Загрузка...
Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Dergisi
ISSN
2651-5180
2 результаты
Показано: 1 - 2 из 2
- Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ТІЛ БІЛІМІ САЛАСЫНДАҒЫ ЭНАНТИОСЕМИЯ ТҮРЛЕРІ(2024-10-30)Мақалада тіл білімі саласындағы энантиосемия түрлері және зерттелуі қарастырылады. Энантиосемия - қарама-қарсы мағыналардың бір тілдік бірлігінің реңктерінің немесе контекстке байланысты болатын мағыналардың тіркесімі. Лексикалық семантика категориялары жүйесіндегі энантиосемияның орны туралы сұрақ даулы, өйткені лингвистер бұл құбылысты антонимия, омонимия, полисемияның (көп мағыналықтың) бір түрі немесе өзіндік ерекшелігі бар лексикалық-семантикалық категория ретінде қарастыру керек деген ортақ пікірге келді. Функционалдық ерекшеліктеріне қарай, яғни үстейтін не көрсететін мағынасына қарай энантиосемияны екі түрге бөліп қарастыруға болады: заттық (немесе номинативтік); эмоционалды-бағалауыштық қарама-қарсы мағына. Номинативтік энантиосемия сөздердің мағынасының дамуы нәтижесінде пайда болады. Номинативтік лексикалық энантиосемия кезінде алғы шепке әр түрлі заттар, құбылыстар, іс-қимылдарды және т.б. көрсететін мағыналар шығады. Осы тип негізінен етістіктерге тән. Олардың кейбіреуі әр түрлі обьектілерге қатысты қолданылады, соның нәтижесінде қарама-қарсылыққа ие болады. Қазақ тілінің нақты тілдік деректеріне сүйене отырып, номинативтік энантиосемияның өнімсіз, ал эмоционалды бағалауыштық энантиосемияның өнімді екендігіне көз жеткізе аламыз. Қазақ тіліндегі ақылды, керемет, тамаша, дос, сұлу сияқты энантиосемияның жуық арада пайда болғандығын көруімізге болады. Erep олар бастапқы кезде жағымды қолданылатын болса, қазіргі уақытта олар жағымсыз мағынада (ирониялық) қолданылатынын көреміз. Энантиосемиялы сөздердің тағы бір жасалу жолы сөздердің тырнақша ішінде берілуімен сипатталады. Сөздерді қарама-қарсы мағынасы тырнақша ішінде беріледі, ал негізгі мағынасы тырнақшасыз жазылады. Тырнақшамен берілген сөздің астарында ирония жатады. Энантиосемия эвфемияның құралы ретінде де қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар дезинформацияда да энантиосемия құбылысы байқалады. Дезинформация – «шындықты қасақана жалған етіп беру» Кілт сөздер: энантиосемия, қарама-қарсы, мағына, эмоционалды,тырнақша, одағай, заттық, номинативтік, сөздер. - Некоторые метрики заблокированы вашиминастройками согласия
Тип записи:Публикация, ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ ЖӘНЕ СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ(2025-01-24); Мақалада Орта Азияның көрнекті философы, сопылық ақын және ислам уағызшысы Ахмед Ясауидің өмірі және рухани мұралары «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Көңілдің айнасы», «Тариқат әдебі туралы баян» шығармалары мен аңыздары кемелдікке жеткізер қағидалары, діни-сопылық принциптермен қатар оқыту, білім беру, адалдық, ізгілік, жақсылық, жамандық, төзімділік, достық пен сүйіспеншілікті құрметтеу, әділеттілікті насихаттағаны туралы сөз болады. Ахмет Ясауидің ілімі мен мұралары қаншама заман өтсе де, мәнін жоймай келе жатқан қазына. Әсіресе Ясауи бабаның «Диуани хикметі» Алтайдан Анадолыға дейінгі кең-байтақ өлкеде тіршілік ететін түркілер арасына кең тарап, олардың өмір салтының, салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының, құндылықтарының ажырамас бір бөлшегін құрады. Хикметтер мың жылға жуық уақыт бойы көшпелі және отырықшы халықтардың дінін, тілі мен ділін моральдық, этикалық, психологиялық негізде қарастырылуда. Түркістан өңірінен түлеп шыққан сан түрлі ұлыстың бастан кешірген қилы тағдыры Әзірет Сұлтанның өшпес өнегелерімен бірге өрілген. Ұлан-ғайыр тарих жазығына көз салған әр адамның назарына, ең алдымен, елдің өткені мен бүгініне, келешегіне өң берген тау тұлғалар мен олардың өрнекті-ғибратты істері ілінері анық. Тіл, мәдениет, әдебиет, өнер, руханият, тәлім-тәрбие, мемлекет ісі сияқты салаларда Түркі пірінің қолтаңбасы жатыр. Ол ежелгі әдеби, мәдени дәстүрді Құран рухында қайта жаңғыртып, діни-рухани насихаттар шоғырына айналдырды. «Сопылық - адамның рухани, бейбітшілік, жанның тазаруы арқылы Құдайға жақындау мәселелерімен айналысатын ілім. Қожа Ахмет Ясауи сопылықтың төрт кезеңін: сопылық Шейхтегі мурид рөліне мойынсыну; шариғат - Құдайдың өсиеттері мен ислам заңдарының жиынтығы; Құдайды ақылмен емес, жүрекпен білу; және ақиқат – шындықты толық түсіну» ұсынып, уағыздайды.
