Показано: 1 - 2 из 2
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    МЕДИАЛИНГВИСТИКАДАҒЫ ОТАНСҮЙГІШТІК ИДЕЯСЫНЫҢ БЕРІЛУІ («BALAPAN» ТЕЛЕАРНАСЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
    (Toraighyrov University, 2024-06-28) ; ; ;
    Бұл мақалада медиалингвистика саласы бойынша «Balapan» телеарнасы бағдарламалары тіліндегі отансүйгіштік құндылықтар туралы айтылады. Соңғы жылдары ұлттық мүдде мәселелері елімізге ортақ мәдени кеңістікте күн тәртібінде тұр. Бұл мәселе отандық медиа саласында түрлі тілдік бірліктермен өрнектеліп жүр. Халқымызды біріктіретін, қоғамға тән құндылықтарды, ортақ мүдделерді қалыптастыруға арналған іс-шаралар еліміздің халқын рухани байытады. Ұлттық құндылықтарды дамыту халықтың ұлттық мүдделері мен құндылықтарын ұстанудан басталады. Бұл үдеріс әр адамның балалық кезеңінен бойына сіңірілуі керек. Қазақ балаларының бойында осындай құндылықтарды дарытатын ең негізгі факторлардың бірі – телеарналардың қазақша мазмұнда болуымен қатар, отансүйгіштік мазмұндағы мәтіндер берілетін бағдарламалар. Әрбір бағдарламаның бала жасына сәйкес қызықты болуымен бірге бағдарламалардағы мәтіндерден отансүйгіштік дискурсы, прагматикасы сезілуі қажет. Осы бағыттағы зерттеу мақаламызда «Balapan» телеарнасындағы бағдарламалардағы отансүйгіштік идеясының дәріптелуі туралы қарастырылады. Медиалингвистикадағы отансүйгіштік идеясының бағдарлама мәтінінің арасына қажетті тілдік бірліктермен кіріктіріле отырып берілуі, оның тілдік қызмет атқаратындығы, бала көрерменге әсер етуі сөз болады. Бұл зерттеудің теориялық және практикалық құндылығының жоғары және зерттеу бағытының жаңа екендігін көрсетеді. Кілт сөздер: «Balapan» телеарнасы, отансүйгіштік, телеарна бағдарламалары, ұлттық құндылықтар, мәтін.
  • Некоторые метрики заблокированы вашими 
    Тип записи:Публикация,
    МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КОРПУС ЖАСАУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
    (Toraighyrov University, 2023-03-31) ; ;
    "Қазақ тілінің мультимедиялық корпусын жасау – көп зерттеуді қажет ететін тың сала. Ауызекі сөйлеу тілі бүгінгі күнге дейін тек мәтінді салыстыру, талдау деңгейінде ғана қарастырылып келді. Мультимедиялық корпус екінші тіл ретінде қазақ тілін меңгертуде өте тиімді құрал бола алады. Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тіл нормасындағы ауытқулар мен сәйкессіздіктерді анықтауда зор үлесін қоса алады. Бұл мақалада мультимедиялық корпус жасау барысында туындайтын проблемалар анықталды. Проблемаларды анықтау – корпус жасау жұмысын жеңілдетіп, алдын ала кедергілерді жеңуге көмегін тигізеді. Ол үшін «Корпус» терминіне қысқаша түсініктеме беріліп, соның ішіндегі «мультимедиялық корпус» анықталды. Қазақ тілінің ұлттық корпусы және шетелдік НКРЯ (Орыс тілінің ұлттық корпусы) құрамына енетін мультимедиялық корпустың (МУРКО) мысалында қысқаша сипаттама жасалды. Осы саланы зерттеген ғалымдардың тұжырымдарына сүйеніп, мультимедиялық корпустардың маңыздылығы және қажеттілігі айқындалды. Сонымен қатар корпусты жасау барысында туындайтын қиындықтар қарастырылды. Олар бірнеше түрге бөлінді. Атап айтқанда, мультимедиялық корпустың репрезентативтілігі, тақырыптарға бөліп тегтеу, корпустың ыңғайлылығы, техникалық безендірілуі, әдеби тілдің нормасының ережелерін сақтау т.б. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің мультимедиялық корпусының теориялық тұжырымдарын жасап, ішкорпустарға бөлуге септігін тигізеді. Кілтті сөздер: корпустық лингвистика, корпус, мультимедия, ішкорпус, мәтін. "