Показано: 1 - 3 из 3
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ШЕШЕНДІК СӨЗ ҮЛГІЛЕРІ
    (Toraighyrov University, 2024-06-28) ;
    М. Қ. Ахетов
    ;
    Шешендік сөз үлгілері фольклор жанры болуымен қатар ХХ ғасыр қазақ прозасында жазушының көркемдік мақсаттарына сай сәтті қолданылып келді. Мақалада шешендік сөздердің әдебиеттегі алуан сипаттары мен көркемдік қызметі, әсіресе шешендік сөздердің тарихи романдардағы қолданылу көріністері талданады. Мақалада шешендік сөздердің қолданылу ерекшеліктері оның табиғатынан, ұлттық ерекшелігінен туындайтыны тұжырымдалады. Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы», Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан», І. Есенберлиннің «Көшпенділер», С. Сматаевтың «Елім-ай», Ж. Ахмади «Құн» т.б. шығармаларындағы шешендік сөз шиырлары қарастырылады. Сонымен бірге жазушылар әдеби туындаларында би-шешендер мұраларын, олардан қалған қанатты сөздерді, сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді дайын форма күйінде өзгеріссіз қолданатыны да пайымдалады. Қазақ қаламгерлерінің көпшілігінің шығармаларында ұшырасатын мұндай дайын үлгілерді түрлі көркемдік, тарихи, шығармашылық талаптардың үдесінен шығу мақсатында пайдаланады. Тарихи романдарда халық санасына мықтап орныққан, ел аузындағы деректер арқылы көпшілікке кеңінен таныс айтулы қайраткерлердің, хандардың, батырлардың, абыз-ақсақалдардың, би-шешендердің бейнелерін қайта жаңғырту үрдісі жиі ұшырасады. Сол үшін халық жадындағы сюжеттерді, тұлғалармен байланысты оқиға желілерін, тарихи деректерді қаламгерлер жаңа шығарма аясында, соның көркемдік талаптарына сай игереді. Мақалада қаламгерлердің шешендік сөздердің айтылу мақамын, өлшем бірліктерін, сөз ырғағын, ой ағысын шынайы беру үшін кейіпкерлердің нақышына келтіре сөйлеу, ауызекі сөйлеу дәстүрінің ерекшелігін бейнелеу мақсатында саналы түрде қолданатыны тұжырымдалады. Кілт сөздер: шешендік сөздер, тарихи романдар, ауызекі сөйлеу дәстүрі, би-шешендер, ырғақ.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    Р. МҰҚАНОВАНЫҢ «КҮНӘ» ӘҢГІМЕСІНІҢ КӨРКЕМДІК ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ НАРРАТИВТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    (Toraighyrov University, 2026-09-17)
    Ж. А. Исабекова
    ;
    E.S. Seisenbieva
    ;
    Ж. Ж. Аитова
    ;
    Бұл мақалада қазіргі қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының көркемдік табиғаты мен нарративтік ерекшеліктері теориялық және практикалық тұрғыдан кешенді түрде қарастырылады. Әңгіме – әдебиеттегі шағын көлемді, бірақ мазмұны терең прозалық жанр. Ол автордың көркемдік дүниетанымын, өмір шындығына көзқарасын нақты оқиға мен кейіпкер арқылы танытатын форма. Зерттеуде әңгіменің ішкі құрылымын, сюжеттік-композициялық ұйымдасуын, баяндау тәсілдерін (бірінші жақ, үшінші жақ, авторлық баяндау) және кеңістік пен уақыт координаталарын талдау негізгі орын алады. Мақалада баяндау формаларына (нарративтік позицияларға) ерекше назар аударылып, кейіпкердің ішкі әлемін, психологиясын ашуда ішкі монолог, естелік, психологиялық портрет, авторлық ремарка сияқты көркем тәсілдердің қызметі сараланады. Сонымен бірге қазіргі қазақ прозасында жиі кездесетін фрагментарлық құрылым, ретроспективті баяндау, көпфокалды наррация, метанарративтік элементтер, интертекстуалдылық сияқты құбылыстар авторлық стиль мен көркемдік ізденістердің жаңаша сипат алғанын айғақтайды. Нарратология тұрғысынан алғанда, әңгіме жанры – баяндаушы мен баяндалатын оқиғаның арақатынасын, кейіпкердің бейнелену тәсілін, көркем кеңістіктің ұйымдасу ерекшеліктерін көрсету арқылы қазіргі әдебиеттанудың сұраныстарына жауап береді. Осы орайда баяндаушының фокализациясы, хронотоп, ішкі-тысқы көркемдік байланыстар, оқырманмен интерактивті қарым-қатынас орнату элементтері де назардан тыс қалмайды. Мақала нәтижесінде әңгіме жанрының көркемдік болмысы Р. Мұқанованың «Күнә» әңһңгімесі тереңнен ашылып, оның нарратологиялық құрылымы қазіргі әдеби процестегі эволюциялық өзгерістермен сабақтастықта зерделенеді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері мектептегі әдебиет сабағында көркем мәтінді оқытуда, оның құрылымдық-мағыналық қырларын талдауда, оқушылардың әдеби танымын арттыруда әдістемелік негіз бола алады. Бұл мақала әдебиеттанушыларға, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне, көркем шығарманы талдауға ден қойған әдіскерлер мен болашақ зерттеушілерге арналған.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫ ТҰЛҒАСЫН САХНАЛАУДАҒЫ КӨРКЕМДІК-ТАРИХИ ШЫНДЫҚ
    Бұл мақалада ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының тұлғасы сомдалған пьесалардағы көркемдік-тарихи шындық мәселесі зерделенеді. Осы орайда Мағжанның өміріне қатысты Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Абақты-ғұмыр», Виктор Шалаевтың «Мағжан соты», Дулат Исабековтің «Жүз жылдық махаббат», Алмас Нүсіптің «Мағжан», Жұмагүл Солтиеваның «Әйел махаббаты» пьесалары зерттеу нысанаға алынды. Алаш зиялысы ретінде Мағжан Жұмабаевтың тұлғасын сахналаудағы тұстары арнайы қарастырылып, әрбір драматургтің өзіндік шеберлік деңгейіне де назар аударылды. Осы туындылардағы басты кейіпкер Мағжанның бейнесі арқылы көрініс тапқан алаш зиялыларының тұлғасы қаншалықты тарихи шындықпен байланысып жатқаны ашып көрсетіледі. «Абақты-ғұмыр» туындысындағы Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов; «Мағжан соты» пьесасындағы Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышпаев, Сәкен Сейфуллин; «Жүз жылдық махаббат» пьесасындағы Сәкен, Бейімбет, Ілияс; «Мағжан» туындысындағы Бернияз Күлеев пен Мұхтар Әуезов есімдерінің ардақталуы негізсіз еместігі талданады. Саяси қуғынға ұшыраған ұлт зиялыларының тағдыры сахналанған кейбір пьесалардағы ортақ ұқсастықтардың болуы да, олардың алынған фактілердің дұрыстығын нақтылап көрсететіндігімен ерекшеленетіні де сөз етілді. Пьесалардағы тарихи тұлғалардың көркемдік шындықпен қабысып жатқандығына баса назар аударылды. Республикалық, аймақтық театр сахналарында толығымен қойылған драмалық қойылымдардың маңызы да қамтылды. Кілтті сөздер: Ұлттық мүдде, зиялылар, алаш идеясы, тұлға, ақын, сахналық қойылым, т.б.