылды. Кілтті сөздер: Ұлттық мүдде, зиялылар, алаш идеясы, тұлға, ақын, сахналық қойылым, т.б.
